Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс түрлері

07 сәуір 2019, Жексенбі
Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс түрлері
Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты - оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет - ғұрпын, тарихын танып білуге талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс – тіршілігімен жан – жақты терең таныстыру.

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:

1. Дыбыстармен жұмыс.
2. Сөздіктермен жұмыс.
3. Сөздік қорларын жетілдіру.
4. Тіл дамыту.
5. Ережемен жұмыс.
6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.

Мәтінмен жұмыс жоғарыда айтылған сабақ кезеңдерін бір жүйеге келтіреді. Мәтінмен жұмыс істегенде әр түрлі әдіс - тәсілдер қолданылады. Бірақ сол қолданылатын әдіс - тәсілдердің мақсаты оқушыларға айқын болуы керек. Қазақ тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар - балаларды қазақша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір - бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Осыған орай оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайықтап беріледі. Кітаптағы мәтіндердің күрделігі сол мәтіндермен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне сай болу керек. Осыған байланысты мәтінмен жұмыс істеуді түрлі әдістермен жүргізуге болады. Мәтінмен жұмыс істеудің алғашқы түрі - мәтінді дұрыс оқи білуге дағдыландыру. Ол үшін қазақ тілінде оқудың төмендегідей ерекшелігін меңгерткен дұрыс.

- Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы, жазылуы.
- Ол дыбыстарды айтылу, жазылу жағынан бір - бірінен ажырата білу.
-«О» дыбысының қазақ тілінде ешқандай өзгеріссіз болатынын орысша айтылуымен салыстыра түсіндіру.

Мұғалім мәтінді оқудың мынандай түрлерін пайдаланады:
а) Дауыстап оқу. Оқушының мәнерлеп оқуын қадағалайды. Оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және оны түзетеді.
ә) Іштей оқу. Оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға іштей оқу үшін мәтін береді, қай жерге дейін оқу керектігін айтады, әркім белгіленген жерге келгенде кітаптарын жауып, мұғалімге бітіргенін айтады. Осыған қарап мұғалім олардың оқу шапшаңдығын анықтайды.
б) Араласып, кезекпен оқу.
в) Буынға бөліп оқу.
г) Мәнерлеп оқу.

Оқушының мәтінді түсіну қабілетін әр түрлі әдіс – тәсілдер қолдана отырып анықтауға болады. Бұл жерде күнделікті сабақ сайын мәтіннің бір сөзін қалдырмай аударып, тек осындай аударма жұмысымен шектеліп қалмау керек. Ол балаларды зеріктіріп, ынтасын кемітіп, ойлану қабілетін тежейді. Сол себепті әр түрлі әдістерді қолдануға болады:

1. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару;
2. Оқыған мәтіннің мазмұнын айтқызу, қазақ тілінде жеткізуге қиналса, орыс тілінде айтқызу;
3. Мұғалімнің сұрағына дайын жауап беру;
4. Берілген мәтіндегі ойды бірнеше сөйлемдер арқылы айтып беру;
5. Оқыған мәтінге немесе бөлімге тақырып қою;
6. Үлестірмелі кәртішкелерге мәтінді түсінгенін айтуға көмектесетін тірек сөздер жазылады. Сол бойынша мәтіндегі ойды әңгімелейді;
7. Мәтіннің мазмұнына сай келетін суреттерді таңдап алып, соларды пайдалана отырып, әңгіме құрауға болады;
8. Жоспар құрғызып, мәтіннің мазмұнын түсінгендерін тыңдау;

Мәтінмен жұмыс істеу мұғалімнің жан - жақты ізденуін, дайындалуын қажет етеді. Мұғалім барлық жұмыс түрлерін қадағалап отыруы тиіс. Мәтінді толық түсіну үшін арнайы тапсырмалар беріледі, олар оқылады.

Мәтін бойынша төмендегідей тапсырмалар беруге болады:
1. Сөздікпен жұмыс;
2. Жай сөйлемнен сұраулы сөйлем жасау жұмысы;
3. Сөйлемдерге жауап беру;
4. Синоним, омоним, антоним сөздерін табу;
5. Сөздерді септеу, жіктеу жұмысы және т. б.

Осындай тапсырмалар арқылы оқушылар мәтінді меңгереді. Бұл тапсырмаларды орындау барысында мұғалім бақылау жүргізеді, жіберген қателерін үнемі дер кезінде түзетіп отыруы тиіс.

Осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың ой – өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Мәтін - адамдар арасындағы тілдік қатынас, яғни, адам ойын мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды. Мәтін - ойлау, хабарлау, қабылдау, баяндау құбылыстармен тығыз байланысты, адамдар арасындағы тілдік қатынасатын іске асуына негіз болатын жүйелі тұлға.

Қазақ тілі сабағын оқытуда жаңа технологияның өзіне тиімдісін қолдана отырып оқушының мүмкіншіліктеріне қарай деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар, тіл байлығын, сөздік қорын байытуға арналған мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, оқушылардың білім сапасын жоғары көтере алады. Білім сапасын көтеру дегеніміз – оқушыны жоғары деңгейге көтеру. Осы мақсатты алға қоя отырып, тіл үйретуде мәтінмен жұмыс түрлерін тиімді пайдалансақ, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысы қалыптасады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Ана тілі, 1996.
2. Республикалық ғылыми - педагогикалық басылым. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде № 9 2004ж., № 12 2004ж.
3. Оралбаева Ф. Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі., Алматы, 2000 ж.

Нүрилә Хасенқызы Хамзина
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
«№40 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Семей қаласы
22 658
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ағылшын тілі сабағында мәтіндермен жұмыс жасау арқылы оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін арттыру
Ағылшын тілі сабағында мәтіндермен жұмыс жасау арқылы оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін арттыру
Ағылшын тілі сабағында мәтіндермен жұмыс жасау арқылы оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін арттыру
Шохан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»
Шохан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»
Еңбектің мән - мазмұнын білу, Шоқанның әмбебап ғалым екендігін тану
Қазақ тілі пәні бойынша орыс тілінде оқытылатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ойын түрлерінің жинағы
Қазақ тілі пәні бойынша орыс тілінде оқытылатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ойын түрлерінің жинағы
Қазақ тілі пәні бойынша орыс тілінде оқытылатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ойын түрлерінің жинағы
Қыстырма сөздер
Қыстырма сөздер
Қызылорда қаласы, №112 орта мектеп Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосбармахова Руза Ақсырғақызы
Қазақ тілі сабағы бойынша 2 - сыныпқа арналған дидактикалық тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі сабағы бойынша 2 - сыныпқа арналған дидактикалық тапсырмалар жинағы
Н. Островский атындағы Аманқарағай орта мектебі» ММ Дайындаған: Жұмабекова Қуаныш Бақытжанқызы
Ағылшын тілі сабағында мәтінмен жұмыс істеу түрлері»
Ағылшын тілі сабағында мәтінмен жұмыс істеу түрлері»
Қазіргі буынға ағылшын тілі оқулықтарында оқушының еркін сөйлеуіне үйретуде, коммуникативтік тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында қолдануына дағдыландыруда соңғы әдістемелер қолданылған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×