Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кәсіби сөздер

24 ақпан 2019, Жексенбі
Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай.

• Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді.

• Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай, итерқұл, аламан ау); бау - бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқа салаларға қатысты болады.

• Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта – жүзі кедір - бұдыр балта, керме ара – жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек – үлкен ара, аталғы – ойық жүзді шот, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, аттіс – темір қысатын құрал, ыңғуыр – ағаш оятын құрал; етікшілік (созан – ине сияқты құрал, ұштық – созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек – етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы – оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап, бағбан, дақыл, беде, танап, көшет, атыз, тағы басқа.
39 251
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен түсініктеме
Қазақ тілінен түсініктеме
Лексика (грек.) - “сөздік қор” Лингвистика (латын) – тіл білімі
Кәсіби сөздер және термин сөздер
Кәсіби сөздер және термин сөздер
термин сөздер туралы түсінік беру, бастауышта алынған білімдерін еске түсіру.
Бас әріппен жазылатын сөздер
Бас әріппен жазылатын сөздер
Жер - су, хайуанаттар аттарының бас әріппен жазылатынын меңгерту; қойылған сұрақтарға толық, түсінікті, дәлелді жауап беруге машықтандыру; өз ойын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру
Ар - ұят туралы
Ар - ұят туралы
Ар - ұят түсінігін иеленуші жеке адам болып саналады. Ар - ұят "адамның жеке өмірінің әр түрлі оқиғаларын көре білу, бағалай білу және оған қайғыра білу қабілеті".
Көнерген сөздер, түрлері
Көнерген сөздер, түрлері
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Темірбекова Күләш Ахметқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×