Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолбарыс жүректі Жалаңтөс баһадүр

12 қаңтар 2013, Сенбі
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы,
Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ысқақова Шәмшінұр Абдулхайқызы

Тақырыбы: Жолбарыс жүректі Жалаңтөс баһадүр
Сабақтың мақсаты:
а) Ғасырлар бойы ел тәуелсіздігі жолында күрескен бабаларды ұлықтап, оларға арнап мәңгілік ескерткіш орнату, тарихи-мәдени мұраларымызды қастерлеу екенін ұрпаққа ұғындыру;
б) Жас ұрпақ бойында тәуелсіздіктің ел өмірінен алар орны, Қазақстанның өткені мен бүгініне қысқаша шолу жасап, Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;
Көрнекілікке арналған сөздер:
(Интерактивті тақта арқылы экраннан даналық сөздерді көрсету)
«Рухани әлемі кең, рухы биік ел-қайсар ел. Ондай елді ешкім жеңе алмайды. Рухы сынған, рухани жүдеген елді жеңу де жеңіл»
Ш.Мұртаза.
«Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу, тұтастану тарихы.
Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық»
Н.Назарбаев.

Сабақтың жоспары:
І. Жорықтағы жолбарыс өмірі.
2.Жолбарыс жүректі Жалаңтөс.
3. Тасқа тамыр байлаған,
Күнге тура қараған.
4. Ескерткіштер - елдігімнің белгісі.
5. Сабақты қорытындылау.

Сабақтың барысы:
1-жүргізуші: Жалаңтөс Сейітқұлұлы 1576 жылы Сыр жағасында мекен еткен Кіші жүздің Төртқара аталығынан туған.
Оның тегі Жанарыстан Алшын, одан Әлім, Байұлы, Жетіру. Әлімнің алты ұлының бірі Қарамашақтан Оразкелді, Ораз, Қараш туады. Қараштан Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан - Тоғамыс, Шобан, Сейітқұл дүниеге келген. Сейітқұлдан ел ішінде «Сегіз Сейітқұл» атанған сегіз бала туады, соның бірі - Жалаңтөс.

2-жүргізуші: Самарқан тағына отырып, отыз жыл бойы билік жүргізген, қасиетті Тұран жерін сыртқы жауға бермей, арыстанша арпалысып, жолбарысша жұлқысқан баһадүр есімінде қазақ елі тәуелсіздігінің шежіресі бар.
Тақта отырғаннан атқа мінгені көп апайтөс батыр ел қорыған ерен ерліктері арқылы үрім-бұтағының жүрегіне жол тартқан тұлға.
Баһадүр 1656 жылы дүниеден өткен. Самарқаннан 12 шақырым жердегі Дағбат деп аталатын қыстақта жерленген.

1-жүргізуші: Сыр бойынан Бұхараға таман Бұранты тауына қоныс аударған Жалаңтөстің әкесі Сейітқұл Нұрата өңірінде жасақ құрып, хан сайланған. Баласы Жалаңтөсті бес жасынды Нұратадағы мешітке оқуға берген. Алғыр да зерек бала кішкентайынан батырлар жырын жатқа біліп, хандар туралы жылнамаларды жүрегінен шырақ жағып оқыған. Оған моллалар таң қалған, баланың көзіндегі отқа тіке қарай алмаған. Сол кездегі Жалаңтөстің ныспыны бізге жеткен жоқ. Жалаңтөс - оның жауға тайсалмай қарсы шабатын батырлығына берілген теңеу, халықтың қойған лақап аты.

2-жүргізуші: Он төрт жасында Бұхар ханы Абдолланың жоғары дәрежелі қолбасшылар даярлайтын әскери мектепте оқыған. Осы білім шаңырағында Шыңғыс ханның қолбасылық өнерінен дәріс беретін Иманқұл Жалаңтөстің өзгеше қабілетін көріп, оны хан ордасындағы әртүрлі кеңестерге қатыстыра бастайды. Бұқараның әскери мектебінде оқып, онан әрі Бағдатқа білім алуға жібереді.
Осылайша білім тереңінен сусындаған бала, сонымен қатар соғыс өнерін де жетік меңгереді.

1-жүргізуші: Кейінірек ол жоңғар қонтайшысы Батур жасақтарына қарсы күрестің бірінде кеудесін қалқанмен жаппай, жалаң қылышпен жүздеген жау сарбаздарының шебіне қарсы шапқан батырды осыдан соң бүкіл Бұхара жұрты «Жалаңтөс» деп атап кетті. Сөйтіп оның Жалаңтөс баһадүр аты ғана халық жадында сақталған. Батур қонтайшының елу мыңдық түменін отыз мың қолмен талқандаған Жалаңтөстің бұл тарихи жорығы Самарқан, Бұхара, Ташкент, Түркістан төңірегін ғана қорғаған күрес емес, қазақ сахарасына да қорған болған күрес еді.

2-жүргізуші: Жас Жалаңтөске қамқор болған Иманқұл 1611 жылы Бұхар хандығының тағына отырады. Осы хандықтың нығаюына Жалаңтөс қызыл қанын, қара терін төгіп қызмет етеді. Бірақ таққа мінген Иманқұл халықтық мақсаттан хандық мансұққа көбірек ұрына бастайды. Түркістанға шауып, қазақтарды қырғынға ұшыратады. Осыдан соң Жалаңтөс Иманқұлмен ат құйрығын кесісіп, тіпті оның өзіне қауіп төндіреді. Бірақ баһадүрсіз Қоқанның күні күн болмасын білген Иманқұл Жалаңтөстің алдынан өтіп, кешірім сұрап, тәуелсіз Самарқан аймағын құрып, оған Жалаңтөсті әмір етіп тағайындайды, әскери бас қолбасшылықты да өзіне береді.
3 910
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығы - ұлт тарихы (эссе)
Қазақ хандығы - ұлт тарихы (эссе)
Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі. Сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп, Қазақстан Республикасы деп
Тарих - ғасырлар куәсі (Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай)
Тарих - ғасырлар куәсі (Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай)
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кадисова Акмарал Ержановна
Кім білімді, кім жылдам, кім күшті сайысы (презентация)
Кім білімді, кім жылдам, кім күшті сайысы (презентация)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ысқақова Шәмшінұр Абдулхайқызы Информатика пәні мұғалімі: Каюпова Раушан
XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Елбосынова Майра
Абылайдың хандығы
Абылайдың хандығы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Елбосынова Майра
Кіші жүздің Ресей империясына кіруі
Кіші жүздің Ресей империясына кіруі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Елбосынова Майра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×