Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімдар оқушы 2010

11 ақпан 2012, Сенбі
6 - сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті апталығы кезінде өткізілген сыныптан тыс шара
Мақсаты:
a) оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой - өрісін кеңейту, озық ойлы оқушыны анықтау
ә) оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын арттыру
б) өз мүмкіндігін пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу
Көрнекіліктер:
«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»
«Оқу - білім азығы, білім - өмір азығы»

Сайыс бөлімдері:
1 - кезең ”Жыр кейіпкерлері қонақта”
2 - кезең “Бұл кім екенін білесің бе?”
3 - кезең “Сөзстанға саяхат”
4 - кезең “Полиглот”
5 - кезең “Жас қалам”

Кіріспе сөз.
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс болыңдар.
----------------------------------------

I.”Жыр кейіпкерлері қонақта”
Бөлімде батырлық жырларға байланысты сауалдар беріледі.
Ұпай саны – 10

1. Қобыланды дүниеге келгенде әкесі Тоқтарбайдың жасы нешеде?
2. Бақан басында ілулі тұрған теңгені атып түсірген жас батыр Қобыландыны көріп, ғашық болған ханның қызы кім?
3. Қобыландының пырағының аты кім?
4. Ноғайлы жерін, Қырлы, Сырлы қалаларын Қызылбастан азат етуге аттанғанда Қобыландының қасына ерген ер, қырық мың үйлі қияттан шыққан батыр кім?
5.“Алпамыс батыр” жырындағы Байбөрі байдың “асыранды” баласының аты кім?
6. Өзін шабуға келе жатқан Алпамысты түсінде көріп шошып оянған қалмақ ханын ата?
7. Қызы Гүлбаршынды “күйеу баласы” Алпамысқа жалғыз деп бергісі келмей қашып кеткен бай кім?
8. Жырда айтылатын Алпамыстың жеті жасар баласы кім еді?
9. IV - VII ғасырларда тасқа қашап жазылған көне түркілік ерлік жыр - дастаны.
10.”Бүкіл түркі халқы үшін,
Түн ұйқымды төрт бөлдім.
Жанып - күйіп өрт болдым”- деп жырлаған түркі халқының қаһаны, інісі Күлтегін өлгенде жыр - жоқтау шығарып, басына ескерткіш қойған батырдың ағасы кім?
11. Маңғыстаулық жырау Мұрын Сеңгірбекұлының айтуымен бүгінге жеткен бірнеше батыр ұрпақтарының ерлігін жырлайтын ұзақ циклды жырды ата?
12. Қырғыз халқының батырлық эпосын кім атайды?

II. Бұл кім екенін білесің бе?
Әдебиет марғасқалары, ел ағалары...
Шарты - әр оқушыға 1 сұрақ беріледі, ең аз ұпай жинаған 5 оқушы ойыннан кетеді.
ұпай - 10

1.“Адамдық борышың -
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да,
Білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақын тұл”
Бұл кімнің қай өлеңінен?
Жауап – Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»

2.“Қырық мысал” жинағына енген “Егіннің бастары”, “Өгіз бен бақа”, “Қара бұлт” мысал өлеңдердің авторы, аудармашы,
ақын, тіл білімінің атасы кім?
Жауап - Ахмет Байтұрсынұлы

3.“Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.”
бұл кімнің, қай өлеңінен үзінді?
Жауап - Мұқағали Мақатаев «Қара өлең»

4. “Әкесі баласының атын кім қоям десе де өз еркінде емес пе, өзіне ұнаған есімін қояды. Шығарма да жазушының баласы тәрізді. Дегенмен басты кейіпкердің атын Қожа қоюымның тағы бір себебі: біздің мектепте Қожа атты бір бала болды. Оны да “қара Қожа” дейтінбіз. Шығарма жазу барысында мектептес досымның осы есімі көкейден кетпей, тілге оралады да тұрады. Бірақ ол өте жуас, қой аузынан шөп алмас момын бала болатұғын. Неге екенін сол баланың атын басты, әрі тентек кейіпкерге бергенді жөн көрдім.” Бұл кімнің сөзі?
Жауап – Бердібек Соқпақбаев

5.“Абай жолы” романынан алынған “Ақын қонақтар”, “Біржан сал Абай аулында” үзінді әңгімелердің авторы, академик жазушы кім?
Жауап - Мұхтар Әуезов

6. Бұл қаламгер “Амангелді”,“Қазақ солдаты”пьесасы, “Ұлпан” “Кездеспей кеткен бір бейне” поэмасын жазды.“Автобиографиялық әңгіме”, “Жапон балладалары” очерктерінің авторы. Ұстазы – қазақтың белгілі ұстаз - ақыны Бекет Өтетілеуов. Бұл қай жазушы?
Жауап - Ғабит Мүсірепов

7. Жүген - құрық тимеген,
Жасынан ноқта кимеген.
Алты жасар асауды,
Ұстап міндім далада.
Ақырды асау -
Жаңғырды дала.
Тулады, орғыды асау -
Дүбірлеп күңіренді дала,
Қиырсыз дала...
Бұл кімнің өлеңі?
Жауап - Сәкен Сейфуллин «Далада»

Шетпе гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Көшкінбаева Динара Мусағалиқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 069
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білгір биологтар
Білгір биологтар
Ежелден қазақ халқы білім, ғылымды қуып «Қына тасқа, ақыл жастан шығады»деп ұрпағын ақылдылыққа, білімділікке баулыған. «Жас күнің – білім іздеу, нақты дер шағын, халқыңның ойлай берші оңар жағын» дей келе ақыл, білім ұшқырлықпен ойлылықты қажет
Күш – білімде
Күш – білімде
Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой - өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау
«Зерде» интеллектуалды ойыны
«Зерде» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, ұжымда достық қарым - қатынасты,
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбусағатова Майра
Жыл оқушысы
Жыл оқушысы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
"Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар" интеллектуалдық сайыс
"Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар" интеллектуалдық сайыс
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Дина Мағауияева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×