Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қожаның қиялы

28 қаңтар 2019, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Қожаның қиялы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен рәсімдеуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
Ойлау деңгейлері Білу, түсіну, қолдану
Құндылықтарды дарыту: Әдеби шығармадағы жақсы әрекеттерді тану.
Кейіпкерлер әрекеті арқылы адамгершіліктерін бойға сіңіру.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, музыка
Алдыңғы оқу: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен берілген үзіндінің мазмұнын біледі.

Басы 5 мин
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?!
- Бүгін сабақта кім жоқ?
- Оқу - құралдарымызды партаның үстіне қоямыз.
- Партаның үстінде суреттер қимасы берілген, қималарды құрастырамыз. Қима суреттерді құрастырғанда Қожаның суреті мен Жанар суреті шығу қажет.
- Оқушыларға сұрақтар қоямын
1. Бұл суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?
2. Бұл қай фильмнің кейіпкерлері?
- Дұрыс таптыңдар
Ендеше, балалар осы Қожа мен Жанар суреттері арқылы 2 топқа бөлінеміз.
1 - топ «Қожа»
2 - топ «Жанар»

- Балалар, назарымызды енді фильмге аударайық. «Менің атым Қожа»фильмінен үзіндіні көрсете отырып, «Ой шақыру» стратегиясы бойынша мынадай сұрақтар қоямын.
1. Бұл фильм қалай аталады?
2. Фильмдегі басты кейіпкер кім?
3. Фильм авторы туралы не білесің?
Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң фильмнен үзінді көрсетемін. Қожаның қиялға беріліп тұрған сәтін көрсетемін.
- Балалар Қожа қандай әрекет үстінде?
- Қандай қасиетін байқадыңдар?
- Дұрыс, балалар, олай болса, біз бүгін Қожаның қиялдау әрекетіне байланысты, сабағымызды «Қожаның қиялы» тақырыбында өткіземіз.
Сабақтың мақсаты: Хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен рәсімдеуі арқылы мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін ажырату түрімен таныс боламыз.
- Енді, балалар,«Мені атым Қожа» повесі бойынша хат, хабарлама, хаттама кездесетін жерлерін тауып, тапсырмалар бойынша анықтаймыз.

А. А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп - гимназиясы
Мұғалімнің аты-жөні: Сембаева Азен Нурдановна
Қожаның қиялы жүктеу
3 711
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақпаевтың өмірі, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру, толықтыру;
Қожаның қиялы
Қожаның қиялы
Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға шақыру;
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Сабақ тақырыбы: Менің атым Қожа Бөлім: Адамның сырт келбеті және мінез
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Б. Соқпақбаев өмір баянынан түсінік беру. Қожа арқылы қазақ халқының тұрмыс - тіршілігін әңгімелеу.
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәуітова Гүлзада
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×