Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сабақты етістік пен салт етістік

21 ақпан 2019, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Сабақты етістік пен салт етістік.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға етістіктердің мағынасына қарай сабақты етістік пен салт етістіктер болып бөлінетіндігі жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары. Венн диаграммасы
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
4. Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
Етістік

Негізгі
болымды
Туынды
болымсыз
дара
дара
сабақты
салт

Тұлғасына қарай: негізгі, туынды;
Құрамына қарай: дара, күрделі;
Мағынасына қарай: болымды, болымсыз.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі сабақта «Сабақты етістік пен салт етістік» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Асылды қайрақ ұштайды.
Ақылды білім ұштайды.
Нені қайрақ ұштайды?
Нені білім ұштайды?
Ақылды, асылды қай септікте тұр?
Берілген мақал жолдарындағы етістіктің /ұштайды/ алдына келген (асылды, ақылды) сөздердің табыс септігінде тұрғанын байқадыңдар ма?
Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді. Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі — не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы: Сөзді сен баста. Бүл сөйлемдегі баста деген етістік сөз деген сөздің табыс септікте тұруын талап етіп тұр. Кейде ондай сөздер табыс септіктің жасырын түрінде тұруы да мүмкін. Ондайда екі сөздің (табыс септікті сөз бен етістіктің) арасына басқа сөз келтіріп қолданып көру керек. Мысалы: Өлең айт — өлеңді айт, т. б. сонда табыс септігі айқын байқалады. Кейде тура объект мәнін білдіріп тұратын табыс септіктегі сөз сөйлемде қолданылмауы да мүмкін. Ондайда етістіктен сұрақ қою керек. Етістіктен кімді? нені? деген сұрақ қоюға болса, онда ол — сабақты етістік. Мысалы: айт, көр, оқы, т. б. етістіктерден кімді? (нені?) айт? деп сұрақ қоюға болады. Мыс: Мен өз елімді сүйемін. Не істеймін – сүйемін етістік. кім сүйтін? Мен - бастауыш. Кімді сүйемін? Елімді – толықтауыш. Қай елді сүйемін? өз – анықтауыш.

Бұл сөйлемдегі сүйемін - сабақты етістік. Отанымды қорғаймын.
Мағынасы жағынан тура объектіні — табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы: қаладан қайт немесе түсінде келді, т. б. болып қолданылса да, нені (ауылды, т. б.) қайт, нені түсінде, т. б.) келді деп айтуға болмайды. Сондықтан да бұлар — салт етістіктер.

Кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары: - ғыз, - гіз, - қыз, - кіз, - дыр, - дір, - тыр, - тір, - ыр, - ір, - р, - т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шамды сөндірді, т. б. ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты — әңгіме айтылды, т. б.
Досыма (кімге?) бардым, төрде (қайда?) жатыр, мектептен (қайдан) шықтым, анаммен (кіммен?) сырластым.

А. с. кітап, анасы, әкем.
І. с. кітаптың, анасының, әкемнің.
Б. с. кітапқа, анасына, әкеме.
Т. с. кітапты, анасын, әкемді.
Ж. с. кітапта, анасында, әкемде.
Ш. с. кітаптан, анасынан, әкемнен.
К. с. кітаппен, анасымен, әкеммен.

Сабақты етістік пен салт етістік жүктеу
7 168
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің сабақты және салт етістік түрлерін табыс септігімен байланыстыра отырып меңгерту Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру. Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Етістік. Дара және күрделі етістік
Етістік. Дара және күрделі етістік
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тутеева Динара Серикбаевна
Салт және сабақты етістік
Салт және сабақты етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Назарымбетова Айгул Сейдуллақызы
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Аманкелді Аскерхан
Етістік
Етістік
Қоңырбаева Нұрсұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×