Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қ. Ысқақ «Қоңыр күз еді»повесінен үзінді.

05 тамыз 2019, Дүйсенбі
Қазақ әдебиеті 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қ. Ысқақ «Қоңыр күз еді»повесінен үзінді. Шығарманың тақырыбы мен идеясы.
Сабақтың мақсаты:
а) Қ. Ысқақовтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту;
ә) өнерді сүю, өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;
б) қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту, идеялық - эстетикалық мәнін ашу, логикалық ойларын дамыту;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге Ә. Тәжібаевтың «Сырдария» өлеңін жаттап келуге берілген болатын. Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрап шығамын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қалихан Ысқақұлы Ысқақ (14 наурыз, 1935 жылы Катонқарағай ауданы, Топқайың - 13 тамыз, 2014 жылы Алматы) – қазақ прозасының қара нары атанған жазушы, сыншы, драматург, аудармашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Аягөз ауданының және Қатонқарағай ауданының Құрметті азаматы.
1952 жылы Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С. М. Киров атындағы Мемлекеттік университетінің) «Филология» факультетінің журналистика бөліміне түсіп, 1957 жылы аяқтап шығады.
Еңбек жолы
1967 – 1972 жылдары Мәскеудегі екі жылдық ценаристер мен режиссердің жоғарғы курсын бітірген соң Ш. Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясында аға реактор қызыметін атқарды.
1972 – 1995 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында драматургия секциясын басқарды;
1998 жылдан М. Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының әдебиет бөлімін басқарды;
«Жұлдыз» журналының проза бөлімін де басқарды.
«Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Халық конгресі» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат» журналдарында он бес жыл қызмет істеді.
Повестері: «Қоңыр күз еді», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны»
Романы: «Тұйық», « Қараорман», «Ақсу - жер жаннаты»
«Қоңыр күз еді» повесінің қышқаша мазмұнын айтып беремін.
Жазушының «Қоңыр күз еді» шығармасы өз басынан кешкен бір оқиға негізінде жазылған. Шығарма кейіпкерлері:
Қасым – оқиғаны баяндаушы бала, негізгі кейіпкер.
Маймұрын – мектеп директоры
Алматай – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жарықжұлдыз – шын аты Қомшабай – шығарма кейіпкері, момын бала
Алтын – Қасыммен бірге оқитын әнші қыз
Шығарма оқиғасы Ұлы Отан соғысынан кейінгі тұрмыс - тіршілікті, Топқайың мектеп - интернатының жай - күйін, балалар өмірін суреттеуге арналған.
Кітаппен жұмыс: Жазушының күзді, адамдарды суреттеген бейнелі сөздерін тауып оқыды.
Әдебиет теориясынан түсінік беру. Повесть бұл орыс әдебиеті арқылы әдебиеттану ғылымына енген жанр. Оны А. Байтұрсынов «ұзақ әңгіме» деп алса, қазіргі қазақ әдебиетінде «хикаят», «баян» деп те жүр.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Қасым неге күзді еске алып отыр?
2. Алтын сыныптағы қандай қыз еді?
3. Алтынға деген Қасымның балалық ғашық сезімі қалай көрінеді?
4. Топқайың мектебі Қасымды қалай қарсы алды?
5. Мұғалімі Алматай Қасымның әдебиетке қабілетті екенін қалай байқады?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қ. Ысқақтың «Қоңыр күз еді» повесін оқып, құрылысына қарай талдап келу.
Қ. Ысқақ «Қоңыр күз еді»повесінен үзінді. жүктеу
1 869
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алпамыс батыр жыры
Алпамыс батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру;
Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Шерхан Мұртазаның өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту; Өнерді сүю, өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру
Абай Құнанбайұлының қара сөздері (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Абай Құнанбайұлының қара сөздері (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан - жақты таныту
Қазақ прозасы әлемінде
Қазақ прозасы әлемінде
Оңтүстік Қазақстан облысы, № 25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қуандықова Гүлжамал
Жүсіпбек Аймауытов  «Әнші»
Жүсіпбек Аймауытов «Әнші»
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мойылды ауылы, Горячкин негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хамзина Армангүл Серікқызы
Абай Құнанбайұлы ұлы суреткер
Абай Құнанбайұлы ұлы суреткер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×