Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әке мен бала Ыбырай Алтынсарин

22 мам 2019, Сәрсенбі
Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889)
ӘКЕ МЕН БАЛА
Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсарин өмірі, шығармашылығы, еңбек жолы туралы білімдерін тереңдете түсу. Ы. Алтынсарин «Әке мен бала» әңгімесін жан - жақты талқылау.
Дамытушылық: «Әке мен бала» әңгімесінің негізгі идеясын, тақырыбын, айтар ойын оқушылардың жүрегіне жеткізу. Оқушыларды өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын толық жеткізе білуге төселдіру.
Тәрбиелік: Педагог - жазушының халыққа берген бағыт - бағдарын оқушылар бойына дарыту, үлгі ету.
Оқушыларды еңбекқорлыққа баулу, жаман әдеттен сақтандыру.

Тіл дамыту:
Балалар!
Мен сабағымды Ж. Баласағұнидің мынадай сөздерімен бастағым келіп тұр:
“Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та, бақыт та қонбайды.”
Ал енді сендер адамның қандай жақсы қасиеттерін білесіңдер?

Шығармашылық жұмыс
«Жақсылық тамшысы» атты шығармашылық жұмыс. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін жазып жеткізеді. Мұғалім тақтадағы ақ қағазға тамшыларды ілуді ұсынады. Тамшыны іліп жатқанда әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.

К І Р І С П Е
Біз өткен сабақта қандай ақынмен таныстық?
СҰРАҚ - ЖАУАП
Ы. Алтынсарин кім?
Ы. Алтынсарин қай жерде туған?
Ол балаларға арнап не ашты?
Ыбырайды кім тәрбиеледі?
Ы. Алтынсариннің қандай шығармалары бар?

Яғни, балаларға тәлім – тәрбие беруде ақын – жазушыларымыздың шығармалары өте көп, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» атты әңгімесімен танысамыз.
Осы мәтінде жаңа өздерің айтып кеткен адамның жақсы қасиеттерін кездестіреміз.

ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ЖҰМЫС
Ескі таға - старая подкова
Ала жүр - захвати собой
Иіліп алды - наклонился и взял
Ұста – кузнец
Шие – вишня
Баласына қарамай - не обращая внимания на сына
Аяңдап жүрді – шли медленно
Жерге түсті – упал на землю
Еріну – полениться
Азға қанағат ету – довольствоваться малым
Көптен құр қаласың – останешься ни с чем

ӘКЕ МЕН БАЛА
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу қайтып келе жатса, жолда
қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
Анау тағаны, балам ала жүр, - деді
Бала әкесіне:
Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты.
Одан біраз жер өткен соң, шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір - бірлеп алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз өткен соң, әкесінің қолынан бір шие түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма - жан жерден алып, аузына салды. Шамалы жүрген соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып,
баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты:
Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын:
Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың: азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаларсың, - деді.

С Е Р Г І Т У С Ә Т І
Достығы жарасқан,
Сыйлы біз баламыз.
Келісіп бәрімен,
Татулық табамыз.
Бәріміз бір болсақ,
Бәрін де жеңеміз.
Күндей боп күлімдеп,
Таудай боп өсеміз.

МӘТІН ЖӘНЕ ӨТКЕН ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СҰРАҚ - ЖАУАП
1. Ы. Алтынсарин қандай кітап жазды?
2. Ы. Алтынсарин кім?
3. Әкесі жолда не тауып алды?
4. «Анау тағаны ала жүр, балам» - кімнің сөзі?
5. Баласы не деді?
6. Әкесі тағаны не істеді?
7. Мәтінде кездесетін мақалды тап?
8. Әкесі баласына шиені неге бермеді?
9. Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
10. Бұл әңгіме сендерді неге үйретті?

С Ө З Ж Ұ М Б А Қ
С Ұ Р А Қ Т А Р:
1. Ы. Алтынсарин кім?
2. Ы. Алтынсаринді кім тәрбиеледі?
3. Шиені неше... сатып алды?
4. Ы. Алтынсарин қазақ балаларына арнап не жазды?
5. Әке мен бала не тауып алды?
6. Ы. Алтынсарин қайда туған?

- Бағалау
- Үйге тапсырма
- Мәтінді әңгімелеу
- Еңбек туралы мақал - мәтел жаттау

Жүректен - жүрекке
Оқушылар тағаны жақсы тілек айта отырып бір - біріне сыйлайды.
Әке мен бала Ыбырай Алтынсарин слайд жүктеу
2 289
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
“Салақтық” Ы. Алтынсарин
“Салақтық” Ы. Алтынсарин
Тазалық - денсаулық кепілі
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін кеңейту
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Атырау қаласы, М.Өтемісов атындағы орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғалімі Нургуль Темиргалиева
Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы
Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ
Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ
Қызылорда қаласы, №261 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қойшыбаева Гүлдана
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×