Білімділер поралы

Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер

Қазақ тілі 7 сынып
Сабақ тақырыбы: Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Жалпы мақсат:
1. Білімділік. Тұрақты тіркестер туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру, олардың өзіне тән ерекшелігін түсіндіру, тіліміздегі басқа тіркестерден ажырата білу;
2. Дамытушылық. Қиялын, тіл байлығын, тіл мәдениетін дамыту.
3. Тәрбиелік. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, белсенділікке баулу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
7 - сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: Әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып,
оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.

Қызығушылықты ояту
«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.
Жаңа тақырып 3. Жаңа сабақ.
А) Слайд арқылы берілген сөздердің мағынасын ашыңдар.
Алтын асықтай
Құлақ асты
Жұлдызы жанды

Талдау сұрақтары: - Сөздер қалай тіркескен?
- Сөздердің орнын ауыстырып айтып көр. Не аңғаруға болады?
- Әрбір берілген тіркестің мағынасын ашып көріңдер.
Тұжырымдау. Оқушыларға тұрақты тіркес туралы ережені өздеріне тұжырымдату. Демек, тұрақты тіркестер дегеніміз – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркесі.

Өзіндік белгілері қандай?
1. Тұрақты тіркеске тән мағына құрамындағы сөздердің жеке мағынасына сәйкес келе бермейді. Мысалы: жүрек жұтқан, тақиясына тар келу.
2. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орны тұрақты. Тепсе темір үзетін (темірді тепсе үзетін деуге келмейді немесе тепсе болат үзетін емес).
3. Тұрақты тіркестердің де синонимі не антонимі болады. Мысалы: кірпігі айқаспады - көз ілмеді. Ит өлген жер - таяқ тастам жер
4. Олар сөйлемде бір ғана мүшенің қызметін атқарады, ойды әсерлі жеткізеді. Мысалы, Айдар өзінен кішілерге қол ұшын беруді әдетке айналдырды. Осындағы қол ұшын беруді нені? деген сұраққа жауап беріп, толықтауыш қызметін атқарып тұр.
Балалар, тұрақты тіркестер орыс тілінде де кездеседі екен. Тақтаға назар аударып, салыстырайық.

Тұрақты тіркесті тіліміздегі басқа тіркестерден қалай ажыратуға болады? Ол үшін кестеге назар аударайық.

Синтаксистік тіркес
● Сөз тіркесі

Есімді сөз тіркесі → Сан есім, Сын есім, Есімдік

● Күрделі тіркес → Бір ұғымды ғана білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады

Зат есім, сан есім, сын есім, есімдік, негізгі сөз, көмекші сөз

● Тұрақты тіркес → Бір ұғымды ғана білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады

Тұрақты, бір - біріне сұрақ қоюға болмайды

Оқулықпен жұмыс.
Мұғалім: Көдекова А.
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 161
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 160
Роботтар: 3
Бірлік
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика