Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

04 ақпан 2019, Дүйсенбі
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді жыр сүйер қауым!
2 - жүргізуші: Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру мақсатында қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен халық жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кешімізді бастаймыз. Биыл ақын атамыз тірі болса 87 жасқа толар еді.

1 - жүргізуші: Күй ойнайды қазағымның қанында
Күй ойнайды қазағымның жанында
Жүрегіңнің, жүрегіңнің дүрсілі
Күмбірлеген домбырасы барында

2 - жүргізуші: Домбыра, жүрегімнен үндес едің
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң
Өмірдің не екенін білмес едім

1 - жүргізуші: Бүгінде саңлақ сардары санаулы, самғауы биік қазақ жырының сырлы өлкесінде көкіректің тұңғиық сырын сыбызғы сазымен тербеген сыршыл әуен Мұқағали Мақатаев мұрасы. Мұқағали өзінің аз өмірінде әдебиетімізде мол мұра қалдырған дарын. Өмірде бір өзен. Өлеңіде бір өзендей тұңғиық терең сыр. Мұқағали жырлары бірде үн - түнсіз шымырлап қайнап, тереңге тартып, бірде ақкүміс бұлттарын түйдектетіп, аспанға атқан өмірдің өзіндей.

2 - жүргізуші: Мен туған жер - Қарасаз баурайдағы,
Жалғанда жер біткеннің балқаймағы
Есім кетіп жүргенде ес білдірген
Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы
Іркес - тіркес ағады қара сулар
Қарасаң суларда да таласу бар
Бұл суларға менің көп бересім бар
Бұл сулардан менің көп аласым бар
Бақытымғой Қарасаз келіп қонған
Кисем – киім, ішсем – ас, көлік болған
Мендей ұлдың осы жыр мыңын тауып
Әлі күнге маңына жерік болған,
деп ақын өзі жырлағандай 1931 жылдың 9 - ақпанында Алматы облысы, Нарынқол ауданы, қасиетті Қарасаз ауылында дүниеге келген.

1 - жүргізуші: Сырым да осы,
Жырым да осы,
Алдыңда, Байқашы бір,
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты
Мұқағали Мақатаев бар мұнда, - деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың бүгін туылған күні.
«Арыз жазып өтейін» өлеңі.
Бүгін менің туған күнім
Ой бәлі - ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім - ақ
Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны - ай!
Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей
Құшақ - құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мына шапан
Мына атың, мін» - демей
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп
Басқа әуремен өмірім өтті ме?
Айтамын деп қуанышым мұңыңды
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?
Мен бәрібір өзіңменен бір болам
Өзегіне тепсең дағы ұлыңды.

1 - жүргізуші. Әкесі Сүлеймен - қарапайым шаруа адамы, аздап ұсталығы да болған. Осы өңірде колхоз ұйымдастырушысы болды. 1941 жылы майданға аттанып соғыстан оралмады. Үйде әжесі, туған анасы, екі інісі бар еді. Мұқағали Алматыдағы Шет тілдер институтына неміс тілі факультетінде оқып жүріп, артындағы үй ішінің тұрмысы ауыр болғандықтан, оқуды еріксіз тастап, ауылға қайтыпты. Өзінің зеректілігінен бе, аздаған оқуынан ба, Мұқағали неміс тілін едәуір білетін.

«Әке аманаты» өлеңі.
Мәнерлеп оқитын 6 - сынып оқушысы Өмірбай Әсем
Аттанарда алыс жолға
Тапсырды әкем аманатын
Серт етіп мен де алдым қолқа
Әкемнің берген «асыл затын»
Сұстандырған суық лебі
Соғыс жылы, қыстың кезі
Әкем сонда аймалап мені
Аманат еткен мынау еді сөзі:
«Тыңда, балам, тыңда, күнім
Болуға жара қолқанат!
Кәрі анаң, сәби інің,
Барлығы саған аманат!
Менде сенің он жасыңда
Атадан жетім қалғанмын
Аса ақылды болмасам да
Аманатын алғанмын

2 - жүргізуші: Ақынды әжесі Тиын баққандықтан шешесі Нағиманды «Нақа» деп атаса керек. Анасы Нағиманың айтуынша, Қарасаздың Шалкөде жағы жағы саздау екен де, сазда қаз жақсы өседі екен. Шешесінен екі қаз сұрап алып, почта машинасын айдайтын орысқа қазды беріп, орыс тілінде жазылған әдебиеттерді алып қалады екен. Машина келесі қайтып келгенше кітаптарды оқып, белін буып дайындап қояды екен. Міне, ақын осылайша бір орысы жоқ таза қазақ ауылында білімін көтерген.
«Ана сен бақыттысың, жыламағын» әні. Орындайтын 10 - сынып оқушысы Нұрғалиева Салтанат.
8 - сынып оқушысы Дадажанова Заринаның мәнерлеп оқуында «Қара өлең» атты өлеңі.

1 - жүргізуші: Атасының аты - Мақатай, әжесі - Тиын. Мұқағали Тиын әжесінің бауырында өсті. Тиын әжесі - мейірлі, кісілігі мол, адуынды адам еді. Әжесіне арнап ақын өлең жазды да, Н. Тілендиевтен ән жазуды сұрайды. Ән тамаша болып шығады. «Әжем, ұлы әжем, еңбегің ақталды» деп қатты қуанады, қуанып тұрып жылайды да.

2 - жүргізуші: Сендерге бір ой салғым келіп тұр. Мұқағалидың әжесі туралы бір естелік бар еді, соны 6 - сынып оқушысы Сәрсенбек Ерсұлтаннан тыңдап көрейік.

Оқушы: Ақынның атасы көкпар шауып жүріп аттан құлап, аяғы сынды. Ел - жұрт оны аттың алдына өңкеріп, аяғын салбыратып әкеледі. Туысқандары сынықшы іздеп кеткенде әжесі атасына: «Мына аяқ түбінде аяқ болмайды, шауып тастау керек» - дейді. Атасы келіседі. Балтаны өткірлеп, әжесі аяқты шауып тастап, жуып, таза шүберекпен байлап қояды. Үш күннен кейін сынықшы келіп, бәрін дұрыс істегенін айтып, батасын береді. Мінезіне қарап әжесіне атасы «Көкдауыл» дейді.

2 - жүргізуші: Ақынның жары – Лашын. Әрі бақытты, әрі бейнетті, азапты, әрі арманды жан. Мұқағалидың мұңы мен музасын, өмірге көктем гүліндей дүркіреп келген асау да дарынды, ағынды өлең дастандарын алғаш тыңдаған адам.
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр жүктеу
2 247
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр!
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр!
Ақиық ақынның өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, Мұқағали Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларының сыры неде екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып, адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа,
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Іле ауданы. «Ю.А.Гагарин атындагы №16 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ. Тарих пәні мұғалімі Еркебаева Г.М
Поэзия! Менімен егіз бе едің?!
Поэзия! Менімен егіз бе едің?!
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі: Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×