Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ж. Аймауытов Қартқожа романы

30 желтоқсан 2018, Жексенбі
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
Тақырыбы: Ж. Аймауытов «Қартқожа»
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыландыру.
Басталуы Білу: «Қайталау - оқу анасы»
Ж. Аймауытов кім?
Автордың қандай көлемді шығармалары бар?
Жазушы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Ең алғаш өлеңін 13 жасында жазады. 1914 жылы Павлодар қаласындағы орысша - қазақша екі класты мектепті бітіріп, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды. 1913 жылы "Қазақ" газетінде алғашқы мақаласы басылады. Алғаш Абайға еліктеп қолына қалам алады. Семинарияны бітірген соң Оқу комиссариатының мүшесі, "Қазақ тілі", "Ақ жол" газеттерінде әдеби қызметкер, Шымкент педагогика техникумында директор болып істейді. 1929 жылы репрессияның алғашқы зобалаңына ілігіп, 1931 жылы атылады. Ол аз ғана шығармашылық ғұмырында педагогика, психология, методика, тәрбие туралы зерттеулер жазды, әдеби сын саласына араласты, "Қартқожа", "Ақбілек", "Күнікейдің жазығы" романдары мен повестері, таза драма шарттарына сай сан алуан пьесалары, әңгімелері - қазақ әдебиетінде артында қалған мол мұрасы. Қазақ әдебиетінде реалистік роман принциптерін, таза көркем проза тәсілдерін алғаш меңгерген жазушы - Жүсіпбек Аймауытов.

Түсіну: Ж. Аймауытовтың “Қартқожа ”романы тұңғыш рет 1926 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шықты. Бұл – қазақ кедейінің өмірін, оның әлеуметтік арпалыстар кезеңіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелеуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы елеулі шығармасы. Онда қазақ ауылының революция алдындағы және әлеуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күрестен кейінгі жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленеді. Әсіресе жазушы осы тартыстар талқысында қазақ кедейінің қоғамдық теңсіздік сырларын түсінуге жетіп, әлеуметтік әділетсіздіктің себептеріне ой жіберуін нанымды суреттейді. Шығарманың негізгі кейіпкерін де Жүсіпбек осы тұрғыдан көрсетеді. Бұл автордың таптық позициясының өткірлігін және ұстамдылығын танытады. Шығарма тарихтың осындай бір кезеңді, шытырман оқиғаларға толы тұстарындағы қазақ ауылының өмірінің жалпы шындығын жұмсартпай, шынайы, кең тұрғыда суреттей алуымен де бағалы. 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917 жылы ақпан көтерілісіне ұласуы, қазақтардың ел ішіндегі әлеуметтік күрестерге араласуы “Алашорданың ’’құрылуы мен ақ әскерлерінің большевиктерге қарсы күресі, Қазан төңкерісі мен азамат соғысының жеңісті оқиғалары роман сюжетіне желі боп кіреді. Шығарма қаһарманы Қартқожа да, оның елі, жұрты да осы оқиғалар фонындағы тартыста есейіп, есін жинап, ілгері басады, болашаққа қарайды.

Ортасы
Қолдану: 1 - бөлім. Шығарма тақырыбы: Әлеуметтік теңсіздік, білімге ұмтылу.
2 - бөлім. Шығарма идеясы: Революция тұсындағы қазақ қоғамының шындығын бас кейіпкердің өмір жолы арқылы жан – жақты бейнелеген.
3 - бөлім. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер: Қартқожа, Жұман, Қартқожаның әжесі, Дәрмен, Андрей, Қасен, Полидуб.
4 - бөлім. Шығармадағы қосалкы кейіпкерлер: Тұңғышбай, жеңгесі, Кенжеқара, Шідербай, шәкірт, болыс, Имақан, Бәтіш, Гүлсім, қарындас, өшетіл, Бабатай.
5 - бөлім. Шығарма жазылған әдеби бағыт: сыншыл реализм; жанры – проза.
6 – бөлім. Бас кейіпкер бейнесін мәтіннен табу.
”Сол кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта – астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос - қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып. Бір бала отыратын еді. Жасы 10 - 11 шамасы болар ма екен, қалай... Екі жеңі сауыс, бетінің бір жағы сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайды. Сол баланың қақ соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, козі бажырайып аузын ашып, мұрны қоңқиып отырганы Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді. Құдай оңдап, аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа...”
7 - бөлім. Шығармадағы монологті тапкызу.
“ Қартқожа қазағын, елін сүйеді. Байын, жауызын емес, бұқарасын, кедейін, жалшысын, жерін, суын сүйеді. Қазақ пен орыс төбелесіп жатса, орыстікі зорлық деп ұққысы келеді. Бірақ орыстан көрген жақсылығын ұмытпайды, орысты да бауыр тұтқысы келеді. Андрей, Полидубтерге қазақтың неше Жайдарқандарын құрбан қылғысы келеді. Қазақ та орыс та Андрейдің, менің көргенімді көрсе, көзі ашылса, менің жүрегімдей бауырмал жүректері болса, зорлық, қиянат, теңсіздік жоғалар еді – ау деп, бір мезет ойлайды. ”
- Монолог қандай жағдайда айтылған?
8 - бөлім. Шығармада суреттелетін салт – дәстүр.
Підиеге отыру (өлген адамның күнәсін мойнына көтеру), әмеңгерлік салты, тұрмыс - салт суреттері, күрес, ән салу.
9 - бөлім. Шығармадағы нақыл сөздер.
“Іздесең, табасың”
10 – бөлім. Шығармадағы көркемдегіш тәсілдер.
“Үй іші” бөлімі бойынша:
Эпитет - аз, нашар атаның тұқымы, момын адам, қоңыр адам, біртоға жан.
Метафора (ауыстыру) – төрт - бес қарасын, алданышы, азбеніші - ораза ашары; қуаты, қуанышы - үш – төрт қарғасы;
Тұрақты сөз тіркесі - құтты жеріне қондырды; тұңғышының аяғын шырмады;
Синекдоха (арақатынасын ашу)- әр ауылдың, әр үйдің бір қазан бұзары, бір биі.
Ирония (кекесін) – осы байғұстың.
Егіздеу( параллелизм)- здеу барға қанағат, жоққа сабыр ететін бір бейуаз.
Синоним сөздер - жабықса, тарықса; жыртық - тесігін; аман - есенінде; момын, біртоға; қарағым, шырағым; ұрыс - жанжал;
Антоним сөздер - жазы - қысы:
Көнерген сөздер: болыс, ауылнай, молда.

Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп
Мұғалімнің есімі: Ерманова Фариза
Ж. Аймауытов Қартқожа романы жүктеу
4 489
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ж. Аймауытов Қартқожа
Ж. Аймауытов Қартқожа
Көркем шығарманы талдай білуге төселеді, сын тұрғысынан ойлап, өз пікірін қорғауға дағдыланады. Шығарманың көркемдік ерекшеліктерін сипаттай алады.
Жүсіпбек Аймауытов өлеңдері, өмірбаяны
Жүсіпбек Аймауытов өлеңдері, өмірбаяны
Жүсіпбек Аймауытов (1889 — 1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Торғай. Жүсіпбек Аймауытов
Торғай. Жүсіпбек Аймауытов
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тлепова Салтан Жаманкуловна
Жүсіпбек Аймауытов
Жүсіпбек Аймауытов
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, [/b] Бәйтерек ауылы, Әл - Фараби атындағы орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынтаева Рауан Жайлаубекқызы
Жүсіпбек Аймауытов  «Әнші»
Жүсіпбек Аймауытов «Әнші»
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мойылды ауылы, Горячкин негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хамзина Армангүл Серікқызы
Жүсіпбек Аймауытов
Жүсіпбек Аймауытов
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×