Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай және оның әндері

25 ақпан 2019, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Абай және оның әндері
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, оның қазақ музыка өнерінде алатын орын, әндерінің ерекшелігі туралы музыкалық білім беру.
Б) тәрбиелік: Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматты тәрбиелеу. Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.
В) Дамытушылық: Музыкалық сөз қорларын байыту, музыканы тыңдай және түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративті, баяндау, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: Абай портреті, плакат, бояу

Сабақтың барысы: Оқушылар сыныпқа Абайдың «Өзгеге көңілім тоярсың» әнімен кіреді.
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатынастарын, оқу - құралдарын тексеру)
ІІ. Жаңа сабақ.
А) Қызығушылығын ояту. Абай деген сөзді естігенде, ойларыңа, көз алдарыңа не келеді? Оқушылар ойларын қағазға түсіреді. Ассоциациялық аймақ құрғызамын.
Мағынаны тану: Оқушыларға Абайдың туған жері туралы бейнетаспадан көрсетемін.
Абай Құнанбаев өмірі мен әндері туралы мұғалім түсінігі. (интерактивті тақтада Абай суреттері кетеді)
Абай Құнанбаев (1845 - 1904) ақын, ағартушы, композитор, аудармашы.

Ол өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды. Абай композитор ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған.

Әндері «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың»т. б. және де Абай орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, оған музыка жазды.

Музыка тыңдау: Абай табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды, адам өміріне арнап жырға қосты. Табиғат, махаббат сырына арналған әні «Желсіз түнде жарық ай». Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнінің шығу тарихы туралы қысқаша айтып кетемін.
Музыка сауаты: Динамикалық белгілер. Әннің шумақтарында кездесетін қатты, ақырын, орташа белгілері болады. Дыбыс күшін азайту немесе күшейту белгісін Динамикалық белгілер деп атайды.(грек тілінде динамикос – күшейту)
Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту белгілері былай белгіленеді.
(интерактивті тақтадан көрсету)
p – piano - пиано – ақырын, жай
f - forte – форте - қатты
mf - messo piano – меццопиано - орташа
ff – fortissimo – фортиссимо - өте қатты
pp – pianissimo – пианиссимо - өте жай
- diminuendo – диминуэндо – бірте - бірте жайлата
(Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» сөздерін интерактив тақтасына көрсету)
Бұл ән естіген құлаққа жағымды, өлеңнің тұтастығымен, айқындығымен және әуенімен ерекшеленетін ән. Әуені мен өлеңі екеуі біртұтас көркем бейне жасап, көз алдымызға жарық ай астындағы әдемі тымық түн елестетеді. Әннің әуені жеңіл, лүп еткен лептен құйылғандай сабырлы, бір тегіс, құлаққа жағымды болып келеді.

Сабақты бекіту: Оқушылармен жұмыс.
Сыныпты үш топқа бөліп тапсырма беремін.
1 топ «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін қара сөзбен суретте.
2 топ «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіне сурет салу
4. «Ақын болу» ойыны. Абайға арнап өлең шығару.
...................... дана,
...................... ғана.

Бағалау:
Үйге тапсырма: Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін жаттау.
Динамикалық белгілерді жаттау.
Абай және оның әндері жүктеу
Абай және оның әндері слайд жүктеу
2 017
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай салған сырлы әндер
Абай салған сырлы әндер
Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, қазақ музыкасындағы алатын орны, әндерінің ерекшелігі туралы білім беруді жалғастыру.
Абайдың музыкалық мұрасы
Абайдың музыкалық мұрасы
«Өнер Колледжі – музыкалық – эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп – интернат» Кешені» КМ Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Л.Н.Мазина
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Абай әндері
Абай әндері
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, №4 Мәртөк орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Камзина Акмарал Амангельдыкызы
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық мектеп – бақшасының музыка пәні мұғалімі Тулепова Гулайна Жаркынбековна
Абай әндері
Абай әндері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының музыка пәні мұғалімі Қазиева Назгүл Жеңісқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×