Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тахауи Ахтанов “ Күй аңызы” әңгімесі

16 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Алматы облысы, Ескелді ауданы,
Шымыр ауылы, Мәншүк Мәметова орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
Саулебек Оспанжан Мырзабайұлы

Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов “ Күй аңызы” әңгімесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнын, күй өнерінің құдіретін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығарма кейіпкерлеріне жан-жақты талдау жасап, кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, өз ой-пікірін білдіруге дағдыландыру.
Тәрбиелік Еркін сөйлеуге, ашық пікір айта білуге баулу, өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, диалог, түсіндіру, жинақтау.
Көрнекілігі: суреттер, кейіпкер портреті, интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс: музыка, тарих.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен сәлемдесу.
Ә) Оқушыларды түгендеу.
Б) Сабаққа назарын аудару.
Психологиялық дайындық:
Қызығушылығын ояту:
ІІ. Жаңа сабақ
ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау кезеңі.
4. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі.
6. Бағалау .
7. Үйге тапсырма:

Психологиялық дайындық: «Бозінген» күйін тыңдату.
Қызығушылығын ояту: суреттер тізбегі көрсетіледі.
күйші қарт, түйе, домбыра.

Сұрақтар:
1.Бұл үш суреттің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?
2.Біз жоғарыда қандай күйді тыңдадық?
3.«Бозінген» күйінің шығу тарихын білеміз бе?
Суреттерді таңдату арқылы үш топқа бөлемін.
1-Топ Өнер тобы.
2- топ Күй тобы.
3- топ Күйшілер тобы
Білемін+
Білдім +
Білгім келеді ?

1-тапсырма: Топтық жұмыс жасалынады.
Өнер тобы: Өнер сөзінің білдіретін мағынасы қандай?.Қазақ халқының қандай өнерін білесіңдер?
Күй тобы: Күй сөзінің білдіретін мағынасы қандай? Қазақтың қандай күйлерін білесіңдер?
Күйшілер тобы: Күйші сөзін қалай түсінеміз? Қазақтың қандай күйшілерін білесіңдер?
Әңгімені композициялық құрылымына талдау.
1. Оқиғаның басталуы (экспозициясы)
Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.
1. Оқиғаның дамуы
Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.
1. Оқиғаның шиеленісуі
Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.
1. Оқиғаның шарықтау шегі
Жаңа күйдің пайда болуы.
1. Оқиғаның шешімі
Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі.

2-Тапсырма: Әңгімеден үзінді беру.
І топ Өнер тобына: Қарт күйшінің Оразымбетке менің күйімді үлгі етсең де, менің өмірімді үлгі етпе деген сөзін қалай түсінеміз?
ІІ топ Күй тобына: Естемес күйшінің “күйге қыз берген қазақты әлі көрген жоқпын”- дегенінен не түсінуге болады?
ІІІ топ Күйші тобына:Бозінгенді көргенде Оразымбет қорықты. Естемес жан –жарасын түсініп аруана деп атады. Боз інгенмен Естемес қарттың өмірінде қандай ұқсастық бар?
Сабақты пысықтау.
суреттер тізбегі көрсетіледі: жылқы, қамшы, домбыра.
Үш топқа ортақ сұрақ:
Бұл суретті кімнің өмірімен байланысты деп ойлайсыңдар?
Сергіту сәті: Сәкен Тұрысбеков «Көңіл толқыны» күйін тыңдату. Ғажайып баққа саяхат жасау (көздерін жұмып, күй сарынымен ғажайып баққа саяхат жасайды. Көздерін ашқаннан кейін өздеріне ұнаған суреттерін салады).

3-тапсырма: Сөздер сөйлейді ойыны.
І топ Өнер тобына: - Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер. Жаңылға қандай мінездеме берер едіңіз?
ІІ топ Күй тобына: - Өлімнен ұят күшті . Шалға қандай мінездеме берер едіңдер?
ІІІ топ Күйші тобына: -“ ...Он алты-он жеті жаста болар...”, “...ұзатылар уақыты да жеткен екен ғой..”, - деп ойлады ішінен күйші. Қазіргі кезбен салыстырғанда не айтар едіңдер? Қалай ойлайсыңдар?
Сабақты бекіту кезеңі.
1. Жаңыл неге екі күйші де өнерлеріңді бірдей салыңдар деп айтты?
2. Естемес қарт неге өз өмірін өзгертуден бас тартты?
3. “Заманым өткен екен ғой”, - деп неге күрсінді?
Сабақтың қорытынды кезеңі.
Білемін
Білдім
Білгім келеді

Бағалау: критерий арқылы өздерін бағалайды.
Үйге тапсырма: “Қазақтың күй өнері” шығарма жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
35 335
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Күй - музыкалық жанр, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында орындалатынын біледі; Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы және адамгершілікке баулу, білім алу, еңбек ету.
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық - идеялық мазмұнын, құрылымдық және көркемдік ерекшелігін танытып, күй өнерінің құдіретін ұғындыру.
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады.
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №14 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сундетбаева Оразгул Ибрайымовна
Тахауи Ахтанов “Күй аңызы” әңгімесі
Тахауи Ахтанов “Күй аңызы” әңгімесі
№194 орта мектебінің мұғалімі Мақұлбекова Жамал
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Астана қаласы, № 45 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мухтарова Гульжайнар Кабдолдиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×