Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық тағамдар. Сөз тіркестері

14 желтоқсан 2018, Жұма
6 сынып
Сабақ тақырыбы: Ұлттық тағамдар. Сөз тіркестері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, оқушылардың тілін дамыту, тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету, грамматиканы қайталау.
2. Дамытушылық: Қисынды ойлау қабілеттерін, қазақ халқының салт - дәстүрлері арқылы қазақ тілін үйренудің тұрақты қызығушылығын дамыту.
3. Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық тағамдары туралы, олардың пайдасы туралы айтып, үйрету, мәдениеттілікке баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ. Оқыта үйрету ойыны.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: Модульдік технология.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Интерактивті тақта.
2. «Шашу» кәмпиті.
3. Ортақ бағалау парағы.
4. Фишкалар
5. Конкурс тапсырмалары.
Ұжымдастыру формасы: Топтық жұмыс.

Сабақтың барысы:
І. Мұғалімнің сөзі:- Сәлемдесу, (Сәлеметсіңдер ме? Отырыңдар.
ІІ. – Біздің әр өткен сабағымыз қуаныш. Ал қуанышта халқымыз не істеген?... Шашу шашқан.
- Шашу дегеніміз не?.... Ол тілек, береке. Біз де береке тілеп, шашу шашайық. (Шашу шашылады).
Кәмпитті жай ғана жемей, менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
- Бүгін кім кезекші?-...
- Сыныпта кім жоқ?...
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Оқушылар (Сусындар, Тағамдар) болып отырады.
- Ойынның мақсатымен, шартымен таныстыру.
Ендеше бүгінгі «Бақытты сәт» ойынымызды бастайық.

I гейм «Бой сергіту»
Команданың әр мүшесіне карточка беріліп, дайындыққа 1минут уақыт бөлінеді. 1минут уақыттан кейін әрқайсысы жауап беріп, сәйкес фишка алады.
Сусындар командасы
1. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (Шұжық, бесбармақ, қазы, қарта т. т)
2. Шұжық ненің етінен жасалады? (қой, сиыр, түйе, жылқы етінен)
3. Сенің сүйікті тамағың не? (...)
4. Қазақтың басты ұлттық тағамы не? (ет)
5. Қымыз ненің сүті? (биенің сүті)
6. Сүт тағамдарын ата? (шұбат, айран, қымыз)
Тағамдар командасы
1. Айран ненің сүтінен жасалады? (сиыр сүтінен)
2. Қазы, қарта, жая ненің еті? (жылқы еті)
3. Бесбармаққа ненің етін салады? (жылқы, сиыр, қой, түйе етін)
4. Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар? (жылқының еті қатпайды, майы тоңазымайды)
5. Құрт неден жасалады? (сүттен)
6. Сенің сүйікті тағамың не? (...)

II гейм «Шашылған бауырсақтар»
Тапсырмалар жазылған карточкалар: (олар шариктарға жапсырылған, шариктар бір табақта)
Мәтінен (1 - тапсырма) төмендегі сызба бойынша сөз тіркестерін теріп жазындар, оларды аударындар.
Зат есім+етістік
Сан есім+зат есім
Сан есім+сан есім
1. Мына сөйлемді аудар:
Из мясо конины готовят казы, карта, жал. (Жылқының етінен қазы, қарта, жал дайындайды)
2. Баяндауыш қандай сұраққа жауап береді?(баяндауыш кім? не? деген сұраққа жауап береді)
3. Мына сөйлемді аудар:
Творог, курт, масло молочные блюда. (Сүт тағамдары - ірімшік, сүт, құрт, май.)
4. Мақал - мәтелдің аудармасын дұрыс айт:
Когда в семье лад, все вкусно подряд. (Тату үйдің тамағы тәтті)
5. Мақал - мәтелді аяқта:
Ат - адамның қанаты,
(Ас - адамның қуаты)
6. Сөйлем мүшелерін ата:
(Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)
7. Бастауыш, баяндауыш қандай сөйлем мүшелері? (тұрлаулы)
8. Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қандай сөйлем мүшелері?
(тұрлаусыз)
9. Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі бар. Оларды ата? (ет, сүт, нан тағамдары)
10. Мына сөздерді аудар:
еда, пища - (дәм)
не попробовав - (ауыз тимей)
гость -(қонақ)
гостеприимство - (қонақжайлылық)
11. Қазақ тілінде неше шақ бар? Оларды ата: (өткен шақ, келер шақ, осы шақ)
12. Мына сөйлемді аудар:
В Казахстане есть санаторий где лечат кумысом. (Қазақстанда қымызбен емдейтін санаторий бар).
III гейм Фонетика әлемінде
Мұнда мұғалім тақтаға әр командаға екі сөйлем жазады. Сөйлемдерде дауысты, дауыссыз дыбыстар түсіріліп жазылады
Сусындар командасы
1) Қаза... та ұлт... ық та... амдар ал... ан түрлі.
2) Дастар... андағы д... м, та... амнан а... ыз тимей кетуге болмайды.
Тағамдар командасы
1) Тамақ ішуге шақыр... анда, тама... ты к... п күтт... руге болмайды.
2) Қазақта дастар... аннан, д... мнен үлкен н... рсе жоқ.
IV гейм «Сен маған, мен саған»
Үй тапсырмасы. Үйден ас туралы 3 мақал жаттап келу. Сол мақалдарды бір - біріне айтып, аудармасын тыңдайды, және бір - біріне сыйлайды)

V гейм « Не дәмді?» ой толғауы
ІV. Үй жұмысы: Диалог құру «Қазақтың ұлттық тағамдары»

Қорытынды.

Рефлексия:
Сонымен сабақты қортындылайық:
- Ет тағамдарын атаңдар?
- Сүт тағамдарын атаңдар?
- Нан тағамдарын атаңдар?
- Жылқы, сиыр, түйе не береді?
- Шұжық неден жасалады?
- Ұлттық тағамдарды ата?
Бағалау парағы бойынша топ жиналған фишкалар бойынша өз тобын бағалайды.
6 508
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіл дамыту. Ұлттық тағам түрлері
Тіл дамыту. Ұлттық тағам түрлері
Қазақ халқының ұлттық тағам түрлері жөнінде мағлұмат беру. Оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру. Зат есімнің септіктерін, етістіктің шақтарын қайталау. Қазақ халқының дастарқанын, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге баулу.
Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Қазақ халқының тағамдары туралы білімдерін бақылау, білім деңгейін тексеру; Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдануға, ойлау еңбегіне, өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге, қорытынды жасай білуге
Ұлттық тағамдар. Сөйлем мүшелері
Ұлттық тағамдар. Сөйлем мүшелері
СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Ұлыттық тағамдар
Ұлыттық тағамдар
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ергебекова Гүлшария Өмірзаққызы
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Жітіқара қаласы, №12 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ерсарина Ләззат Евсейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×