Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Негізгі және туынды зат есім.

19 тамыз 2019, Дүйсенбі
Қазақ тілі, 3 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға зат есімнің негізгі және туынды болып бөлінетіндігі туралы түсінік беру. Зат есімнің түрлеріне қарай өзгешілігін меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: тапсырмаларды орындау арқылы ой – өрісін, сөйлеу тілін, танымдық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Өзіндік ой - пікірін айта білуге, мамандық атауларын білуге, болашақта мамандық таңдай білуге, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: бастапқы жаңа білімді оқып үйрену, талдау.
Сабақты ұйымдастыру түрі: дәріс, әңгімелесу, өзіндік, топтық жұмыс.
Көрнекілік: кесте, бағалау критерийлері, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Кәне, балалар, бүгінгі күнімізге, айналамызға сәлем берейік.
Армысың, әлем!
Армысың, жарық күн!
Армысың, адам!
Армысың, менің досым!

ІІ. Өткен сабақты тиянақтау.
3 - жаттығу.
Топта оқушылар бір - бірін тексереді. Қарындашпен баға қояды.
- Кім бес алды тұра қойындар?
- Кім төрт алды? Неге төрт алдың? Қандай өзіңе мақсат қоясың?
Не істеуің керек?
- Кім үш алды?
Проблемалық сұрақ.
- Неге Алматы – бас әріп?
- Өйткені – жалқы есім.
- Неге алматылықтар кіші әріп?
- алматылықтар – жалпы есім.

ІІІ. Жаңа сабақ.
а) сабақ кезеңінің мазмұны:
Осы сөздерді сөз құрамына талдайық.
Сөз құрамына нелер жатады?
Түбір сөз бен туынды сөздерді еске түсірейік.
- Түбір сөз қайсы? - Астана.
- Келісеміз бе?
- Туынды сөз қайсы?
- Астаналықтар
- Ол сөз қалай жасалды?
- Яғни жұрнақ жаңа сөз жасады.
- Балалар, осы Астана – астаналық қай сөз табы?
- Астана – зат есім.
- астаналық – зат есім
- Астана – түбір сөз, негізгі сөз, осыны негізгі зат есім десек бола ма?
- астаналық – туынды сөз және қай сөз табы болып еді? Зат есім.
- Қалай атауға болады?
- Туынды зат есім десек келісесіңдер ме?

ІҮ. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз «Негізгі және туынды зат есім»
- Бүгінгі күнді, айды әдемі, көркем және түзу отырып жазайық.
- Топтарыңа мақсат қойыңдар. (бірақ бір - біріңнің сөздеріңді қайталамаңдар.)
- Әр топтан бір оқушы сөйлейді.
- І топ – негізгі және туынды зат есімді табамыз.
- Әдемі, көркем етіп жазамыз.
- ІІ топ Бір - бірімізге негізгі зат есім мен туынды зат есімді түсінуге көмектесеміз.
- Зат есім түрлерін ажыратамыз.
- Жақсы, ендеше осы мақсатқа жету үшін еңбектенуіміз керек.
- Жақсы ендеше оқулықтағы 1 - жаттығуға назар аударайық.
- Не істеу керек екен оқи қойыңдар?
- Кім айтады не істеу керек екен?
- Әр топ ауызша өздерің талдай қойындар. Тақтаға кім шығады?
- Әр топ ребусты шешіп жазыңдар.
- Кім сөйлейді әр топтан, екі оқушы жауап береді.
Көзілдірік – түбірі көзілдірік - жұрнақ.
Көз - ол көру мүшесі, көзілдірік – көзге киетін зат.( көзәйнек )
Негізгі зат есім – көз
Туынды зат есім – көзілдірік т. с. с.
Рефлексия. Осымен қандай ой түйеміз?
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз.
Осы ойымызды анықтама бойынша салыстыра қояйық. Оқулықтан оқиық.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздерді туынды зат есім дейміз.

Ү. Жаттығу жұмыстары. Енді 2 - жаттығуға назар аударайық.
- Не істеу керек?
- Туынды зат есімдерді теріп жазып, сөз құрамына талдаймыз.

ҮІ. Сөздік жұмысы.
- Диқан тыңды тіледі.
- Ендеше осы сөзді талдап жіберейік. Қалай түсінесіңдер.
- Тың - деген сол жердің топырағы жақсы болса, бұрын егін егілмеген жер болса деген тілегі. Ондай жерде егін жақсы өседі, шығады.
- Топпен талдап алыңдар. Дайынсыңдар ма?
- Тақтаға кім шығады?
- Мысалы: жолшы – негізгі зат есім – жол, туынды зат есім – шы т. с. с.

ҮІІ. Сергіту сәті.
Арайлы таң атты,
Нұрлы сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз. (негізгі және туынды зат есімдер тауып, айту)
3 - жаттығуды әр топ өздігінен орындайсыңдар. Топта тексеріп, бағалаңдар. (оқытам) Қай жерде қате кетті?
5 - жаттығу ауызша.

ІХ. Бағалау (оқушылар бір - бірін бағалау), түсіндіріп айту.
ХІ. Үйге тапсырма:
Күнделікті ашайық,
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
6 086
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есімнің түрлерінің негізгі және туынды екендігін, айырмашылығын, ұқсастығын білу үшін жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есімнің негізгі және туынды болып бөлінетіні туралы мағлұмат беру, туынды сын есімнің басқа сөз таптарынан жасалатынын меңгерту.
Негізгі және туынды етістік
Негізгі және туынды етістік
Екібастұз қаласы, №18 ЖОББМ-КММ-сінің бастауыш сынып мұғалімі Маржан Бекова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×