Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үстеу

05 наурыз 2019, Сейсенбі
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Базарда. Үстеу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: оқушылардың тақырып аясында білімдерін нығайту. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Мекен, мезгіл үстеулерін меңгерту.
ә) Дамытушылығы: оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап, мағынасын аша білуге үйрету, таным көкжиегін кеңейту. Ауызекі тілде өз ойын еркін жеткізе алуға ықпал ету.
б) Тәрбиелігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, сұхбаттасу, топпен жұмыс, өздік жұмыс, тесттік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тест тапсырмалары, кесте, карточкалар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық сәт.
- Қайырлы күн, балалар!
- Қайырлы күн, мұғалім!
- Балалар, қане, шеңберленейік. Күллі әлемге күннің қайырлы болуын тілейік.
- Қайырлы күн!
- Қайырлы күн, көк аспан!
- Қайырлы күн, Жер - Ана!
- Қайырлы күн, қонақтар!
- Қайырлы күн, достарым!
- Біздің күніміз сәтті өтсін! Алақай! (ду қол шапалақ)
- Мен де барлықтарыңызға сәттілік тілей отыра сабағымды бастайын.

II. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Тапсырманы дерлік орындадық па? (дәптерлерінен берілген жаттығу жұмысын тексеріп шығу)
Тест тапсырмасы.
1. Үстеу мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
a) 4
b) 6
c) 8
d) 10
2. Негізгі үстеулерді тап.
a) ерте, кеш, қазір
b) жиі, жазда, бұрын
c) биыл, күздей, жазғытұрым
d) бүгін, артқа, дәл
3. Күрделі үстеулерді тап.
a) әрең, тез, былтыр
b) аса, зорға, алдын - ала
c) бірталай, ешқашан, қыстыгүні
d) әрқашан, өте, нағыз
4. Үстеудің сұрақтарын тап.
a) не себепті? нелер? неше?
b) қашан? қалай? қайда?
c) кімге? қалайша? қанша?
d) қандай? қайтіп? қайтты?
5. Үстеудің ережесі.
a) заттың атын білдіретін сөз табы
b) қимылдың орындалуын білдіретін сөйлем мүшесі
c) қимылдың әр түрлі белгісін білдіретін сөз табы
d) қимылдың амал - тәсілін, мекенін білдіретін сөйлем мүшесі

III. Жаңа сабаққа даярлау:
- Жеміс - жидектер қай жерлерде сатылады?
- Қандай жеміс - жидектерді білеміз?

IY. Жаңа тақырып:
Грамматика. Мекен, мезгіл үстеулері. (кесте)
Мекен үстеулері: қайда? қайдан? Әрі, бері, жоғары, төмен, алға, артқа, ішке, іште, ілгері, сыртта, мұнда, сонда, тысқары, тұс - тұсында, алды - артында...
Мезгіл үстеулері: қашан? қашаннан? Кеше, бүгін, ертең, қазір, кешке, ертемен, ертесіне, таңертең, таңсәріде, түнеугүні, биыл, былтыр, анда - санда, бүрсігүні, оқта - текте, күні бойы, ала жаздай, қыстыгүні, жаздыгүні, күздігүні, көктемде...
1. Мәтінге дейінгі жұмыс:
Сөздікпен жұмыс:
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру
ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу
б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату
жеміс - жидек - овощи - фрукты
ащы - горький
қанша тұрады? – сколько стоит?
арзан - дешево
тым - очень
тосап – компот
қышқыл – кислый
ағза – организм
дәрумен – витамин
2. Мәтінмен жұмыс:
- берілген мәтіннің оқылуын үнтаспадан тыңдату
- оқушыларға жекелеп, кезекпе - кезек оқытып шығу
- мәтінді аударту
Базарда
Адамдар базарға көкөніс, жеміс - жидек алу үшін барады. Жексенбі күні базарда адамдар тым көп болады. Базардың ішінде сатып алушылар арзан бағалы көкөністерді алып жүр. Менің анам тосап жасау үшін жеміс – жидектерді төмен бағамен сатып алды. Жеміс - жидектің ішінен анам қарақатты молырақ алды. Қарақатта С дәрумені көп. Ол адам ағзасына пайдалы.
3. Мәтіннен кейінгі жұмыс:
Топпен жұмыс:
- мәтінге бірнеше сұрақтар дайындау.
- мәтін ішінен мезгіл, мекен үстеулерін тауып, сұрақ қою.
- берілген үстеулерді мағынасына қарай екі топқа орналастырыңдар.
Ертемен, боранда, аязды күні, таң атысымен, ауылда, қалаға, алыста, жақын маңда, алдыңғы жақта, артта, келесі жылы, алдыңғы күні, іште, анда, ана жақта, ерте, кештете, мұражайда...

Мұғалім: Масалимова Г. А.
Үстеу жүктеу
2 515
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөздік ағылшын тілінен
Сөздік ағылшын тілінен
Ағылшын тілінен сөздік
Мəліметтер жинау
Мəліметтер жинау
Бөлім. Жиынды жəне оның элементтерін белгілеу
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, Астана өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау үйрету.
Туған өлкем
Туған өлкем
Табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу. ТМ: Әнді сезіне арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу
«Шәкірт балаларға» Жамбыл Жабаев
«Шәкірт балаларға» Жамбыл Жабаев
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Дюсебаева Алтынай Орыспайқызы
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×