Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ш. Айтматов «Найман – Ана»

14 наурыз 2019, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Ш. Айтматов «Найман – Ана»
(«Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді)

Білімділік мақсаты: Ш. Айтматовтың романынан алынған үзіндінің мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбымен жазушының идеялық мұратын оқушыға жан-жақты меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Танымдық қызығушылығын, шығармашылық, ой - талдауға бейімділігін, өзіндік сын, көз - қарасын дамыту оқушының жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылықпен айналыса білетін тұлға қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ел тарихын, әдебиетін білуге, оны құрметтеуге, ұлылардың даналық сөздерінен өнеге алуға, адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа, ізгілікке, ар мен жан тазалығын жоғары қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Іздену, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, қайталау.
Көрнекіліктер: Оқулық, портрет, шығармалар жинағы, тіреу - сызбалар, үнтаспа, көрме «Қазақ - қырғыз бір туған» (Ш. Айтматов пен М. Шаханов шығармашылығының біртұтастығы)
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, саз.

Сабақтың жүрісі
І. Ұйымдастыру
1. Амандасу
2. Сабақтың тақырыбын, жүрісін таныстыру
3. Үй тапсырмасын тексеру

ІІ. Ой шақыру бөлімі: Біліміңді зерделе
1. Шыңғыс Айтматов қай елдің жазушысы?
2. Шыңғыс Айтматовтың қандай шығармаларын білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ: Шағын дәріс
А) Шыңғыс Айтматовтың шын мамандығы – табиғат сыйлаған жазушы. Бұл күнде Шыңғыс Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс шығармалары - әр елдің тілінде аударылып, оқырманын көбейтуде. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, азаматтық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды. Шыңғыс Айтматовтың ұстазы – Мұхтар Әуезов. Көрмеде көріп тұрғанымыздай поэзия әлемі ұлт таңдамайды. Әдеби шығармалары да достығы да тұтас дүние бола білген Мұхтар мен Шыңғысты бүкіл ел біледі. Осындай достықта туған шығармалары мәңгілік болмақ.

Ә) «Найман - Ана» үзінді суретін интерактивті тақта арқылы түсіндіру.
Ана басындағы ақ жаулық неге ақ құсқа айналды?

Б) Жазушы шығармасының тақырыбын, идеясын оқушыларға жете меңгерту.
Тақырыбы: Ана ерлігін насихаттау.
Идеясы: Адамзатты жауыздықтан қорғау.

IV. Ой - толғаныс бөлімі: «Адамдықтың қасиеті – елдігінен көрінер»
(Оқулықпен жұмыс)
1) Көрініс көрсету.

Қатысушылар: Найман Ана, Мәңгүрт, Маңғолдар.

Музыка жәймен ойналып тұрады.

Ана:
- Отыр, сөйлесейік. Сенің атың кім?
Мәңгүрт:
- Мәңгүрт.
Ана:
- Мәңгүрт деп сені қазір атайды. Ал бұрынғы атың есіңде ме? Есіңе түсірші шын атыңды.
- Әкеңнің атын білесің бе? Әкеңнің аты кім? Өзіңнің елің қайда, руың кім? Тым құрыса, туған жеріңді білесің бе?
- Құдай - ау, қандай күйге душар қылған сені!
- Ау, жерді, суды тартып алса, мейлі, байлығыңды тартып алса, мейлі, тіпті жаныңды алса да, мейлі.
- Ау, адамның ақыл - ойын тартып алуды қандай қара жүрек ойлап тапты, Құдай - ау?! О, Құдай, бар екенің шын болса, мұндай сұмдық жұртқа қалай дарыттың? Жер бетінде басқа сұмдық аз ба еді?
- Сенің атың – Жоламан. Естимісің сен? Сен – Жоламансың. Әкеңнің аты – Дөненбай. Әкеңдіұмытып қалдың ба, құлыным? Ол саған титтейіңнен садақ атуды үйретіп еді ғой. Мен сенің анаңмын. Мен менің баламсың. Мен найман руынан боласың, ұқтың ба? Наймансың сен...
Ана:
- Сен мұнда келгенге дейін не болды, білесің бе?
Мәңгүрт:
- Ештеңе де болған жоқ.
Ана:
- Мұнда келгеніңе де күндіз бе еді, түн бе еді?
Мәңгүрт:
- Ештеңе де.
Ана:
- Кіммен сөйлескің келеді?
Мәңгүрт:
- Аймен. Бірақ біз бір - бірімізді естімейміз. Айда біреу отыр.
Ана:
- Тағы не қалар едің?
Мәңгүрт:
- Басымда қожаның басындағыдай бұрым болса.
Ана:
- Келші бері, басыңа олар не істеді екен, көрейін.
- Анау кім?
Мәңгүрт:
- Маған ауқат алып келе жатыр.
Ана:
- Сен ештеңе айтпа. Мен кешікпей келемін.
Маңғол:
- Келген кім?
Мәңгүрт:
- Ол маған шешеңмін дейді.
Маңғол:
- Қайдағы шешең ол сенің! Шешең жоқ сенің! Теріңді сыпырып тастамақшы! Ені келгенде мына садақпен ат!
Ана:
- Жоламан! Құлыным менің, Жоламан, қайдасың? Жоламан! Қайдасың құлыным?
Анасын Мәңгүрт ұлы атып құлатады.

Сұрақтар беру.
1. Осы көріністен нені байқадың?
2. Жауыздық – адамзатқа тән бе?
3. Ана - Бейітті халық неге соншама қадір тұтады?
4. Найман - Ана ерлігін қалай қабылдадың?
5. Найман - Ана баласын не үшін жау қолынан алып қашпақ болған?
(мәтіннен тауып оқу)
6. Сарыөзек тағдырына пікірің қандай?

V. Ғылыми ізденіс бөлімі: «Ертеңін ойлаған ұрпақ азбас!»
1. Мәңгүрттік дегеніміз не?
2. Зомбилық деген не?

Оқушылар өз пікірін талдағаннан кейін кесте құру.
Ш. Айтматов «Найман – Ана» жүктеу
8 666
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ш. Айтматов: Атадан қалған тұяқ
Ш. Айтматов: Атадан қалған тұяқ
Мәтінді меңгерту. Идеясын ашу. Мәтінмен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру. Жаңа сөздерді меңгерту. Ұлы Отан соғысы жайында ұғым қалыптастыру. 2. Ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту.
Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Ерте келген тырналар» хикаятын меңгерту.
Шыңғыс Айтматов. «Найман - Ана» үзіндісі
Шыңғыс Айтматов. «Найман - Ана» үзіндісі
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пірімова Әсем Әбдірахманқызы
Шыңғыс Айтматовтың "Найман-Ана" ("Ғасырдан ұзақ күн" романнан үзінді
Шыңғыс Айтматовтың "Найман-Ана" ("Ғасырдан ұзақ күн" романнан үзінді
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылы Т.рысқұлов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Темиркулова Мадина Сулейменқызы
Шыңғыс Айтматов «Найман – Ана
Шыңғыс Айтматов «Найман – Ана
№6 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ихуанова Гүлзада Зинеденовна
Шыңғыс Айтматов «Найман ана», «Ғасырдан да ұзақ түн» романынан үзінді
Шыңғыс Айтматов «Найман ана», «Ғасырдан да ұзақ түн» романынан үзінді
БҚО, Орал қаласы, №1 жалпы орта білім беретін мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алипова Гүлназ Түрақбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×