Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай журналының шығу тарихы

10 ақпан 2019, Жексенбі
«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

«Абай» журналын қазақ журналистикасында өз ізін қалдырған басылымдардың бірі деп атауға болады. Оған қарамастан, басылымның шығу тарихы, негізгі бағыты мен концепциясы жайлы іргелі ғылыми зерттеулер сирек кездеседі. «Абай» туралы біраз деректерді қазақ баспасөзін зерттеушілердің ғылыми мақалаларынан табуға болады. Алайда, «Қазақ», «Айқап», «Түркістан уәләяты газеті» сияқты іргелі басылымдарға терең зерттеу жасалып, кітап ретінде басылып шығарса, «Абай» журналына әлі күнге дейін детальді зерттеу жасалмаған.

Шығу тарихы
Қоғамдық - саяси және әдеби «Абай» журналын шығару жөніндегі алғашқы ұсыныс қазақ зиялы қауымы арасында 1914 жылы қабыл алынған болатын. Сол жылы ақын қазасының он жылдығына байланысты Семейде өткізілген үлкен жиылыс үстінде журнал жариялау туралы шешім бекітілген. Бірақ, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және Ресей тарапынан отарлау саясатының күшеюі сияқты себептерден журналдың алғашқы нөмірінің баспадан шығуы біраз уақытқа дейін кідіріп қалды.

Идеядан алғашқы жарияланған санға дейінгі төрт жыл уақыт ішінде қоғамда орын алған көптеген саяси, әлеуметтік өзгерістер журналдың мазмұны мен ұстанатын бағытына да сәл әсерін тигізді. Егер алғашқы жасалған ұсыныс кезінде журнал Абайды құрметтеп, атын тарих жүзінде нығайтуға, қазақ қоғамындағы жан - жақты тұлғаның шығармашылығын насихаттауға бағытталған болса, бірінші нөмірінен басылымның әлеумет, саясат, экономика сияқты да қоғамдық маңызы зор тақырыптарға назар аударатыны байқалады. Сонымен, «Абай» журналы 1918 жылдың 4 ақпанынан Алаш (қазіргі Жаңасемей) қаласынан шығып тұрады.

Журналдың негізін салушылар әрі шығарушы редакторлар болып Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов қызмет етті. Аймауытов 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданып, оны 1918 жылы аяқтап шығады. Сол кезден Жүсіпбектің алашордашылармен қарым - қатынасы басталады. Мұхтар Әуезов болса, Ресейдегі саяси төңкерістер әсерінен Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына себепші болады. Дәл сол уақытта Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов танысып, «Абай» журналына дейін, 1917 жылы «Алаш» газетіне бірігіп «Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақала дайындайды.

Мақсаты
Журналдың қазақ демократиялық баспасөзі мен Алаш идеясын жақтағанын Тұрар Рысқұловтың деректерінен көруге болады. Рысқұлов 1926 жылғы «Из прошлого казахской интелигенции» мақаласында 1905 жылы Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялы қауымының Ресей отарлық езгісіне қарсы «Қарқаралы» петициясын қабылдап, Ресейдегі ірі саяси күштердің бірі кадет партиясының қазақ бөлімін құрғаны, кейін «Серке», «Айқап», «Қазақ» газет - журналдары арқылы халықты білім мен мәдениетке үндеп, ұлттық ой - сананы оятуға ұмтылғандығы жайында жазады. Бұл мақалада, сонымен қатар:

«... С 1913 г. по 1916г. движение казахской националистической интеллигенции ширится и получает известное оформление путем организации повсеместно разных культурных кружков и т. п. После Февральской революции эта националистическая интеллигенция организуется уже в политическую партию «Алаш», а газета «Казах» становится главным органом этой партии. К этому времени, кроме газеты «Казах», появляются и другие газету и журналы, из которых можно отметить следующие: «Сары - Арка» (Семипалатинск), «Бирлик туы» (Ташкент) – главный орган туркестанского отделения «Алаш - орды», начатый Чокаевым, «Уран» (Астрахань), «Жас азамат» (Петропавловск), «Абай» (Семипалатинск). Все эти газеты и журналы придерживались линии газеты «Казах» и были ее отделениями...

... По примеру кадетов и меньшевиков на страницах казахских газет ведется кампания против передачи власти Советам, восхваляется временное правительство, указывается на необходимость продолжения войны до победного конца...»

деп айтылған («Советская степь» газеті, 1926, 2 маусым, №123).

Тұрар Рысқұловтың бұл мақаласы – оның «Казакстан» атты брошюрасының бірінші бөлімінен алынған үзінді. Мақала жарияланған кезде брошюраның екінші бөлімі басылып жатты, ал бірінші бөлімнің қазақша үлгісі баспаға дайындалып жатқан.
Абай журналының шығу тарихы жүктеу
1 134
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Эпопеяның негізінде Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келе отырып, өсу жолдарынан мағлұмат алады.
Абай поэзиясы әлем тілдерінде атты әдеби кеші
Абай поэзиясы әлем тілдерінде атты әдеби кеші
Абай Құнанбайұлы – үлкен ойшыл – ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тамды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнін мұғалімі Есенова Дамира
Ұлы Абайға арнау
Ұлы Абайға арнау
Ұлы Абайға арнау. Сөнбес сәуле сепкен Алаш елінде, МәшҺүр еткен қазақты жер жүзіне. Жаныңа жақын Татьянаның хаттары, Жырлаған қазақ - орыс жерінде.
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қартпағамбетова Дәмелі Қойбаққызы
М.Әуезов "Абай жолы" романындағы әйелдер образы
М.Әуезов "Абай жолы" романындағы әйелдер образы
Арыс қалалық білім бөліміне қарасты М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Әмірхан Құрманай Темірханқызының «М.О.Әуезов «Абай жолы» романындағы әйелдер образы» атты ғылыми ізденіс жұмысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×