Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Космогондық ою - өрнектер - адам қиялының жемісі

29 қаңтар 2019, Сейсенбі
6 - бөлім: Қиял әлемі
Сабақтың тақырыбы: Космогондық ою - өрнектер - адам қиялының жемісі
5 сынып
Оқу мақсаттары: - энциклопедиялар, балаларға арналған газет - журналдардан қажетті ақпаратты ала білу
- зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.
Ресурстар: Оқулық, топтық тапсырмалар, «Т кестесі», кері байланыс, смайлик, стикер.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі, «ПОПС формуласы» әдісі, «Т кестесі», «Мадақтау сэндвичі.
Пәнаралық байланыс: География, қазақ әдебиеті
Алдыңғы оқу «Қожаның қиялы» мәтінінен негізгі және қосымша ақпаратты біледі.

Басталуы 10 минут
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Таныстыру» тренингі
Оқушылар танысу үшін өз есімдерінің бірінші әріпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айтуы керек. Мысалы: Мен Мейіргүл мейірімді қызбын...
Топқа бөлу. «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1, 2, 3 вагондарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту.
« Болжау» әдісін қолдану арқылы оқушылармен оқулықта берілген суреттерге қарап, бүгінгі сабақтың тақырыптың болжайды. Ғаламтор мен энциклопедиялардан киіз үй тігудің қыр - сырын анықтап, өзара ой бөліседі.
Дескриптор:
- суреттерге қарап тақырыпты ашады.
- ғаламтор мен энциклопедиялардан киіз үй тігудің қыр - сырын анықтайды.
- бір - бірімен өзара ой бөліседі.
ҚБ. «Бармақ» әдісі арқылы бірін - бірі бағалау.

Жаңа білім 5 минут
О. Оқылым тапсырмасы. Қосымша деректер көзінен алынған оқылым материалымен «Іштей оқу» әдісі арқылы танысып, сұрақтарға топқа бөліну арқылы жауап береді.
Космогониялық өрнек түрлері – аспан әлемін, жер – дүние сырын суреттейтін ою – өрнектер. Біздің мәдениетімізге өте ерте замандардан сіңіп қалыптасты. Текеметке, әсіресе, жан – жаққа күн сәулесі секілді тармағын жайған шеңберлі ою жиі салынған.
Космогониялық ою - өрнектің туу себептері де осы үлкен сенім күшінен туған бейнелер белгісі. Егер осы күн, ай оюлары ертеден келеді десек, оларға қосымша шұғыла, кемпірқосақ, жарты ай, толған ай секілді ою үлгілері қосылып космогониялық оюлар қатарын байыта түседі. Аталған оюлар сонымен қатар түр - түстерімен де бөлінеді.
Космогониялық оюлар қатарында «Күн нұры», «Күн көзі», «Күн сәулесі», «шыққан, батқан күн», «Айтаң», «Айгүл», «Айтаңба», «Түнгі ай», «Жұлдыз», «Аққан жұлдыз», «Үркер» секілді өрнектер топтары пайда болды.
«Шұғыла» - шолпан жұлдыздың бейнесі, «жұлдызы жарқырап маңдайы ашық болып, шұғыла шашсын» деген мағынаны білдіретін ою.
«Жұлдыз» - бұл «өмір сапарында жұлдызың оңынан туып, аспан тәңірінің қолдауында бол» деген мағынада.
«Шеңбер» немесе «табақ ою» - бұл екеуі де аспандағы күннен туындаған өрнек болып көбінесе түскиіз, шапанның артқы өңір, төр көрпе, сырмақтарға түсіріледі мұның мәні «күннің мерейіне бөленген барлық тіршілік анасы болған күн ана саған қуат медет берсін» мағынасында.
Өсімдік тәріздес ою - өрнектер ұлттық өнерімізге ертеден сіңіп, кеңінен тараған өрнектің бір түрі. Өсімдік тектес ою - өрнегінің негізін гүл, жапырақ, сабақ құрайды. Гүл - жапырақ оюлары әртүрлі заттарға сәнімен қалыптасып, ұйқасын табады. Олар өзінің даму барысында әртүрлі жолдардан өтіп, қолданылатын затқа сәндік, көркемдік қасиет беріп, мазмұнын ашады. Әрбір шебер туып – өскен жерінде кездесетін өсімдіктерді қолөнер бұйымдарын безендіруге қолданған. Алайда текемет ою – өрнектерінде өсімдік тәрізді өрнектер кездеспейді. Олар тек ою арасында қосымша роль атқарады. Бұндай өрнектерді сырмақ әсемдеуге кеңінен қолданылады. Түрлері:
«Гүл» ою - өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнек қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою - өрнекке дейін кездеседі. Киім – кешектің жағасына, қалтасына, жиектеріне салынады.
«Ағаш» өрнегі ағаштың тамыр тартып бүрлеуі сынды қасиеті негізінде үрімбұтақты болып, тамыр тартып, іргелі елге айналуды тілек етіп, баскиім, қару - жарақтар сынды бұйымдарға салынатын өрнек.
«Жапырақ» - әйелдер тұтынатын киімдерге түсіретін бұл өрнек жапырақша жайылып, жасарып, ашық жарқын, мейірімді болсын деген тілекпен салынады.
«Үш жапырақ» - шапан, күрте сияқты киімдерге түсірілетін бұл өрнек үш жапырақты гүл өрнегі, қырмызы атқан көркем гүлдің үш құлақ болып ашылған жапырағы оның қасиетін арттырып тұратынын ескеріп, гүлдей құлпырып, өз қасиетіңді сақта, өзіңді аяла, абайла деген мағынаны білдіреді.
«Өткізбе» көбінде өрнектерді бір - біріне тұтастыратын өрнек. Шырмауық сынды шөп тәрізді аралас - құраластылықпен өтейік деген мағынаны нышандаған.
«Шиыршық» өрнегі көбінде азамат болып ат жалын тартып мінген ұлға, бойжеткен қызға арналған киімдерге салып, олардың азамат болғаны, енді бұл өмірдің ащы - тұщысы мен ыстық - суығына араласып жетілуін тілейді.
«Жауқазын» - көктем белгісін білдіргендіктен халқымыз жауқазындай құлпырып, бүршік жарсын деп мұндай өрнекті шыт, тақия, орамалға салған. Жастар бұл киімдерді бір - біріне сыйға ұсынған. Мұнысы «жаңа жылың құтты болсын» деген мағынаны білдірген.
Белгінің рөлін асыра бағалау мүмкін болмайтын жаңа ғаламдық символдық мәдениет тілі қалыптасады. Қазіргі заман бейнесін өзгертетін процесстер өркениет үшін жаңа, толықтай зерттеліп болған жоқ.
Космогондық ою - өрнектер - адам қиялының жемісі жүктеу
6 468
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру
4 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Сабақтың тақырыбы: 4 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру.
Біз өсіп жатқан өлке
Біз өсіп жатқан өлке
Алған білім дағдыларын, өмірде қажетінше қолданады.
Қуат
Қуат
– қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру; – механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану.
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Есептер шығару
Есептер шығару
Санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000 - ға дейін жүздіктермен санау, жазу.
Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×