Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя

26 ақпан 2019, Сейсенбі
3 - деңгей
2 «ә» сыныбында қаңтар айында әдебиеттік оқу пәнінен өткізген ашық сабағының жоспары
Сабақтың атауы: Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Мақсаты Білімділік. Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі болуға баулу. Бауыржан Момышұлының ерліктерін әңгімелей отырып ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Суреттері. Бүктемелер.

+Психологиялық ахуал
1. Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру.
2. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
3. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Б. Момышұлы туралы әңгімелеу. Орталық театр алдындағы ескерткіш туралы айту.

Мағынаны тану 1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Бауыржан Момышұлы өмірі жайында түсінік беру.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туған. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.
Оқулықпен жұмыс.
Әңгімені мәнерлеп оқушыларға оқыту.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
- Сөздікпен жұмыс: ата тегі –
баппен –
араз –
Оқушыларға тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
1. Шығарма кімнің атынан баяндалған?
2. Бала Бауыржан әдептіліктің басы сәлемдесу екенін қалай түсінеді?
3. Әңгімені дұрыс, мәнерлеп оқу.
Ата текті білуді Бауыржанға әкесі үйретіпті. Сен де ата - аналарыңнан сұрап, ата - тегіңді біліп ал. Ата - текті білу – ел тану екеніне мән бер.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі
Жолаева Айгуль Абдымолдаевна
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя жүктеу
3 446
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Оқушыларды тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Оқушыларды «Жаңбыр» өлеңі мен «Бұлбұлдың әні» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Бесік жыры.
Бесік жыры.
Оқушыларды М. Жұмабаевтың еңбегімен, шығармашылығымен таныстыру. Мәтінінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
"Алатау" Жамбыл Жабаев
"Алатау" Жамбыл Жабаев
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×