Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шұғаның белгісі

25 қаңтар 2019, Жұма
Қазақ әдебиеті 11 класс
Сабақтың тақырыбы: Шұғаның белгісі (2 - ші сағат)
Сабақтың мақсаты:
- Шығарманы меңгерте отырып, Б. Майлин туралы білімдерін тереңдету, жазушы шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.
- Шығармадағы кейіпкерлерді талдай білуге төселдіру, түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу. Ынтасын, ізденушілік белсенділігін дамыту.
- Айналадағы адамдарды сыйлай білуге, өзінің пікірімен санаса білуге, шығармашылық ізденіске, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: зерттеу конференциясы
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегиялары, жуан - жіңішке сұрақтар, топтастыру.
Көрнекілігі: Б. Майлин портреті, Уфадағы «Ғалия» медресесінің суреті, Тәуелсіздік монументі

І. Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі (2 мин)
- Әрбір адам?
Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ?
Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісім?
Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзім?
Шындық, бірлік, адамдық

ІІ. Топ құрып, топпен таныстыру (2 мин)
- Оқушылар, «Шұғаның белгісі» хикаятының 2 сағатында зерттеу конференциясын өткіземіз.

І - топ «Зерттеушілер тобы» (4 оқушы)
Берілген тапсырма: Б. Майлиннің өмірі, шығармашылығына және «Шұғаның белгісі» хикаятына мәліметтер жинау.

№1 оқушы.
Бейімбет Майлин (1896 ж. Қостанай обл., Таран ауд., - 1937 ж.) - жазушы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас кезі келгенде өлең де шығарып жіберетін сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып, ұзақ таңға небір дастандар жырналып, суырып салма айтыстар болып, өлеңдер айтылып тұрған. Оның үстіне шығыстыңқиссаларын жақсы көретін әжесі кейіннен Бейімбет ауыл молдасынан хат таныған соң оған ұзақтаңға жыр! дастандар оқытып, тыңдайтын болған. Осының барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады. Осында шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашқы прозалық туындысы, «Шұғаның белгісі» әңгімесін жариялайды. Өлеңдері «Айқап» журналында басқа да басылымдарда шыға бастайды.

№2 оқушы.
Бейімбет – он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол – ірілі - ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы. Майлин аз өмірінде аса өнімді еңбек етіп, елуге тарта кітабын шығарды. Оның шығармаларында қазақ кедейінің мінез - құлқы, тұрмыс - тіршілігі, арман - мүддесі бұрын болмаған деңгейде жан! жақты да терең суреттеліп, қміршең типтік бейнелер жасалды. Майлиннің ақындық қызметі 1912ж. жазылған «Мұсылмандық белгісінен басталады». Төңкеріске дейін жазған көп өлеңдерінде («Мұқтаждық», «Мал», «Байлыққа») ауылдың ауыр тұрмысы, әлеуметтік теңсіздік жырланады. 1916ж. ұлт - азаттық қозғалысы Майлин шығармашылығындағы халықтық сыйпатты күшейте түсті. Осы кезден жазылған «Қанды тұман» өлеңінде қараңғыға қамалған қалың елдің, аянышты халі суреттеледі. Ақынның шығармашылығында ұлт - азаттық, ағартушылық, демократтық сарындар түпкілікті қалыптасып, жаңа биіктергк бет алды. «Кедей», «Жауыз кім?», «Кедейге», «Құтты болсын», «Мейрамың», «Бүгін», «Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз», «Коллективтің жырын айт» сияқты өлеңдерінде жаңа заман әкелген ауылдағы өзгерістерді, ондағы елдін тұрмыс - тіршілігін зор шабытпен жырға қосты. Майлин поэзиясындағы Мырқымбай бейнесі - жиырмасыншы жылдардағы қазақ кедейінің типік бейнесін жасау жолындағы үлкен табысы. Мырқымбай - тұтас бір қтпелі дәуірдегі ауыл кедейінің қмірінде болған қзгерістерді оның сана - сезімі, мінез - құлқы, іс - әрекеті, тұрмыс - тіршілігі арқалы шынайы суреттелген типтік бейне. Мырқымбай сияқты типтік дәрежеге көтерілген бейне қазақ әдебиетінде күні бүгінге дейін жасалына жоқ. Ол ақынның жиырма шақты өлеңінде, екі поэмасында бірде басты, бірде қосымша кейіпкер ретінде көрінеді. Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Қыздың сәлемі», «Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында» сияқты өлеңдерінде ескі салтқа негізделген қазақ қыздарының аянышты тағдырлары суреттеледі. «Азат әйел», «Ғазиза», Шал мен қыз», «Ажар» сияқты өлеңдерінде жаңа заманда теңдікке жетіп, бақытты өмір сүре бастаған жастарды жырға қосты.
Шұғаның белгісі жүктеу
3 315
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бейімбет Майлин «Айт күндері»
Бейімбет Майлин «Айт күндері»
Оқушыларды қазақ халқының салт – дәстүрлерімен таныстырып, құрметтей білуге тәрбиелеу. Әңгімеге сүйене отырып, айт мерекесі жайында түсініктерін молайту.
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнын ашу арқылы еңбек етудің пайдасы туралы біледі, мамандық таңдай білуге үйренеді.
Сүйемін, өскен Отаным
Сүйемін, өскен Отаным
Өлең мазмұны арқылы көркем әдебиет жанрының бірі лирикалық шығармалардың айтар ойын ұғындыру. М. Мақатаев өмірінен, шығармашылығынан мәліметтер беру. Еліміздің тарихына қысқаша шолу жасау.
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» повесі
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» повесі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №20 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байғалиева Нурия Аманжолқызы
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі»
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі»
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Арыстанғалиева Анар Алтыбайқызы
Бейімбет Майлин «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры»
Бейімбет Майлин «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры»
С.Мамбеталиев Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы ЖББОМ мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×