Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеті қазына

18 ақпан 2019, Дүйсенбі
САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақ тақырыбы: Жеті қазына
Сабақтың мақсаты:
- білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.
- дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым - қатынастық біліктілігін дамыту, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.
- тәрбиелік: Оқушыларға өз елін қастерлеуге, «7» санын қастерлеп көрсеткенін айта отырып, халық дәстүрін, Отанын сүюге, қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.
2. Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
3. Оқушылардың жұмыс формасы: түсіндіру, іздендіру, талдау, сұрақтарға жауап беру.
4. Қажетті техникалық жабдығы: интерактивтік тақта
5. Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар: презентация, суреттер, кеспе қағаздар,
6. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
САБАҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАРЫСЫ

I. Ұйымдастыру кезеңі және сабақ басталуы - сәлемдесу;
- түгендеу;
ІІ. Мотивациялық
Бақыт деген - досыңның табағында,
Бақыт деген - домбыра шанағында,
Бақыт деген - өзіңнің босағаңда,
Бақыт деген - халықтың қабағында.

ІII. Сабақ мақсаты мен міндеттерін қою
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту
IV. Үй тапсырмасы
Үйге берілген тапсырманы сұрап, бағалау.

V. Негізгі білім көкейтестігі Балалар, « Жеті» дегенде сендерге қандай ой келеді?
1 аптада неше күн?
Жеті атаңды білесіз бе?
Жеті ұрпақ деп кімдерді айтады?
VІ. Жаңа материалды оқу.

Мұғалімнің сөзі: бүгінгі сабақтың тақырыбы Жеті ата.
Мұғалімнің сөзі: оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Бір аптада 7 күн бар.
- Жұмада 7 шелпек пісіреді.
- Жеті ата бар
- Жеті ана бар
- Жеті ұлттық аспап бар
- Жеті ғаламшар бар
- Жеті қазына бар.

1 тапсырма: «Жеті қазынамен» танысу, әңгімелеу.
1. Ер жігіт
2. Сұлу әйел
3. Ақыл - білім
4. Жүйрік ат
5. Қыран бүркіт
6. Берен мылтық
7. Тазы ит
2 тапсырма: Реттік сан есім ережесін қайталау.
Сергіту кезеңі.

3 тапсырма: Сұрақ - жауап
- Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме?
- Қазақ халқында жеті саны киелі деп есептелген. Себебі, орта ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. « Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған. 17 - ғасырда Тәуке ханның « Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттігіне байланысты болған. Қайтыс болған адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу жетімен байланысты. Наурыз көжеге де жеті тағам салып пісіреді.

Жаңа сөздер:
салт - дәстүр – традиции и обычаи
ырымдар – поверие
жеті қазына – семь богатств
ер жігіт – жигит
сұлу жар – красивая жена
жүйрік ат – быстрый скакун
қыран бүркіт – зоркий беркут
құмай тазы – охотничая собака
берен мылтық – оружие
өткір пышақ – острый нож

Тапсырма: «Жеті қазынамен» толығырақ таныстыру.
1. «Ер қанаты - ат» деген қанатты сөз бар. Халқымыз төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше бағалаған. Жылқының етін, қазы - қартасын жеп, қымызын ішкен, терісін пайдаланған. Жау шапса, бір - бір атқа мініп, дұшпанына тойтарыс берген.
2. Тазы – иттің бір тұқымы. Тазы итпен ата - бабаларымыз аң аулаған. Тазы – артық қырым еті жоқ ит. Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ ұстаған. Ит адамға қолқанат болып, мал күзеткен.
3. Ертеде аталарымыздың үйінде найза, айбалта, қылыш, мылтық болған. Дұшпандарын мылтықпен жеңген. Батырларымыз жауға осы қару – жарақпен шыққан.
4. «Ер ел қорғаны» дейді дана халқымыз. Кең байтақ жерімізді, өзен, көл, орманымызды, көгілдір тауларымызды жаудан қорғап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ер бабаларымыздың өте болған, ол Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек батыр, Жәнібек батыр т. б.
5. Әйел - ол ана, жар, апа, қарындас. Ажарына ақылы сай, мінезге бай, еріне сүйеу бола білген, үйдегі балаларын мәпелеп, тәрбиелеп өсірген. Жақсы әйел - әрбір отбасының ұйтқысы, ырыс - берекесі.
6. Қыран бүркітті ата - бабаларымыз балапан кезінен баулап, аң аулауға үйреткен. Қанаты қатайғанда қасқыр, түлкіге салған. Ал қасқыр, түлкінің терісінен тымақ, ішек, тон жасап киген.
7. Адам баласы пайда болғалы ілім - білімге ұмтылып келеді. Осының арқасында машина, трактор, радио, теледидар, ұшақтар, компьютер дүниеге келді. Сондықтан ілім - білім, ғылымды игерсең еш қор болмайсыңдар.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі
Бауыржан Момышұлы атындағы
№5 орта жалпы білім беретін мектебі» ММ
Муздибаева Р. Т.
Жеті қазына жүктеу
2 425
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Операциялық жүйені баптау
Операциялық жүйені баптау
Оқушыларға Windows операциялық жүйесі бойынша білімді меңгерту.
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Дарынды оқушыларды анықтау, олардың қабілетін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Еркін сөйлеу қабілеттерін ашу.
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
Жеті санының киелі сан және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың өсиет - танымының көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жунусова Майрагуль Садырбайқызы
Ресми іс қағаздар стилі
Ресми іс қағаздар стилі
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
Апта күндері. Атауы
Апта күндері. Атауы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 19 арнаулы түзеу мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жиенбекова Баян Советовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×