Білімділер поралы

Атасы мен немересі. Спандияр Көбеев

Тақырыбы: Блум таксономиясына негізделіп құрылған сабақтар жоспары.
Тақырыбы: 2 - сынып. Атасы мен немересі
Спандияр Көбеев.
Мақсаты: Мәтінді талдап, өмірдегі ситуациялық жағдаяттардан шыға білу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, яғни функционалды оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттерін жетілдіру, жылдам оқу, оқығанын түсіне білуге үйрету.
Оқушыларды үлкенді сыйлау, құрметтеу, ата - анасына мейіріммен қарауға, айнала қоршаған ортасында болып жатқан жағдаяттарға немқұрайлы қарамауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Блум таксономиясы негізінде құрылған аралас сабақ.

Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар орнынан тұрып, сабаққа келген қонақттармен сәлемдеседі. Сабақ тақырыбы, мақсаты хабарланады. Оқушылардың сабақта өдерін мектеп ережесіне сай ұстауы ескертіледі.
Треннинг: Қадірлі атам мен әкем, мерейлі әжем мен аяулы анам анам... – деген сөзден кейін «сіздерге» сөздерін жалғастырып оқушылар өз тілектерін білдіреді. Мысалы зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат т. б

Өткен сабақққа шолу: «Ата ақылы» тақпағын бір оқушы айтады, ал екі оқушы ақылдың мағынасын айтып береді.
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.

Жаңа сабақ: Оқушылар бүгінгі әңгіменің авторы Спандияр Көбеев туралы қысқаша мәліметті айтып береді.
Спандияр Көбеев 1878 жылы туып, 1956 жылы 78 жасқа қараған шағында өмірден өткен. Ол Қостанай облысында туған. Балаларға арналған «Үлгілі бала» атты кітабы бар.
Тапсырмалар:
Білу. Әкесі көріп: «Шырағым не ғып жатырсың?»- дейді. Сонда баласы «Аяқ істеп жатырмын, шешем екеуің атам құсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйыпберемін»,- дейді.
1. Бұл үзінді қай әңгімеден алынған?...................................................................
2. Әңгіменің авторы кім?.....................................................................................
3. «Аяқ» сөзі бұл жерде қандай мағына беріп тұр?.............................................
4. Осы әңгіменің тобықтай түйінін қандай мақалмен жеткізуге болады.
(Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.)
Түсіну. Мәтіннен қартаюдың белгілерін теріп жаз.

Сұраққа жауап бер. Әңгімеден үлкенді сыйламауды қандай әрекеттерден білуге болады?
1. Алдына жаман дастархан жайды.
2. Тамақты жаман ыдысқа құйып берді.
3. Бөлек отырғызатын болды.
Қолдану. Екі бала автобуста отыр. Келесі аялдамадан автобусқа қолында сөмкесі бар қарт әже кірді. Зейін орнынан атып тұрып, әжейге орынын берді. Ал Сұлтан терезеден сыртқа қарап, байқамаған болып отыра берді. Әжей түсуге дайындала бастады, қолындағы сөмкесінен алма алып Зейінге, содан соң Сұлтанға да берді. Автобустан түсіп бара жатып, Зейінге «Балам, жасың ұзақ болсын! Үлкенді сыйлап орныңды бергеніңе рахмет!»- деді. Сұлтан өзінің әдепсіздік көрсеткеніне өкініп кетті. Қолындағы алманы не жерін, не жемерін білмей келе жатты. Зейін оған: - Алмаңды жесейші, өте тәтті екен,- деп қояды.
Қарттарға сый көрсетудің түрлерін жаз.
1. Үлкенге орын беру.
2. Тілін алу, жұмсаса айтқанын тез орындау.
3. Мерекелерде сыйлық жасау.
4. Үлкен кісінің алдын кесіп өтпеу.
5. Сәлем беру.
Талдау.
1. Баланың әке - шешесінің қателігі неде?
2. «Көрген көргенін істейді» деген мақалдың осы әңгімеге қатысы бар ма? Бар болса өз ойыңды жаз.
Жинақтау.
1.«Қарттар үйі» тақырыбына эссе жаз.
2. Қарттар үйін болдырмау үшін не істеу керек деп ойлайсың?

«Теміртау қаласы
№ 3жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Орындаған: бастауыш сынып мұғалімі Манапова Жанар Пулатовна
Атасы мен немересі. Спандияр Көбеев жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 194
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 194
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика