Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есімнен өткенді қайталау

12 қаңтар 2013, Сенбі
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы,
Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ысқақова Шәмшінұр Абдулхайқызы

Тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау
Мақсаты: 1.Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін тиянақтау.
2.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. 3. Тіл өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі. Қайталау, бекіту сабағы.
Әдісі: Сұрақ-жауап, түрлі тапсырмалар.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта арқылы қызықты тапсырмалар, мақал-мәтел, сөзжұмбақ т.б.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Математика

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
Амандасу, түгелдеу.
І.Сан есім туралы сұрақтар. (Ұяшықтар арқылы)
С -Сан есім дегеніміз не?
А -Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Н -Қазақта қандай киелі сандар бар?
Е -Қазақ тілінде қанша әріп бар?
С -Сан есімдермен аталатын қандай орындар бар?
І - Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
М- Сан есімнің мағыналық түрлерін ата

ІІ. «Ойлан, ізден тап»
1.Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр.
Барлығы неше адам отыр?
2.Нүкте орнына сан есімді қою.
1. ....ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.(тоқсан)
2......саусақ бірдей емес.(бес)
3......теңгең болғанша, .....досың болсын.(жүз)
4. Білекті .... жығады, білімді.... жығады.(бірді)
5.Қызға ...... үйден тыю.(қырық)
6.Ер жігіттің ..... сөйлегені өлгені.(екі)
7.....ала болса, ауыздағы кетеді(алтау)
.....түгел болса төбедегі келеді.(төртеу)
8. ....рет өлшеп, .... рет кес.(жеті)
9. .....кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.(қырық)
10. ....атасын білген ер, .... жұрттың қамын жер.(жеті)

3. Қызықты сөздер:
Түбір - тү + 1
Кекіл –
Күшік –
Төртпақ –
Дербес –
Балтыр –
Жетік –
Сегізкөз –
Тоғызқұмалақ –
Қонақ -

5.Жұмбақ шешу.
1. Жүз төрт түйме,
Он бір ине ( Есепшот)
2. Елу тісті, екі қолды (Ара)
3. Тоғыз белбеу, қос жібек
Екі мұрын бір шүмек (домбыра)
4. Бір ағашта 12 ұя,
Әр ұяда 30 жұмыртқа (12 ай, 30 күн)
5. 11 түйе, 5 жылқы
2 сиыр, 5 ешкі
2 қоян, 3 түлкі
Таба алмасаң, бол күлкі ( 28)

6. Бес ін
Бес іннің аузында бір ін (қолғап)

ІІІ.“Поэзия минуты” (Абай өлеңдеріне байланысты)

Абайдың “Қыс” өлеңінің бір шумағынан сан есімді табу.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе қар жауып мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Абай қай өлеңінде “5” саны арқылы көп мағына, тағылым, өнеге айтады?
5 асыл істі, 5 дұшпанды жазамыз.
ІУ. Сөзжұмбақ шешу.

У. Қорытындылау
Сан есім
Зат есім ағайынның бірі менмін
Оның санын толығымен білдіремін
Есептік, Реттік, Жинақтық, Бөлшектік,
Топтау, Болжалдық болып бөлінемін.

УІ. Үйге тапсырма
Берілген жас мөлшерлері бойынша әр мүшелді бірінші, екінші деп анықтау керек және сандарды сөзбен жазып келу.
1. ............. - 25 жас (жігіттік шақ)
2. ............. - 61 жас (орта жас)
3. ............. - 73 жас (қарттық)
4. ............. - 37 жас (ақыл тоқтату)
5. ............. - 97 жас (қалжырай)
6. ............. - 109 жас (шөпшек сүю)
7. ............. - 49 жас (орта жас)
8. ............. - 121 жас (немене сүю)
9. ............. - 13 жас (ер жете бастау)
10. ............. - 85 жас (кәрілік)
3 664
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Сан есімнен алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту, талдау түрлерін қайталау; тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, тіл байлығын жетілдіру; Әдемі, көркем жазуға төселдіру.
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құмарова Құралай Тұрғалиқызы
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін тиянақтау;
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез (сын есімнен өткенді қайталау)
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез (сын есімнен өткенді қайталау)
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Аймағанбетова Ильмира Қожайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×