Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еліктеуіш сөздер

22 сәуір 2019, Дүйсенбі
Қазақ тілі
Сабақтың атауы: Еліктеуіш сөздер
Мақсаты: Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру. Оқушылардың сауаттылығын, танымдылығын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекіліктері: қима қағаз, суреттер
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану

Cабақтың басы
Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу
- Сабаққа әзірліктерін тексер
- Көңіл - күйлерін білу;
Ширату жаттығуы: «Өрмекшінің өрмегі»
– Балалар, шеңбер болып тұрып тоқыма жіпті бір - бірімізге өткен сабақ бойынша айту арқылы «өрмекшінің өрмегін» құрамыз.

Үй тапсырмасын тексеру
Мысалдар. Көңіл - күй одағайы. Жекіру одағайы. Шақыру одағайы. Тұрмыстық өмірдегі одағайлар.
алақай
құру - құру
рахмет
пай - пай
жетер
шөре - шөре
кеш жарық
кәне
түу
моһ - моһ
сәлем
тәйт
ойпырмай

Қызығушылықты ояту
Тәжірибе көрсету (өмірмен байланыстыру) "Дыбыстық еліктеуіш" сөздерді ұғыну:
А) Сіріңкені жағып, стақандағы суға батыру
- От қалай сөнді? (От быж етіп сөнді )
- Дыбысты қай сезім мүшелері арқылы қабылдадыңдар?(құлағымызбен естідік)
Ә) Сағат аламын да, стол үстіне қоямын
- Сағат қалай жүріп тұр? (Сағат тық - тық жүріп тұр)
Б) Барабан соғу
- Барабан қайтті? (Барабан дүңк - дүңк етті)
В) Шар үріп, жару
- Шар қалай атылды? (Шар тарс етті)
Сұрақ; Өздерің байқағандай, не көріп, не естідіңдер? Дыбыстарды қай сезім мүшесімен қабылдадыңдар?
Бейнелеуішті ұғындыру: Оқушының атын атап шақыру, өзіме қарату (жалт қарау)
Шам жағып, сөндіру (жарқ ету)
Мұғалім жүріп келе жатып, кенет тоқтау ( кілт тоқтау)
Сендер біраз нәрсені көрдіңдер, не ұқтыңдар? (ереже шығарту, оқулықпен салыстыру)
Сонымен, оқушылар, табиғаттағы, күнделікті өмірдегі дыбыстарды, қимылдарды естіп немесе көзбен байқаймыз. Тіліміздегі кейбір дыбыстарды, дауыстарды көзбен көріп бейнелеп, екінші бір сан алуан сөздерді құлақпен есту арқылы анықтаймыз

Жаңа сабақ
Бүгінгі тақырыбымыз: «Еліктеуіш сөздер»
1. Табиғаттағы, айналадағы әртүрлі дыбыстарға,
қимыл - әрекеттерге еліктеуден пайда болған сөздерді еліктеу сөздер деп атаймыз..
2. Құлақпен есту арқылы пайда болған сөздер – еліктеуіш сөздер.
3. Көзбен көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер – бейнелеуіш сөздер.
4. Көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады.

Видео көрсету
Еліктеу сөздер – айналадағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл - әркеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер.
Мысалы: Мырс етіп күлді.
Бүлк - бүлк желіс.
Былш ете қалды.
Тырс - тырс соқты.
Оқулықпен дәптермен жұмыс
1, 2, 3 - жат ауызша орындау
4 - жат өзіндік жұмыс
5 - жат. Жұмбақтарды оқы. Еліктеуіш сөздерді тауып жазу.

Мұғалім: Бисембиева А.
Еліктеуіш сөздер жүктеу
3 214
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бейнелеуіш сөздер
Бейнелеуіш сөздер
Бейнелеуіш сөздер туралы түсінік беру, бейнелеуіш сөздердің еліктеуіш сөздерден айырмашылығын таныту.
Еліктеу сөз туралы түсінік. Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөз туралы түсінік. Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Оқушыларға еліктеу сөз туралы толық мағлұмат бере отырып, жасалу жолдарын іс әрекетте орындау, мысалды талдау арқылы дәлелдей білуге үйрету.
Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Сабақтың мақсаты: Еліктеу сөздердің құрамдық ерекшелігін, басқа сөз таптарынан айырмашылығын таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Еліктеу сөз
Еліктеу сөз
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Султангереева Гулайым Орынгалиевна
Еліктеу сөз туралы түсінік
Еліктеу сөз туралы түсінік
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, "Кемербастау" жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Жуасова Нұржамал Кауысовна
Еліктеу сөздер, түрлері
Еліктеу сөздер, түрлері
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, Қ. Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Избасарова Бағдагүл Сайынқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×