Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі

10 наурыз 2019, Жексенбі
Сабақ тақырыбы: Б. Соқпақбаев. «Менің атым - Қожа» повесі
Жалпы мақсат: Б. Соқпақпаевтың өмірі, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру, толықтыру;
Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын ояту;
Оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
3. 6 - сыныпқа арналған оқулығы
4. Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі:
*Оқушыларға мәтіннің мазмұнын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру;
*Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру;
*Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер, веен диаграммасы.
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер, оқытуда АКТ - ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

ІІІ. Жаңа тақырып 1. Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы?
“... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап - түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез - құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”
2. Жазушының қандай шығармалары бар?
- «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе - жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион»,
«Алыстағы ауылда» т.б.
3. «Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер?
Менің атым Қожа
Жанр: комедия, жанұялық
Мемлекет: Қазақстан
Шыққан жылы: 1963
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев
Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев
Сценарий: Б. Сокпақбаев, Н. Зелеранский
Сазгер: Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлерді сомдаған:
Қожа - Н. Сегізбаев
Сұлтан - М. Көкенов
Жанар - Г. Құрабаева
Жантас - Е Құрмашев
Миллат - (Қожаның шешесі) - Б. Римова
Рахманов - Қ. Қожабеков
Майқанова – Р. Мұхамедиярова
Қожаның әжесі - З. Құрманбаева
Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.
Менің атым - Қожа повесі жүктеу
3 370
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қожаның қиялы
Қожаның қиялы
Балалар, назарымызды енді фильмге аударайық. «Менің атым Қожа»фильмінен үзіндіні көрсете отырып, «Ой шақыру» стратегиясы бойынша мынадай сұрақтар қоямын.
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Б. Соқпақбаев өмір баянынан түсінік беру. Қожа арқылы қазақ халқының тұрмыс - тіршілігін әңгімелеу.
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» атты повесі бойынша толық мәлімет беру. Оқушылардың өлең бойынша пікірлерін тыңдау, негізгі идеяны ашу. Оқулық бойынша жұмыс атқару, өз ойының айырмашылығын ескере отырып, есте сақтау кестесі арқылы оқушылардың
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәуітова Гүлзада
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, «Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махымова Гульжаухар Бейсембаевна
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×