Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

05 тамыз 2019, Дүйсенбі
Қазақ әдебиеті 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту.
Дамытушылық – оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру, өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру,
Тәрбиелік – оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті, кітаптар, аққу туралы жазылған нақыл сөздер, сызба – кестелер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ – жауап, пікір сайыс

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабақтың тақырыбымен, жоспарымен, мақсатымен таныстыру.
ІІ. «Топтастыру» стратегиясы. «Мұқағали әлеміне саяхат»
ІІІ. Ой шақыру. «Менің Мұқағалиым»
1. Мұқағалидың туған жері? (Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы)
2. Өмір сүрген жылдары? (1931 - 1976 ж. ж)
3. Әкесі мен анасың есімі? (Сүлеймен, Нағиман)
4. Мұқағали ақынның жыр жинақтарын ата. («Армысыздар, достар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Шолпан», «Өмір дастаны», т. б.)
5. Мұқағали ақын кімнің тәрбиесінде болды? (Әжесінің. Ол «Мені сөзге, жырға үйір еткен – әжем» дейді. Ақын әжесінің аты – Тиын. Келіндері оны «Мақпал апа» деген.)
6. Ақынның поэмаларын атаңыз. («Ақулар ұйықтағанда», «Ару – ана», «Райымбек», т. б.)
М. Мақатаев өзі айтқан екен: «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай...»
а) Аққу қандай құс?
Аққуды атуға болмайды.
Аққу - киелі құс, сұлулықтың, пәктіктің белгісі.
Аққу – табиғаттың жаратылысы, бірақ өмір сүруге тиіс.
Аққу – махаббат белгісі, махаббатты қорлауға болмайды.
“Аққуды атпа, махаббатты сатпа” деген дана сөз бар.

ә) Поэмаға оқушылармен біріге отырып мазмұндық жоспар құру.

б) «Мұқағали – суреткер ақын». Поэмадағы сюжеттік оқиғлардың композициялық құрылымына талдау.
Оқиғаның басталуы. Жетімкөл туралы аңыздар. Көл еркесі – сұлу аққулар
Оқиғаның дамуы. Ауру бала, тәуіп айтқан ем.
Оқиғаның шиеленісуі. Аққуды атқан ана. Астан – кестен көл беті.
Оқиғаның шарықтау шегі. Аққудың киесі. Жалғыз ұлдың өлімі. Кие қасіретін тартқан ана.
Оқиғаның аяқталуы. Аққуынан айырылған Жетімкөл.

• Композициялық құрылымына талдау.
Оқиғаның басталуы: Жетімкөлдің тамаша сұлу табиғаты.
Оқиғаның байланысуы: Жетімкөлге аққулардың келуі.
Оқиғаның дамуы: ауру бала мен ананың шарасыздығы.
Оқиғаның шиеленісуі: Сорлы ананың мылтығымен көлге келуі.
Оқиғаның шарықтау шегі: Ананың аққуларды атуы.
Оқиғаның шешімі: Баланың өлуі. Жетімкөлге аққулардың қайта айналып келмеуі.
Мұғалім сөзі: Балалар, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар: бірі – тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі адам анасы. Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.

Үйге тапсырма:
«Аққу – көлдің еркесі» шағын эссе жазу.
Сахналық көрініс.
1. Көлде жүзіп жүрген және жаралы аққудың ролін сомдайды.
2. Аққуды атқан ана, одан кейінгі ананың зарын сомдайды.

г) Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру.
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. жүктеу
10 768
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Поэмаға талдау жасай отырып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген білімдерін тереңдету, поэманың идеясын, мақсатын ұғындыру.
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы әйел - ана мен көл еркесі – аққу бейнесі
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы әйел - ана мен көл еркесі – аққу бейнесі
Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұрындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін мәтінге сүйене отырып, нақты дәлелдер арқылы түсіндіру.
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынастың жырдағы көркемдік шешімін таба білуге үйрету.
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Астана қаласы, Басқару колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы, филология магистрі Алиева Салтанат Бердуақасқызы
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×