Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Асан қайғы Сәбитұлы

08 желтоқсан 2018, Сенбі
Асан қайғы Сәбитұлы.
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры - 15 ғасырдың басы) - мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі Асан Қайғы мазары делінеді.

- Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кедей қоңсысы болған екен. Ханның малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні күздеуге қонар мезгілде, қараша: "Ханның бәйбішесі ханымды шақырып алып, осы құрт пен майдың алдын таттырып кетейік. Сонда бізге қалғаны жұғым болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас" - дейді.

Ханымды үйіне шақырса, қарашаның үйіне кіріп шығуға намыс қылып керіліп, "әне барамын, міне барамын" деп ақыры бармапты. "Құрт, майдың алдын ханымға таттырмай кетпейміз" деп әлгі байғұстар ханымды сарғайып күтіп көп уақыт көшпей отырып қалыпты. Күндердің күнінде ханым келе жатса, ханның кісі алатын бурасы оны қуыпты. Ханым сасқанынан, қараша үйге қойып кетіпті. Сонда шал байғұс айтқан екен:

Шақырса келмес ханымды,
Бура қуып келтірді.
Қалжы - бұлжы дегізбей,
Тура қуып келтірді.
Бастай көр қатын құртыңды,
Сала көр қатын майыңды, -

- депті. Сол айтқандай, үш рет тойыма шақырдым, келмедің. Ақыры қадірсіз, аяқсыз келдің - ау Асаным!

- Рас айтасың, Әз Жәнібегім. Ойың ұрғашыға ауған екен, - дейді Асан - қайғы. - Өз бойымдағы ағат ісіңе ие бола алмаған жан едің. Сондықтан айтып отырсың, сен өзің неге той қылдың, білесің бе? Бірінші рет той қылдың, қарақалпақтың қызы Қарашаш сұлуды алдым деп. Екінші рет той қылдың, Жайық судың бойынан дауыл өтпесе, жан өтпейтін үй салдырдым деп. Оған несіне келейін, - деп Асан жырлап кетті:

- Ай, Жәнібек хан!
Айтпасам білмейсің.
Жайылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып қызып терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай,
Өзеуреп неге сөйлейсің?
Қорған салдың бейнет қып,
Қызметшің жатыр ішіп - жеп.
Он сан ноғай бүлінді,
Мұны неге білмейсің?
Қатын алдың қарадан,
Айрылдың хандық жорадан.
Ел ұстайтын ұл таппас,
Айрылар ата мұрадан.
Мұны неге білмейсің?
Құладың құстың құлы еді,
Тышқан жеп жүні түледі.
Аққу құстың төресі,
Ен жайлап көлде жүр еді.
Аңдысып жүрген көп дұшпан,
Еліңе жау боп келеді.
Құлың кеп сені өлтірер,
Осыны Асан біледі.
Мұны неге білмейсің?
Осыны көрдім түсімде,
Біл десе де білмейсің.
Ей, Жәнібек, ойласаң...
Қилы - қилы заман болмай ма,
Суда жүрген ақ шортан,
Қарағай басын шалмай ма?
Мұны неге білмейсің?
Айтқан тілді алмасаң,
Енді мені көрмейсің! 

Асанқайғының айтқанына басын шұлғығаннан басқа хан дәнеме демепті. Сол жолы екеуі дос болып, жалғыз жетім Жәнәліні сұрап алып қалыпты. Сол Жәнібек хан тұсында Қаратау атырабымен Түркістан төңірегіне жан - жақтан анталаған көз тігушілер көбейеді. Шығыстан монғолдар, батыстан Әбілқайыр тұқымдары Түркістандағы өмірін жүргізіп, сауда-саттықты өркендетпек болады...

Енді бірі "Не жетіспейді, не ғаріп?" деп сұрапты. Сонда қарт абыз:

Бұл заманда не ғаріп?
Ақ қал алы боз ғаріп.
Жақсыларға айтпаған,
Асыл шырын сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қария болар шын ғаріп.
Қадірін жеңге білмесе,
Бойға жеткен қыз ғаріп.
Ел жағалай қонбаса;
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз, үйрегі болмаса,
Айдын шалқар көл ғаріп.
Мүритін тауып алмаса,
Азғын болса пір ғаріп.
Ата жұрты бұқара
Өз қолында болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.
Ғалымды хатим еткендер,
Мақсатына жеткендер,
Жас көрілер отырып,
Алдынан сабақ алмаса,
Қарамаса жүзіне,
Ғалым да болса ол ғаріп, -
Асан қайғы өмірбаяны жүктеу
2 173
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Оқушыларды ХҮ - ХҮІ ғасырлардағы қазақ ақын - жыраулардың шығармашылығы туралы, саз өнері мен музыкалық аспаптармен жан - жақты таныстыра отырып, танымдық түсініктерін қалыптастыру;
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»
Оқушыларға жаңа сабақ туралы толық мағлұмат беру, қазақ халқына жеррұйық іздеген Асан қайғы туралы мәлімет беру, өз ойларын еркін айтуға, өмірмен байланыстыра білуге үйрету, сөздік қорларын молайтып, ой - өрістерін дамыту, өзіндік пікір
Асан қайғы - дала данышпаны
Асан қайғы - дала данышпаны
Табиғат – бүкіл әлем. Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды - адам табиғатының бір бөлігі.
Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Топтық жұмыс арқылы ұлы жыраудың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ұлы жырау өмір сүрген кезеңдегі тарихи - әлеуметтік жағдайды ашу.
Тест тапсырмасы Қазақстан тарихы  7 сынып
Тест тапсырмасы Қазақстан тарихы 7 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Керімбекова Фариза
Асан қайғы
Асан қайғы
Асан қайғы (XV ғасыр) Асан өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, онан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен замана жайын әріден толғаған ірі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×