Білімділер поралы

Сөз таптары

Қазақ тілі
Сабақтың атауы: Сөз таптары
Мақсаты:
Күтілетін нәтиже
Сабақтың мақсаты: Сөз таптары туралы білім - білік дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын ортаға салу талқылауға үйрету. Танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Бірінің сөзін бірі зер салып тыңдауға жауапкершілікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сызбалар, карточкалар
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, топтау, ой қозғау бес жолды өлең стратегиясы

Психологиялық ахуал
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Топқа бөлу: 4 - топқа - зат есім, сын есім, сан есім, етістік
Психологиялық дайындық
Күлім қағып қолымызды қошеметпен соғайық,
Қатар тұрған көршімізге қолымызды бұлғайық.
Жылы шырай жүзбенен, мейірімді көзбенен,
Бүгінгі күнге баршамызға сәттілікті тілейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 5 - жаттығу оқу, тексеру.
ІІІ. Өткенді қайталау
- Балалар қазір бізде қандай мезгіл? (Қыс)
- Қыста қандай ойындар ойналады? (Балалар жауап береді)
- Балалар біз білеміз ба, қазір біздің еліміз Қазақстанда қысқы Универсиада ойындары болып жатыр.
Универсиада шығу тарихы туралы қысқаша мәлімет беру.
Ендеше, әр тапсырманы орындай отырып, біз Универсиадада болатын спорттық ойын түрлерімен танысамыз.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалса, оны қандай сөз дейміз?
2. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлімін не дейміз?
3. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не деп атайды?
4. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ата
5. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз қалай аталады?
Биатлон ойыны туралы мәлімет береді.

ІV. Жаңа сабақ
Келесі ойынның қандай түрі екенін білу үшін, сұрақтарға жауап беру керек
Допқа қатысты сөздер айту.
Зат есім Бұл не? доп
Сын есім доптың түсі, пішіні қандай?
Сан есім доп нешеу?
Етістік доппен не істейді?
Шаңғы спорты туралы мәлімет шығады
2 - жаттығу
Зат есім ережесін айту
Сын есім ережесін айту
Сан есім ережесін айту
Етістік ережесін айтады
Керлинг ойыны туралы мәлімет
3 - жаттығу
Тақтада плакат ілініп тұрады. Әр топтан оқушылар шығып сөздерді оқып оларға сұрақтар қойып кестеге орналастырады.
Коньки спорты туралы мәлімет шығады
Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

4 – жаттығу. Сөздерді оқы. Қайсысы заттың атын, қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта.
Қайық, бала, бақа, доп, құс, ұшақ, ағаш, балақай.
Жүзеді, секіреді, ұшады, өседі, жүреді.
Қайық жүзеді. Бала өседі. Бақа секіреді. Доп секіреді. Ұшақ ұшады. Ағаш өседі. Балақай жүреді.

Орындап болсақ, скоуборт ойыны туралы мәлімет алу

Жаңылтпашты оқып, жатқа айт.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?
Фристайл ойыны туралы мәлімет
Шығармашылық тапсырма
1. Жалғасын табу
2. Сурет бойынша сипаттайды
3. Ойлан тап
4. Бес жолды өлең
Шорт - трек ойыны туралы мәлімет

Ойын
«Т»дыбысынан келетін әр топ зат есім, сын есім, сан есім, етістік жазады.
Шайбалы хоккей ойыны туралы мәлімет

Сәйкестендіру
Зат есім тәтті, ащы, әдемі
Сын есім парта, қалам, шар
Сан есім алты, жетпіс, сексен
Етістік жүгірді, секірді, ойнады.
Зат есім он бірі, үш, алпыс
Сан есім кітап, тақта, бор.
Шаңғымен тұғырдан секіру туралы мәлімет
Мұғалім: Шукурова А.
Сөз таптары жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 151
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 149
Роботтар: 3
sholpan Бірлік
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика