Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер

25 желтоқсан 2018, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, өзара көмекке үйрету, табиғатты қорғауға баулу.
Білімділік: сөз тіркесі мен күрделі сөздердің және тұрақты тіркестердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын білу.
Дамытушылық: байқау, ойлау қабілеттерін жетілдіру, өздігінен іздену дағдыларын қалыптастыру,
салыстырып отырылған тілдік тұлғалардың ортақ белгілері мен өзіндік айырмашылықтары жайында ой
қорытындысын жасай алу қабілетін дамыту, ойларын дұрыс, жүйелі жеткізуге баулу, шығармашылық
белсенділіктерінің артуына жағдай жасау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: салыстыру, байқау, зерттеу, талдау, сұрақ - жауап, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, слайдтар.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру. Амандасу, түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ Жаңа сабақ.
Сабақта қолданылған технология – Б. С. Блумның таксономиясы.
Анықта, айыра біл: Төмендегі мысалдардан тек сөз тіркестерін теріп жазыңыз.
Екі езуі құлағына жетті, қос нүкте, адал дос, Арал теңізі, қолы ашық, үйіне әкетті, жүгіріп бара жатыр, білімнің шыңы, жетіқарақшы, ақбөкен.

Еске түсір:
1 - блок.
Сөз тіркесі дегеніміз не?
Сөз тіркесін грамматиканың қай саласы зерттейді?
Сөз тіркесіне қандай белгілер тән?
Басыңқы сыңар дегеніміз не?
Бағыныңқы сыңар дегеніміз не?
2 - блок.
Күрделі сөз дегеніміз не?
Күрделі сөздердің қандай түрлері бар?
Күрделі сөздер қандай тәсіл арқылы жасалады?
3 - блок.
Тұрақты тіркес дегеніміз не?
Тұрақты тіркестерді тіл білімінің қандай саласы зерттейді?
Тұрақты тіркестер сөйлем мүшесі қызметін атқара ма?

Айналдыр: Төмендегі есімді тіркестердің басыңқы сыңарларын пайдаланып, оларды етістікті тіркестердің бағыныңқы сыңарына айналдыр.
Менің отбасым, берік достық, көне қала, суық жел, бес кітап, оның екеуі, жайнаған бақ.
/Тапсырма жазбаша түрде тақтада орындалады./
Басқа түрде жазу: Төмендегі тұрақты тіркестерді мағынасы жағынан жақын сөздермен ауыстыр. /Жазбаша, дәптерде/
1. Ауладағы дәу төбетті көрген Асанның екі көзі шарасынан шықты. /қорқу/
2. Жиналысқа келген адамдар көп болғаны соншалық – мәжіліс залында ине шаншар жер жоқ болды. /тығыз, толық/
3. Бөлменің іші көзді ашып - жұмғанша құлаққа ұрған танадай бола қалды. /тез, тыныш/
4. Жұмған аузын ашпаған Темірлан іштей бармағын тістеп отыр. /үндемеу, өкіну/
5. Ақырында Дарын Азатты күтпеген жерден мұзға отырғызып кетті. /алдау/
2 901
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру, олардың өзіне тән ерекшелігін түсіндіру, тіліміздегі басқа тіркестерден ажырата білу;
Сөз тіркесі туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)
Сөз тіркесі туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)
Сөйлем ішінде танылады, өйткені сөздердің байланысы сөйлем ішінде анықталады. Кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Қызылорда қаласы, "Казрис" негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсем Пірімова
Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер
ОҚО, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Тұрақты сөз тіркесі
Тұрақты сөз тіркесі
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×