Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Осы шақ, нақ осы шақ

06 қаңтар 2019, Жексенбі
Сабақ тақырыбы: Осы шақ, нақ осы шақ
Жалпы мақсат: 1. Білімділік: Оқушыларға осы шақ етістік жайлы түсінік беру
2. Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, өз ойын еркін жеткізе білу, шығармашылық қабілетін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
7 - сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: Әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып,
оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер, оқытуда АКТ - ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Оқушылар назарын сабаққа аудару, қызығушылықтарын ояту, психологиялық ахуал орнату, деңгейлік тапсырмалар беру.
Қызығушылықты ояту
«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Жаңа тақырып
Осы шақ нақ осы шақ етістіктер сөйлемдер сызба арқылы түсіндіріледі.
Сөйлемдер арқылы ереже шығару.
Сабақ өтіп жатыр.
Сабақ өтеді.
Жаңбыр жауып тұр.
Жаңбыр жауады.
Осы шақ. Мағыналық белгісі. Сөйлеп тұрған кездегі іс - әрекет.
Түрлері Ауыспалы осы шақ. Нақ осы шақ. Дара. Күрделі.
Жасалуы.
Қалып етістіктер отыр, тұр, жатыр, жүр.
Көсемше етістіктері – ып, - іп, - п, - а, - е, - й.
Жазба жұмыс сайыс түрінде деңгейлік тапсырмалар арқылы беріледі.
«Осы шақ етістіктерін тап.»
Топ. Лейтенант Теміров басқарған пулеметшілер тобын Калинин майданына жіберіп отыр. Бұлар Невель қаласын жаудан азат етуге келіп тұр.
- топ Олардың ішінде Мәншүк те бар. Оны соғыстың ең қауіпті жеріне баруға міндеттеп тұр. Жау әскері Невель қаласынан шабуылға шығып жатыр.
- топ Бірақ өжет қыз жау аяғын ілгері бастырмай, оларды шөпше жапырып жатыр. Батыр қыздың жараланғанын байқаған жау әскерлері ілгерілеп жүрді.

Сергіту сәті
Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.

Ой толғаныс
Тест:
1. Қимыл қозғалысты, іс - әрекетті білдіретін қандай сөз табы?
А) Зат есім
Ә) сын есім
Б) Етістік
2. Етістіктің неше шағы бар?
А) Үш шағы
ә) Төрт шағы
б) Екі шағы
3. Етістік деген не?
А) заттың атын білдіретін сөздер.
Ә) заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздер.
4. Етістікті тап
А) қоян, бес, әдемі
Ә) жүрді, тұрды, күлді
5. Етістіктің жіктелуі деген не?
А) жекеше, көпше түрде жіктеу
Ә) етістікке жіктік жалғау жалғанып өзгеруін айтамыз.

Үйге тапсырмасын беру
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Бағалау
Формативті бағалау
Рефлексия
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру.
Осы шақ, нақ осы шақ жүктеу
3 207
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Жас мамандарға заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Оқушыларды оқыту үшін бағалау қаншалықты маңызды?
Оқушыларды оқыту үшін бағалау қаншалықты маңызды?
Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу - оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру.
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді
Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінік беру. «Ұлпан» повесінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру
Батыр Баян поэмасы
Батыр Баян поэмасы
«Батыр Баян» поэмасын деңгейлік тапсырмалар арқылы мазмұны мен идеясын меңгерту; Оқушылардың ой - қиялына ерік бере отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу, өзге шығармалармен салыстыру
Қазақша сөйлейміз
Қазақша сөйлейміз
СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×