Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балықшылар әңгімесіндегі табиғат апатымен арпалыс (Қан мен тер трилогиясынан үзінді)

13 шілде 2019, Сенбі
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Балықшылар» әңгімесіндегі табиғат апатымен арпалыс
(«Қан мен тер» трилогиясынан үзінді).
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі, шығармашылығы,«Балықшылар» («Қан мен тер» трилогиясынан үзінді) әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Журнал бойынша түгендеу.
3. Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
1. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
2. Шығарманың мазмұнын сұрап, табиғат апатымен арпалыстың зардабы.

Жаңа сабақ
Сыныпты екі топқа бөлемін.
Сабақтың эпиграфы.
1. Келешек үшін қиғылық ұрған қаншама асыл азаматтарымыз, аяулы боздақтарымыз қанын, терін төкті... Иә, қанын, терін төкті... Қан мен тер.. қан мен тер..
(Ә. Нүрпейісов).
2. Тақтадағы нақыл сөздерді оқыту арқылы жазушы шеберлігін таныту. І. Арал суы асыл ғой. Теңіз түбінде табаныңа бататын не тас, не ұйық жоқ, күмістей ақ қайыр бассаң сықыр - сықыр етеді.
(Ә. Нүрпейісов).
2. Ақшағыл ақ құм далада Айнала ұшқан шағала.
Қоштасқан айдын теңізбен Қайғылы, мұңды жағада.
З. Шығармаға отырар алдында тәуекелге бел байлаған әрбір кісіге таланттан басқа тағы да екі нәрсе керек еді: бірі - білім, екіншісі — тәжірибе.
(Ә. Нұрпейісов).
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі, шығармашылығы, «Балықшылар» («Қан мен тер» трилогиясынан үзінді) әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті жайлы түсіндіремін.
Әлиза — бұдан бұрын да тоғыз баласы өлген әйел; алты ұл, үш қызы үй сыртындағы қара молада.
Андрей — бауырмал, балықшыларды көрсе үйіріле кететін кішіпейіл жан. Жайраңдап күліп жүреді. Қазақтар оның ибалылығын ұнатып, оны өздерінің адамындай көріп: «Біздің сары бала» деп іш тартып тұрады. Қағаз тапса, сурет салатын өнері бар жігіт.
Федоров — бай, мінезіне қарай ел арасына «Тентек Шодыр» атанған, түсі суық, еңгезердей ірі кісі. Қол - аяғы ұзын, үнемі ашулы жүреді.
Еламан — балық аулайтын кедей кісі. Бетін үсік шалған, қап - қара. өзін Федоров қанша ұрса да былқ етпейтін қайсар жігіт.

Ой шақыру.
Балалар, бұл әңгіменің негізгі идеясы не? Әңгіме туралы ойларынды жұптап айтыңдар.
1. 1 - жұптық жұмыс. Арал туралы рефератты оқу.
2. 2 - топтық жұмыс. Топтастыру. Салыстыру кестесі:
3. Сұрақ - жауап.
I топ.
1) Кемедегінің жаны бір.
2) Әлиза әйелдің қайғысы.
3) Қадақ, гірдегі асымдық балықтар.
4) "Біздің сары бала".
5) Еламан өтініші.
II топ.
1) Жалмұраттың көмегі.
2) Дауыл кезіндегі қарбалас.
3) Ұйқысыз өткен түн.
4) Федоровқа тиген сүймен.
5) Өмір мен өлім.
6) Райдың қорқынышы.
4. Дәптермен жұмыс.
а) Федоровты Еламан өлтіргенде қандай ойда қалдындар?
ә) Бұл әңгімені қалай атар едіңдер?
5. Дебат.
Еламанның Федоровты өлтіргені дұрыс па, әлде бұрыс па?
Екі топтың арасындағы пікірталас.
6. Сөздікпен жұмыс.
Репеті — түрі, ыңғайы.
Қаратаз - болыстың есімі.

7. Қорыту. "Бес жолды өлең"
1. Балықшылар.
2. Еңбекқор, момын.
3. Аулайды. өткізеді, еңбектенеді.
4. Балықшылар өмірінің ауыр кезі.
5. Қазақтар.

Сабақтың қорытындысы: Сабақты сұрақ қою арқылы қорытындылаймын.
Бағалау: Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма: Шығарманы оқып, кейіпкерлерге мінездеме жазып, мазмұнын әңгімелеп келу.
Балықшылар әңгімесі. жүктеу
2 800
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері
Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері
Мағжан Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы, «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой - пікірін қалыптастыру
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, «Адамдық борышың» өлеңі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Күнделікті сабақ жоспары, Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас...»
Күнделікті сабақ жоспары, Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас...»
Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында туады.
Ә. Нұрпейісовтің "Балықшылар" әңгімесі
Ә. Нұрпейісовтің "Балықшылар" әңгімесі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Ә.Нұрпейісов "Балықшылар" әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті
Ә.Нұрпейісов "Балықшылар" әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×