Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі

05 тамыз 2019, Дүйсенбі
Қазақ әдебиеті 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шығарманың мазмұнын меңгереді, өз пікірін қорғайды, салт - дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер бейнесін жинақтайды;
Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы мысалдар келтіріп, қосымша мәліметтер іздестіреді, танымдық қабілеттерін дамытады.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, халықтық салт - дәстүрді білуге баулу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесіп, сабақ әзірлігін бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: мазмұнын айту, сұрақ - жауап ұйымдастыру, бірін - бірі толықтыру.
2. «Түсіну» стратегиясы
Ғ. Мүсіреповтың өмірінен хронологиялық кесте
Мерзімі Болған оқиғалар
1902 жыл Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келді
1923 - 1926 жыл Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға түсті
1926 - 1927 жыл Омбыдағы ауылшаруашылық институтында білім алады
1958 жыл КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болады
1974 жыл Социалистік Еңбек Ері құрметті атағын алады

2. Жазушы өмірінен, елеулі оқиғалары мен кезеңдерінен мәлімет алдық, ендеше жазушы Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығына кезек берейік.
Шығармалары:«Ананың анасы»,«Қазақ солдаты»,«Боранды түнде», «Аманкелді», «Ақлима», «Өлімді жеңген ана», «Қыз Жібек, «Ашынған ана»,«Оянған өлке», «Кездеспей кеткен бір бейне», «Жапон балладасы», «Ақан сері – Ақтоқты»,«Ұлпан»

ІҮ. Бүгінгі сабағымызға арқау болған Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесін сатылай кешенді талдау жасайық.
3.«Талдап білу» стратегиясы. (Сатылай кешенді талдау).
1. Шығарманың авторы: Ғабит Мүсірепов
2. Тақырыбы: Екі жастың сүйіспеншілігі. Қыз алып қашу дәстүрі.
3. Идеясы: Адам бақыты жаны қалаған адаммен өмір сүру
4. Жанрлық түрі: Әңгіме
Компазициялық құрылым:
1. Оқиғаның басталуы: Ашуға мінген Қайсар;
2. Оқиғаның дамуы (Сюжеттік байланыс): Қыз алып қашуға аттану;
3. Оқиғаның шиеленісуі: баланың адасуы. Бейтаныс үй;
4. Оқиғаның шарықтау шегі: Кәменді балаға ілестіру;
5. Оқиғаның шешімі (аяқталуы): Бала мен Кәменнің үйге келу

4.«Түсініктеме күнделігі» стратегиясы. Салт - дәстүрге, әдет - ғұрыптарға байланысты ұғымдарды түсіну. Мәтіннен іздестіріп, жауап жазады.
1. Баланы сүндетке отырғызу;
2. Балаға сүндет ат беру;
3. Қыз айттыру;
4. Қалың мал беру;
5. Қыз алып қашу;
6. Ұзатылар қыздың қоштасуы;
7. Бата беру;
7.«Кейіпкерлер» стратегиясы. Мақсаты: Кейіпкерлер бейнесін кесте арқылы жинақтау.
1. Қайсар, Бала, Асылхан. (Ер балалар осы кейіпкерлерге сипаттама береді).
Іс - әрекеті Мінезі

2. Кәмен, Бәден апайдың, Кәменнің сіңлісі кішкентай шошақай қызға. (Қыз балалар осы кейіпкерлерге сипаттама береді).

Ү. Қорытындылау:. «Пікір алысу» стратегиясы.
Шығарма несімен ұнады? Сүйікті кейіпкерлерің Кейіпкерге хат ҮІ. Үйге тапсырма беру:
1. Үйлену салтына байланысты мәлімет дайындау.
2. Өзіңнің басыңнан өткен қызықты бір оқиғаны жазып кел.
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі. жүктеу
2 961
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов туралы мәлімет беру, алған білімдерін қорыту, жинақтау, шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру.
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Шығарманың мазмұнын меңгереді, жоспар құрады, тақырыбын ұғынады, кейіпкерлер бейнесін ашады, өз пікірін қорғайды, салт - дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер бейнесін жинақтайды, қорытынды жасайды;
Ғ. Мүсірепов «Боранды түнде» әңгімесі
Ғ. Мүсірепов «Боранды түнде» әңгімесі
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» шығармасының мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу. Шығарманы әдістермен талдау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау;
Әдебиеттен қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттен қысқа мерзімді жоспар
Батырлар жырын оқыту арқылы ұлттық салт - дәстүрді, әдебиеті мен мәдениетін, ұлттық құндылықтар ретінде бағалауға үйрету.
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Ананың анасы
Ананың анасы
№35 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймуханова Амангүл Кыздарбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×