Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали Мақатаевтың «Фантазия» өлеңі

19 қаңтар 2013, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың «Фантазия» өлеңі.
Мақсаты:
а) Білімділік: оқушыларға сезіммен өлең өрген жыр пырағы - Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстырып, жас буынды поэзия нәрімен сусындату. Мұқағали өлеңі арқылы қазақ ауыз әдебиетіндегі қиял - ғажайып ертегілердің қазіргі таңда шындықпен байланысын көрсету.
б) Тәрбиелік: оқушыларды поэзияны сүйе отырып, өз халқының әдебиеттегі бай мұрасын құрметтеуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Ақынның салған фантазиясын,
талғамын шыңдау, оқушыларды өмірге деген құштарлыққа тәрбиелеу.
В) Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту. Өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, ізденушілік қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, іздендіру.
Көрнекілігі: кітап көрмесі,, интербелсенді тақта, ақынның өмір жолын бейнелейтін слайд, флипчарт.

Сабақтың барысы:
а)Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, түгелсіңдер ме? Кезекші кім?
- Қане, енді, тақтаға назар аударайық.
1 - слайд
2 - слайд.
Слайд арқылы тренинг жүргізу.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!

3 - слайд. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Еліміздің болашағы - білімді ұрпақ қолында»деген қанатты сөзін бүгінгі сабағымызда басшылыққа аламыз.
Үй тапсырмасын сұрау: Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
Қуандық Шаңғытбаевтың «Сабалақ» деп аталатын өлеңі.
- Ендеше, өлеңді мәнерлеп оқиық.
(Күй «Жұмыр қылыш» жай орындалып тұрады)
Оқушылар 2 шумақтан кезектесе оқығаннан кейін.
- Балалар, жақсы, үйде дайындалғандарың көрініп тұр. Енді ActivWord арқылы білімдеріңді сынап көрейік
1. Қуандық Шаңғытбаев кім?
2. Сабалақ кім?
3. Абылай қай жылдары өмір сүрген?
4. Қ. Шаңғытбаевтың қандай шығармалары бар?
5. Абылай кім?
Қорытындысы тақтадан көрсетіледі.
Мұқағали Мақатаевтың « Ойхой қазақ даласы не көрмедің» өлеңі компьютерден тыңдалады.
Слайд « Қазақ даласы» көрсетіледі.
4 - слайд. « Менің елім - Қазақстан». «Қазақстан - баршамыздың отанымыз. Қазақ жері - Абылай сынды батыр бабалармызбен қоса, арқалы ақындардан да кенде емес»- деп жаңа сабақпен байланыстыру.
- Ендеше сезіммен өлең өрген жыр пырағы - Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен танысу мақсатында жаңа сабағымызды бастаймыз.

Флипчарт арқылы
Сабағымыздың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың «Фантазия» өлеңі.
Дәптерлеріңді ашып, жазып қойыңдар.
Интербелсенді тақтадан Мұқағалидің суретін көрсету. (Компьютерден М. Мақатаев портреті көрініп, «Менің анкетам» өлеңін оқимын.)
Менің анкетам
- Туған жерің?
- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Мекен жайың?
- Мекен жайым - жер менің,
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.- дейді ақын өзі туралы.
Балалар, жекелеген оқушыларға алдын - ала тапсырмалар берілген болатын. Ендеше, Құндызды тыңдайық.
Құндыз.
Ақын күнделігінен
14 ақпан 1976 жыл
«Егер бір кездерде менің өмірім, творчеством әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім: Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңдерім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда, ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай. Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. Менің бүкіл жазғаным – бар - жоғы бір ғана бүтін поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңдерімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Егер мені содан таппасаңдар, онда менің ақын болмағаным.»
Жақсы. Енді, Аягөзді тыңдайық.
Аягөз: Мұқағали Мақатаевтың өмір жолын зерттеу кезінде біз былай кесте арқылы жинақтадық.

Уақыт Оқиға
1931 жыл 9 ақпан Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Энгельс атындағы колхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келген.
1941жыл Әкесі Сүлеймен өзі сұранып соғысқа аттанады. Мұқағали 10жасынан бастап, соғысқа кеткен әкесіне арнап өлеңдер жаза бастаған.
1948 жыл Тұңғыш өлеңі Нарынқол аудандық газетінде басылды.
Өмір өткелдері Ерте есейген балалық
Ауылдық кеңес хатшысы
Қызыл отаудың меңгерушісі
Комсомол қызметкері
Жеті жылдықмектептің мұғалімі
1954 - 62 жылдар Қазақ радиосында диктор және педагогикалық қызмет атқарған.
1962 жыл Алматы қаласына көшіп келеді.
1962 - 72 жылдар «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1972 - 73 жылдар Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған.
1976 жыл 5 наурыз Алматы қаласында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.
1985 жылдан бері Қазақстан Жазушылар Одағы үздік әдеби шығарма авторларына берілетін М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындаған.

Аққу не айтар екен?
Шығармалары

Жылдары Шығармалары
1962 жыл «Аппасионата»
1964 жыл «Ильич»
1966 жыл «Армысыңдар, достар»
1968 жыл «Қарлығашым, келдің бе»
1970 жыл «Мавр»
1972 жыл «Дариға - жүрек»
1974 жыл «Аққулар ұйықтағанда»
1975 жыл «Шуағым менің»
1976 жыл «Өмір дастан»
1978 жыл «Өмір - өзен»
1981 жыл «Бәсіре»
1982 жыл «Соғады жүрек» (таңдамалы 2 томдық)
1984 жыл «Шолпан»
1988 жыл «Қош махаббат»
1989 жыл «Жырлайды жүрек»
2001 жыл Ақынның «Аманат» жинағы Мемлекеттік сыйлық иеленді

Ақын өмірі жайлы тағы кім не біледі?
М. Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауданында дүниеге келген. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа – тұс келді. Мұқағали 10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлеңдер жазған. Мұқағали үшін өлең жазудың артық бақыт болмаған. Ол өлең болып өмір сүреді, өлең боп өмірден өтті.
1964 жылы «Ильич» атты тұңғыш поэмалар жинағы жарық көреді, «Қарлығаш келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда»,
«Өмір - дастан», «Өмір - өзен», «Соңғы жүрек» өлеңдер жинақтары шыққан. «Қош махаббат» пьессасының авторы У. Унтменнің өлеңдерін
В. Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдыретті» комедиясын аударған.
Флипчарт

Ал енді, балалар, осы өлеңдерінің ішінде Мұқағали ағамыздың бүгінгі танысайық деп отырған өлеңі «Фантазия». Қалай ойлайсыңдар, фантазия деген не?
Ертегі Қиял
Фантазия
Арман
Сиқыр
Мұғалім: Ал енді осы «Фантазия» өлеңінің мәтінімен танысайық (кітаппен жұмыс)

Мен оқимын.
Оқушылар оқиды.
Өздеріне таныс және таныс емес сөздердің астын сызып қойыңдар («Түртіп алу» стратегиясы)
Флипчарт
Таныс емес сөздер тақтада:
Өлеңдегі түсінігі қиын сөздердің мағынасын анықтау (Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс)
Фантазия – ой елестете білуге қабілеттілік, қиял
Ақиқат – шындық, шын, айқын бар болмыс
Ғалам – бүкіл жер жүзі, әлем
Ғаламат – таң қаларлық, ғажайып
Ғұлама – араб тілінде ғалым деген мағынаны береді
Жай – найзағай, жасыл
Қат – қабат деген мағынаны беретін сөз
Қиял – фантастикалық ой, арман
Галилео Галилей – ХҮІ - ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Италияның атақты ғалымы
Николай Каперник – ХҮІ ғасырда өмір сүрген поляктың ұлы ғалым.
Балалар, жеті қат жер, жеті қат аспан, қиял, ертегі, ғаламаттар деген сөздерді қай тақырыптарды өткенде жиі қолдандық?
Оқушы: Ертегілерді өткенде.

Мұғалім: Ертегілердің қандай түрлері бар?
Оқушы:
1. Хайуанаттар туралы ертегілер.
2. Қиял ғажайып ертегілер.
3. Шыншыл ертегілер.

Мұғалім: Осының ішінде бізге жақыны қайсы, қандай ертегілерді ұнатасыңдар?
Оқушы: Қиял – ғажайып ертегілері.
Мұғалім: Қиял ғажайып ертегілер дегеніміз не?
Оқушы: Қиял - ғажайып ертегілерде ержүрек батыр адамдардың басынан кешкен сан қилы, сан алуан ерлік оқиғалары баяндалады.
Мұғалім: Енді өлең мен ертегі арасындағы байланысты ашып көрейік.
Флипчарт
Жеті қат жерін мына төңкерілген,
Жеті қат аспанымен көмкерілген,- деп ақын неге санмен өлеңді бастайды?
Оқушы: Өйткені жеті саны – киелі сан
Мұғалім: Ертегі оқиғаларында қандай сандар кездеседі?
Біздің қазақ халқында қандай сырға толы сандарды киелі деп санаймыз?
Оқушы: 3, 7, 9, 40 т. б атайды.
Жеті атаны атап беріңдерші?
Ғаламаттар туылған ертегіден
Бұл жолдан ертегімен қандай байланыс көріп тұрмыз?
Қиялдан жер бетіне сыя алмаған
Ойлап - ойлап отырып кілемімен
Аспанға ұшудан да ұялмаған

3. Қай ертегіде аспан шаһарына саяхат кешкен?
Қиялдап, менің дана байғұс бабам,
Алайда, атқа мініп, Айға ұшпаған
Бабамның қиялымен қанаттанып,
Бүгін мен Айға қонып, жайды ұстағам.
Мұғалім: Ақынның осы жолдары қазіргі таңдағы шыңдыққа жанаса ма?
Оқушы: Иә, қазір ертеде ата – бабаларымыз қиялдаған кілеммен ұшу, айға қонып, жайды ұстағаны, қазіргі таңда ұшақ, тік ұшақ, ғарыш кемелері алмастырып отыр.
Мұғалім: Ал ендеше, балалар, ата – бабаларымыздың қиялынан туған оқиғалармен бүгінгі шыңдықтың байланысы бар ма екен?
Оқушы: Байланысы бар. Ертегідегі қиял бүгінгі таңда шындыққа айналып отыр.
Мұғалім: Ендеше ақын ағамыздың айтқысы келгені де осы.
Келесі талдау жұмыстары:
Өлең құрылысына талдау. 3 балаға кеспе қағаздар беріледі. Олар орнында отырып талдап, тақтаға жазады.

Келесі талдау жұмыстары:
1. Өлең құрылысына талдау.
4 3 4
Ертегіден/ жаңарып/ қала тұрған// а
4 3 4
Ертегіден/ ғұлама/ дана туған// а
3 4 4
Бұл күнгі/ ғаламаттар/ алдыменен// б
3 4 4
Адамның/ қиялында/ жаратылған// а
Үш бунақты (4+3+4; 3+4+4), 11 буынды 4 тармақты 5 шумақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен (ааба) жазылған өлең.
Өлең талданғанша көзге арналған жаттығуларға кезек берейік.
«Гүл шоғыры», «Балықтар»
Флипчарт арқылы тексеру.
Қазір енді өлең құрастырайық. Дәптерлеріңе қарап, жаңа сөздерді қолдануларыңа болады.
Бес жолды тұжырым
1 зат есім
2 сын есім
3етістік
4 сөзді сөйлем
Синоним

Позия минуты.
Кім ақынның өлеңдерін оқиды? Мүмкін, біздің қонақтар оқитын шығар? Қазіргі кезде Мұқағали әндерін халық сүйіп тыңдайды. Музыка пәнінің мұғалімі, бүгінгі қаламызға танымал болған әнші - Алтынбек ағаларыңнан бір ән сұрайық.
Осынау әсем әннен соң, кезекті тағы да естеліктерге берейік.
Құндыз:
Мұғалім: Бұл өлеңге Светлана Әбдіхалықова деген апамыз ән жазып, әнді қазақтың Ақ Баяны атанған Мәдина Ералиева тұңғыш рет сахнаға алып шығады. Біреуі – ақиық ақын. Екіншісі – ақынның досы, біртуар сазгер. Үшіншісі – асқақ үнді әнші. Осы ән арқылы халық үшеуін де ұмытпай, есіне алып жүреді.
Мұқағали ақынның дауысымен. « Есіңе мені алғайсың» өлеңі оқылады.
Сабақты қорытындылау: Шығармашылық жұмыс «Мұқағали ағаға хат» («Есіңе мені алғайсың» әні ойналып тұрады).
Бүгінгі күн - наурыздың 5 - жұлдызы - Мұқағали ақынның мәңгілік ғұмырға аттанған күні. Біздің халықта «Өлі риза болмай, тірі байымайды»- деген сөз бар. Біз бүгін Мұқағали ағаны еске түсірдік, ақынның аруағы бір аунап түскен шығар. Орнымыздан тұрып бір сәт еске алайық.
- «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» - деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали мәңгі тірі, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Ендеше оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталмайды, әлі де болса өлеңдерін оқи отыра талдаймыз. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі – шектеулі өмір, екіншісі – мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.
- Қанеки, бүгінгі сабақта нені білдіңдер, не білгілерің келеді, Инцерт әдісі бойынша кестені толтырып шығыңдар.
Білемін
Не білгім келеді?
Үйренерім

Алдарыңдағы жүрекшелерге жақсы тілектер жазып, қонақтарға сыйлаңдар.
Слайд. Сабақтың соңы. Қазақстанның гүлденуі. Міне, бүгін біз еліміздің гүлденуіне өз үлесімізді қостық.
Үйге тапсырма:
Мұқағали Мақатаевтың «Фантазия» өлеңі. Өлеңді жаттап келу.

Музыка. Есіңе мені алғайсың. МР - 3 ( Музыка), слайд « Мұқағали»
21 886
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Поэмаға талдау жасай отырып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген білімдерін тереңдету, поэманың идеясын, мақсатын ұғындыру.
Мұқағали Мақатаевтың «Барлығы да сендердікі» өлеңі
Мұқағали Мақатаевтың «Барлығы да сендердікі» өлеңі
ОҚО, Созақ ауданы, «Шолаққорған» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өтепов Талғат Рәзімханұлы
Мұқағали Мақатаев. Мен таулықпын
Мұқағали Мақатаев. Мен таулықпын
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мутигуллина Гүлсара Мергенқызы
Поэзия! Менімен егіз бе едің?!
Поэзия! Менімен егіз бе едің?!
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
Мұқағали Мақатаев «Фантазия» өлеңі
Мұқағали Мақатаев «Фантазия» өлеңі
Мұнайлы ауданы, № 1 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дүйсенбаева А. Б.
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×