Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С. Мұратбеков Жусан иісі

17 ақпан 2019, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: С. Мұратбеков Жусан иісі
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар орындай алады:
әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
әдеби шығармадағы кейіпкерлердің мінез - құлқын сипаттай отырып, жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды.
Кейбір оқушылар орындай алады:
әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін сыни тұрғыдан қарай отырып анықтайды.

Тілдік мақсаттар
жарғақ сары тон, қара бала, шолақ жең, қоңыр тау, көк мұз, қу соғыс, қаралы қағаз, тастай қараңғы, қара жол, асқар тау т. б.
Құндылықтарға баулу: Оқушылардың отбасына деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, бейнелеу өнері
Тақырып бойынша алдыңғы білім: С. Мұратбеков «Жусан иісі» повесті
бойынша оқушылардың алдыңғы білімдері

Сабақтың басы
1. Жағымды психологиялық орта орнату:
Өзіңізге тілегенді - басқаларға тілеңіз!
Әр оқушыға 10 - 15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп,, бір - бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек.
2. Топқа бөлу.
Қағаз қиындылары арқылы топқа бөлу
Қағаз қиындыларында жазылған нөмірлер бойынша 4 топқа бөлінеді.
3. Оқу мақсатымен таныстыру:
6. 1. 1. 1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;

Сабақтың ортасы
ТЖ.
1 - тапсырма. Эпизодтардағы детальдардың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру үшін «Постер құрастыру» әдісін қолданып, жұмыстарын қорғайды.
- Жусан шөп туралы мәлімет жинап, таныстырылым жасау;
- Масақ туралы мәлімет жинап, таныстырылым жасау;
- Ел арасындағы сынықшылар туралы мәлімет жинап, таныстырылым жасау;
- Соғыс кезіндегі мұғалім жетіспеушілігі мен балалардың білімге құштарлығын қазіргі заманмен салыстырып сараптау.
Дескриптор
- кейбір эпизодтардағы детальдардың тарихи құндылығына баға береді;
- кейіпкерелердің іс - әрекетін қазіргі өмірмен салыстырып зерттейді.

Алматы облысы, Іле ауданы,
Өтеген батыр кенті, 38 мектеп - гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шаймағамбетова Айнұр Бақытжанқызы
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категория: Қазақ тілі мен әдебиетінің үздік ұстазы
С. Мұратбеков Жусан иісі жүктеу
3 255
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3. 2. 4. 1. Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерешеліктерін анықтау Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіме - нің
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу, бір - бірінің жақсы мінез - құлық қасиеттерін тани отырып, сыйластық пен достықты қалыптастыру мақсатында шеңбер бойында тұру ретіне қарай «Оң жағымда...» тренингі өткізіледі.
Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі
Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі
Көрнекті жазушы С. Мұратбеков туралы түсініп оқуға, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын ашу, кейіпкерлер бейнесін жан - жақты аша білу.
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
Шығарманың мазмұнын талдай отырып, идеясын ашу жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы шеберлігін таныту; кейіпкерлерге талдау жасау
Сайын Мұратбеков. Жусан иісі
Сайын Мұратбеков. Жусан иісі
Тақырыбы: Сайын Мұратбеков. Жусан иісі
Жусан иісі
Жусан иісі
ШҚО, Күршім ауданы, Теректі ауылы, №1 Теректі орта мектебі Закариянова Зайнигуль Кизатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×