Білімділер поралы

Төте жазу. Қазақтың тұңғыш әліпбиі

Сабақтың тақырыбы: Төте жазу. Қазақтың тұңғыш әліпбиі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Ұлттық тіл тарихының қалыптасу жолымен және ұлы ғалым А. Байтұрсынұлы негізін қалаған төте жазу жүйесі ерекшеліктерімен танысу, оның тарихи маңызын ұғыну.
ә) тәрбиелік: «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын ұғынуға баулу.
б) дамытушылық: Өз ой - пікірін еркін, жүйелі жеткізе білуге үйрете отырып, тіл байлығын, сауатты жазу дағдысын арттыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтастыру, түсіндіру, СТО технологиясының әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, үлестірмелі парақшалар, интерактивті тақта.

Пайдаланылған әдебиет:
Р. Бердібай, Р. Нұрғали, Б. Ыбырайым «Қазақ тілі 10 - сынып»
Алматы: «Мектеп»2006. Интернет желісі.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың жүру тәртібі:
І. Ұйымдастыру. Білім алушылармен амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Миға шабуыл» - әдісі. Өткен сабақта берілген тақырып бойынша сұраққа жауап береді.
Білім алушылардың сөздік қоры, ауызекі сөйлеуі дамиды.
«Бір айналым сөйлем» әдісі бойынша үй тапсырмасын бір - екі білім алушы қорытындылайды.

ІІІ. Қызығушылықты ояту.
«Ой қозғау» әдісін пайдалана отырып, сұрақтарқою:
1. Ескі жазба тілі қай ғасырдан басталды?
2. Түркі тілдеріне ортақ тарихи жазба мұралар негізінен неше дәуірді қамтиды?(көне, орта, жаңа дәуірлер)
3. Әліпби дегеніміз не?(әріптердің жүйелі тізбегі)

ІY. Мағынаны тану.
«Өзім үшін жазу»- әдісі арқылы білім алушылар өзіне керекті мәліметті жазып алады.
ХХ ғасырдың басында халқымыздың ұлы перзенті, ғұлама ғалым А. Байтұрсынұлы ескі қазақ жазба тілін күллі қазақ халқының игілігіне айналдыру идеясын ұсынды. Жазу - сызуды демократияландыру арқылы күллі халықты сауаттандыру ісіне бар білімін, күш – жігерін салды. халықты жаппай сауаттандыруды, білім беруді тезірек қолға алмаса, қазақ қоғамының заман ағымына ілесе алмай, қалып қоятынын терең түсіне білген ғалым жүйесі аса күрделі ескі жазба тіліне түбегейлі реформа жасады. Алдымен араб әліпбиін пайдалана отырып, халық тілінің тоғыз дауысты(а - ә, ы - і, о - ө, ұ - ү, е) тұратын дыбыс жүйесін негізге алып қазақ әліпбиін түзді.
Қазақ әліпбиі — қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. А. Байтұрсынұлы ұсынған жазу жүйесі жалпақ жұртшылықтың ықыласына бөленді. 24 әріптен тұратын жүйесі ұғымға жеңіл, емлесі оңай болды. Жұртшылық сондықтан бұл жазуды бұрынғы жазудан бөлектеп,, төте жазу, төте оқу деп атады. А. Байтұрсынұлының төте жазуын тек қазақ зиялылары емес, әлемдік тіл ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Е. Д. Поливанов,, фонетика зерттеушісі Яковлевтер жоғары бағалады. Алайда төте жазудың кеңестер одағындағы ғұмыры ұзаққа бармады. 1929жылы қазақ жазуы латын графикасына негізделген, 29 әріптен тұратын жазуға көшті. Ал 1940 жылы қараша айынан бастап латын негізді қазақ жазуы 41 әріптен тұратын орыс графикасына бейімделген жазуға көшті.

ІІІ. Білімді бекіту.
«Сұрақ – жауап» - әдісі. Өтілген тақырып бойынша сұраққа жауап бере отырып, ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс жасауға жұмыстанады.

«Бес жол өлең / Сенквейн»- әдісі бойынша білім алушының қаншалықты тақырыпты меңгергендігін анықтауға болады. Білім алушылар алған ақпараттарын түйіндеп айтуға, өздерінің ойларын аз сөзбен, нақты жеткізуге жұмыстанады.

«Ыстық орындық» - әдісі. Өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында, сабақты жақсы меңгердім деген білім алушы шығып, ыстық орындыққа отырады, осы білім алушыға өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

ІҮ. Үйге тапсырма. Жаңа латын әліпбиі туралы ой - пікірлерін жазып келу.

V. Бағалау.
«Телеграмма»- әдісі. Білім алушылар бүгінгі күні алған әсерін немесе өз сұрақтарын стикерге жазып конвертке жабыстырады. Бұл сұрақтар мен ұсыныстар келесі сабақтың басында талқыланады.

Атырау облысы, Мақат ауданы,
«Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі» КМҚК
қазақ тілі және әдебиеті пән оқытушысы
Ахатова Мереке Құсымқызы
Төте жазу. Қазақтың тұңғыш әліпбиі. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 21
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 21
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика