Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бақылау диктанты

20 тамыз 2019, Сейсенбі
Тақырыбы: Бақылау диктанты
Мақсаты: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілеттерін, ақыл - ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал - жабдықтарын түгендеу.
ІІ Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз.
Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады?
Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
Сөйлем ішінде жер - су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?
Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па?
Неліктен?

ІІІ Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.
Орман – халық байлығы
Орманның халық шаруашылығы және адамзат өмірі үшін зор маңызы бар. Құрылыс жұмыстарына керекті, заттардың көбі ағаштан жасалады. Күнделікті тұрмыстарына керекті, заттардың көбі ағаштан жасалады. Күнделікті тұрмыста ағаштан жасалған бұйымдар көп қолданылады. Олар табиғи зат. Адам денсаулығына пайдалы. Еменнен, қайыңнан, теректен жасалған нәрселер өте шыдамды болады. Орман, тоғай – баға жетпес табиғат қазынасы, халық байлығы. Сондықтан да мемлекет ормандарды таза ұстан өрттен сақтауға сендер де ат салысыңдар. (60)
Тапсырма:
Жуан сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып, белгіле. Шаруашылықта, теректен сөздерін буынға бөл.
Қайыңнан сөзіне фонетикалық (дыбыстық) талдау жаса.

ІҮ. Сабақты қорытындылау
Ү. Үйге тапсырма
5 870
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ жинағы
Бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ жинағы
2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап,
Диктант. Қыс туралы.
Диктант. Қыс туралы.
оқушылардың дыбысты есту қабілеттерін тексеру, дұрыс жаза білуге баулу; ә) оқушыларды сөздерді сауатты әрі әдемі жазуға үйрету; білімдерін тексеру;
Бақылау диктанты
Бақылау диктанты
Диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілеттерін, ақыл - ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Қызықты грамматика
Қызықты грамматика
Қазақ тілінде оқытылатын орта мектептердің 3 - сыныбына арналған факультативтік курсқа жылдық жоспар мен сабақ жоспарлары
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем туралы түсініктерін нығайту. Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру. Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.
Сөйлем
Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×