Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

30 қараша 2018, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың сабақтас сөйлем туралы түсініктерін кеңейту, себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарын жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды елдікке баулу, еңбекке, ынтымаққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың сабақтас сөйлемнің түрлерін ажырата алу дағдыларын қалыптастырып, сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын арттыру
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелер, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу, сұрақтар арқылы назарларын сабаққа аудару.
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
3. Салалас құрмалас дегеніміз не?
4. Сабақтас құрмалас дегеніміз не?

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
133 - жаттығу. Берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарларын өздерің ойлап тауып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас жасаңдар.

1. Тыстағы жұмыс біткен кезде,...
2. Үшеуі үйге кірген соң,...
3. Ол үйге қайтып келісімен,...
4. Ботагөз саусағымен нұсқаған дәптердің бетіне Асқар көзін салса,...

ІІІ Білімдерін тексеру кезеңі.
Берілген сөйлемді синтаксистік талдау жасаңдар.
/ Ол үйге қайтып келісімен, кітаптан бас алмады./
1. 1. Хабарлы сөйлем.
1. 2. Құрмалас сөйлем, сабақтас, мезгіл бағыныңқы сабақтас.
1. 3. не істеді? – бас алмады, күрделі, етістікті, жедел өткен шақ тұлғалы - баяндауыш.
Неден бас алмады? – кітаптан, дара, зат есімді, шығыс септік тұлғалы – жанама толықтауыш.
Не істесімен? – қайтып келісімен, күрделі, етістікті, көсемше тұлғалы – баяндауыш.
Кім үйге қайтып келісімен? – ол - дара жіктеу есімдікті – бастауыш.
Ол қайда қайтып келісімен? – үйге - дара, зат есімді, барыс тұлғалы – жанама толықтауыш.
1. 4. Ол қайтып келісімен - етістікті тіркес, байланысу түрі – қиысу, тәсілі – орын тәртібі.
Үйге қайтып келісімен – етістікті, түрі меңгеру, тәсілі – жалғаулықты.

ІҮ Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, мақсатын түсіндіру.

Ү Жаңа сабақты түсіндіру.
Себеп бағыныңқы сабақтас
Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрі.
М: Жұмыстың ең ауыры осында болғандықтан, Ермек мұнда әдейі тіленіп келді.
Сұраулары: Неліктен? Не себепті? Неге? Не деп?
Себеп бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады.
Есімшенің өткен шақ формасына – дықтан, /дық+тан/ деген жұрнақ пен жалғаудың қосылуы арқылы жасалады.
Есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы жасалады.
Көсемшенің – й жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады.
Ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады.
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жүктеу
5 019
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы
Оқушының өзінше ойлау қабілетін дамыту, қорытынды жасауға үйрету, үйренген сөздерін ұтымды пайдаланып, сөйлеуге, өзгенің пікірімен санасуға, бұйыру шартымен емес, дәлелмен сөйлеуге үйрету.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәртібін білу.
Себеп бағыныңқы сабақтас
Себеп бағыныңқы сабақтас
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Нүргүл Қайыржанқызы
Аралас құрмалас сөйлем
Аралас құрмалас сөйлем
Қызылорда қаласы. № 267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнтуарова Ақмарал Амангельдықызы
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Туребаева Гүлмира Құспанқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×