Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу

21 ақпан 2019, Бейсенбі
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
Сабақтың атауы: ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу
Мақсаты: Қазақ әдебиеті үшін тарихи оқиғаларға толы кезең екендігін түсіндіру. Қазақ елінің ұлттық болмысын, ерекшелігін көрсететін, тарихын, сал - санасын, дәстүрін таңбалайтынұлы тұлғалар және туындылар туралы айту. Балалар бойына патриоттық сезім ұялату. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: Жүректен жүрекке. Оқушылар тілек айту арқылы бір - біріне лебіздерін білдіреді.
Топқа бөлу: Тақырыпқа байланысты пазылдар арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау: Өтілген тарау бойынша сұрақтар қойып пысықтау.

Қызығушылықты ояту
Білу
Қазақ халқының Ресей отаршылдығына қарсы тәуелсіздік жолындағы күресі ұзаққа созылып, XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 80 - жылдарын қамтыды. Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалыстар тарихында ауқымдылығы, қуаттылығы жағынан ең ірісі — 1837 — 1847 жылдардағы көтеріліс. Көтерілістің басталған уақыты патшалық Ресейдің қазақ жеріне тереңдей еніп, әкімшілік - әскери шараларымен әлі де болса дербестігін сақтап тұрған аудандарға жеткен кезеңіне тұспа - тұс келді. Орта жүздегі округтік басқару жүйесіне қарсы басталған бұл көтеріліс Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлының басшылығымен жүзеге асты. Қозғалыс 10 жыл бойы Ресейдің саясатына ықпал ете отырып, Орта және Ұлы жүздердің басым бөлігінің Ресейдің қол астына еріксіз кіру мерзімін біраз уақытқа болса да кейінге шегерді. Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс жеңіліске ұшырағаннан кейін ғана Орта жүз толығымен Ресейдің құрамына енген.

Білу
Жаңа тақырып бойынша жұмыстану.
«Сіз кітапсыз» парақшаларға ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғаларды жазып қою.
Оқушылар тапсырманың жауаптарын кітап беттеріне орналастырады.

Түсіну
«Қарлы кесек» Әр топ оқулықта берілген тақырыптан сұрақтар мен жауаптар дайындап, оларды сұрағын бөлек, жауабын бөлек келесі топқа лақтырады. Сұрақтар мен жауаптар оқылып сәйкестендіріледі.
Әр топ сұрақтарды бір біріне лақтырып, сұрақтар оқылып, жауаптарын оқып сәйкестендіреді.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№7 жалпы білім беру орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абдирахметова Гүлзада Орынбайқызы
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу жүктеу
1 392
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыстар
Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыстар
XVIII - XIX ғ. екінші жартысындағы Ұлт азаттық күресте ел үшін жанын пида еткен қайраткерлердің ерлік істерін паш ету.
XX ғасырдағы қазақ әдебиеті
XX ғасырдағы қазақ әдебиеті
Қазақ әдебиеті үшін тарихи оқиғаларға толы кезең екендігін түсіндіру. Қазақ елінің ұлттық болмысын, ерекшелігін көрсететін, тарихын, салт санасын, дәстүрін таңбалайтын ұлы туындылар туралы айту, балалар бойына патриоттық сезім ұялату.
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
Отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының азаттық үшін күресінің бір бөлігі екенін, ол қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтардың салдары екенін
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Зубаир орта мектебі тарих пәні мұғалімі Кизатаева Гульнур Нурбековна
Қазақстан мәдениеті
Қазақстан мәдениеті
Тарих пәні мұғалімі: Молдахметова С.
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы Академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі К. М. Омарбеков
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×