Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дауыссыз дыбыстар

14 наурыз 2019, Бейсенбі
Сабақ жоспары
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

IV Жаңа сабаққа дайындық
1. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар: б, в, г, ғ, ң, қ, һ, й, ц, к, н, ш з, х,, ф, п,, р, л, д, ж, ч, с, м, т.(у). Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар. Щ – дыбыс емес, әріп. Ол щ созылыңқы( қос) ш дыбысының таңбасы.
Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі:
1. Дауыссыздарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.
2. Дауыссыздарды айтқанда, үн бәсең, солғын болады.
3. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
4. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығысып, салдыр пайда болады. Сонықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.

VІ. Түсінік тексеру
1. Оқулықпен жұмыс
261 - жаттығу(ауызша)
* Мәтінді оқып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.

262 – жаттығу
• Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту

2. Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
1. Дауыссыз дыбыстарды ретімен жазып шық
2. мәтіннен дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс – тіршілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі – бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген. (Ж. Смағұлов)
ІІ деңгей
1. Дауыссыз дыбыстардың дауысты дыбыстардан айырмашылығы неде?
2. Дауысты дыбыстардың салдыр мен үннің қатысына қарай бөлінуін жазып шық және мәтіндегі дауыссыз дыбыстарға фонетикалық талдау жаса.
Адамның бір атаның балалары екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екен де даусыз.
ІІІ деңгей
5. Жұп дауыссыздарды жаз және мысал келтір.
6. Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса және дыбыс болмайтын әріптерді тап.
Қою, қоян, ноян, фельетон, стиль, аю, кею.

VIІІ. Сабақты қорыту
1. Бағалау
2. Үйге тапсырма:
1. Дауыссыз дыбыстар туралы түсінік.
2. 265 - 270 - жаттығулар
Дауыссыз дыбыстар жүктеу
4 678
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстар саны - 25. Дауыссыз дыбыстар түрлері 3-еу қатаң, ұяң, үнді.
Ұяң дауыссыздар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ұяң дауыссыздар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді. Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздар мыналар: б, в, г, ғ, д, з,
Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді. Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э.
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы, і, и, у, ү, ұ.
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×