Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атадан қалған асыл сөз

04 қаңтар 2019, Жұма
Тақырыбы: Атадан қалған асыл сөз.
Мақсаты: Қазақ даласында өмір сүрген, от ауызды орақ тілді шешендер сөздерінің мәнін оқушыларға түсіндіру және асыл сөздермен таныстыра отырып, сөз қадірін түсінуге, үлкеннің ақылын тыңдау парыз екенін ұғындыру.
Мұғалім. Балалар, әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт – дәстүрі, діні, ұлттық тіл ерекшеліктері болатынын сендер білесіңдер. Біздің де ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады. Сондықтан тілді құрметтеу парызымыз. Біз көптеген билердің шешендік сөздерін, ақын – жазушылардың өлең – жырларын білім туралы, тіл туралы мақал – мәтелдерін білеміз. Қане, соларды еске түсірейік.
– Балалар, ана тілі сабағында білім туралы, тіл туралы қандай мақал – мәтелдер жаттадыңдар? (Балалар мақал – мәтелдер айтады).
1. Тіл тас жарады, Тас жармаса бас жарады.
2. Ана тіліңді ұмытқаның,
Өз тіліңді құртқаның.
3. Өнер алды – қызыл тіл.
4. Тіл – көңілдің кілті.
5. білім – таусылмайтын байлық.
6. Алтын алма, білім ал.
7. Адамды білім сақтайды.
Балалар, біздің халқымыздың ең құрметті өнері – сөз өнері. Соның бірі – шешендік сөздер мен өнегелі сөздер.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге шешендік сөздерге байланысты сұрақтар қоямын, соған жауап беріңдер. Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не?
1 – оқушы. Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім. Судан терең дегенім – оқу, ғылым.
Оттан ыстық дегенім – адамдардың өмірі.
Көктен биік дегенім - тәкаппардың көңілі.
Мұғалім: Дүниеде не жетім?
2 – оқушы.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмас, ел жетім,
Ұқпасқа айтылған сөз жетім.
Мұғалім: Дүниеде не қымбат?
3 – оқушы.
– Адам қымбат. – Адамға не қымбат?
– Бала қымбат. – Жансызда не қымбат?
– Гауһар қымбат.
Мұғалім: Ана тілінен оқыған, танысқан қандай атақты билерді білесіңдер?
4 – оқушы. Қаз дауысты Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би.
5 – оқушы.
Қаз дауысты Қазыбек би.
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен арың қымбат.
6 – оқушы. Әйтеке би.
Бай болсаң, халқыңа пайдаң,
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.
7 – оқушы. Төле би.
Арғымақтың құйрығы
Сатса жібек, кессе қыл.
Жақсы жігіт белгісі
Түзде мырза, үйде құл.
Төле бидің алғашқы төрелігі туралы көрініс.
О, би аға 13 - те отау иесі емес пе?
Кінәлімін бе келіп қалсам 15 – ке.
Сөз сөйледім бұйыра көрмеңіз айыпқа.
Ала көз болу ағайын адамға лайық па?
О, игі асқар тауымыз,
Әділ ме осы дауымыз?
Жер астында тұрғанда
Жасырынып жауымыз.

Мұғалім. Міне, балалар, осы көріністе аға би жасы үлкен болса да, Төле бидің тапқыр, ойшыл шешендігін мойындап, билікті Төлеге беріп, соның шешіміне бәрі риза болып келісіпті. Міне, біз бұдан халқымыздың аталы сөзді құрметтеп, кішінің үлкенге, үлкендердің кішіге ізетін, құрметін сеземіз. Біз тәрбие алатын шешендік асыл сөздер көп. Келешекте де үлкен аталарың, әжелеріңді сыйлап, ол кісілердің айтқан өсиеттерін естеріңе сақтаңдар. "Аста тұз, адамда дос тәтті" ендеше асымыз дәмді боп, достығымыз жарассын деп кешімізді аяқтаймыз.
Атадан қалған асыл сөз жүктеу
6 462
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіл туралы мақал – мәтелдер
Тіл туралы мақал – мәтелдер
Тіл – тас жарады, тас жармаса да бас жарады.
Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Ата - бабамыздан асыл мұра болып қалған тілімізді, салт - дәстүрімізді, асыл сөздерді өскелең жас ұрпаққа мирас ету, дәстүр сабақтастығын ұғындыру.
Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Оқушыларға ата - бабамыздан қалған асыл мұралардың бірі – шешендік сөздердің құдіретін таныту, Қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мұра ретінде жеткен асыл сөздерінің мағынасын ашу.
Ана тілі – білімнің кілті
Ана тілі – білімнің кілті
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Ақдидар Рашитқызы
Тілдің мерейі – елдің мерейі
Тілдің мерейі – елдің мерейі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылы Т.Амандосов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нургул Жалгасова Кулмановна
Ана тіліңді құрметте
Ана тіліңді құрметте
Жезқазған қаласы №10 орта мектеп Наурызбева Айнур Муханбедияровна Ана тіліңді құрметте Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×