Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері

02 қыркүйек 2019, Дүйсенбі
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері.
Би – аға, «Осы жылымнан аулақ бол,
бұған бір түсіп кетсең,
түбі бар екен деп ойлама!» - деді.
Ғ. Мүсірепов.
Өнерге құмар, өлеңге әуес бала Бейімбет.
Бейімбет /Бимағанбет/ Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы кәзіргі Қостанай облысы Таран ауданы Майлин кеңшарында туған. Әкесі Жармағамбет кісі есігінде жалшылық еткен. Басқа ағайын туғандары да кедейшілік күн кешкен. Атасы Майлының да дәулеті шалқымаған адам екен. Бейімбет бір жасқа толмай әкесі қайтыс болып, жетімдік зардабын аз тартпаған. Бай қолында қозы, қой бағады, делбеші болып та істейді. Ол он екі жасқа шыққанда, 1906 жылы анасы Құлғизар дүние салады да, әжесі Бойдастың қолында қалады. Ендігі тірегі әжесі Бойдас та күңдік өмірден көзін ашпай келеді. Бейнет пен жоқшылықтың ащы дәмін ерте татқан жас бала кәрі әжесінің жылы құшағында бұйыға тербеліп отырып, оның:
Өмірімде көргенім күңдік, құлдық, Бұл жалғанда бар ма екен біздей мұңдық? – деген гөй – гөйінің зар сырын жанымен ұғады.
Әжесі көне жырларды көп білетін, өзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның әсері болса керек, Бейімбет қаршадайынан өнерге құмартып, өлеңге әуестенеді. 1910 жылы Амантай деген кісінің салған мешітінің тойына қатысып, ән айтқан. Бозбала шағында – ақ құлшынып, айтысқа түсіп кетіп жүрген кездері де жоқ емес. Оған, байларды мақтап, шапан киіп жүретін Әржікей деген ақынсымақ кісімен және Шолпан қызбен айтысы дәлел. Бейімбет мұрасының бастауын осыдан көре аламыз.

Жарық көрген кітаптары
Тұңғыш жинағы 1925 жылы С Садуақасовтың алғы сөзімен «Коммунистік өлеңдері» деген атпен жарық көрді. 1925 жылдан1937жылға дейін жазушының алпыс алты кітабы жарық көрді. Мұның қырық тоғызы - өзінің төл еңбектері. Ал Б. Майлиннің осы кезеңдердегі оқулықтар, деректі кітаптар жазумен айналысқан қызметі – танымнан тыс жатқан қаламгерлік өрісі. Ол көркем шығармалар жазып, кітаптар шығарумен бірге, халық үшін аса қажетті оқулықтар түзуге, күнтізбелік кітаптар жасауға атсалысты, әр жылдарда шыққан ұжымдық жинақтарда, оқу құралдары мен хрестоматияларда шығармаларын жариялады. Бұл кітаптардың саны да біршама. Атап айтар болсақ, Б. Майлинге тиесілі «Шала сауаттылар үшін оқу кітабы», «Күш», «Жаңаша оқы, жаз», /1929 - 1931/ кітаптары, оның, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, А. Асылбеков, Ғ. Мүсірепов, Ә. Мұстафин, Ә. Маметова, Ә. Ситдиков секілді авторлармен бірлесіп туындатқан «1929 жылдың шаруа календары», «1930 жылдың шаруа календары, « 1931 жылғы календарь жинағы», «Әдебиеттану оқу құралы», «Сауат үшін», «Сауаттандырғыш», еңбектері ішінде де жазушының көпшілікке жете таныс емес жекелеген еңбектері, қысқа әңгімелері жетіп артылады.

Дүниеден өтуі
1937 жылғы 6 қазанда Бейімбет Майлинге «халық жауы» деген жалған айып тағылып, ол да сол заманның зиялы азаматтары тәрізді жазықсыз қамауға алынды. 1938 жылғы 26 ақпанда осы айыппен ату жазасына кесіліп, сот үкімі сол күні орындалды.
143
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Шұғаның белгісі
Шұғаның белгісі
Шығарманы меңгерте отырып, Б. Майлин туралы білімдерін тереңдету, жазушы шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.
Бейімбет Майлин «Айт күндері»
Бейімбет Майлин «Айт күндері»
Оқушыларды қазақ халқының салт – дәстүрлерімен таныстырып, құрметтей білуге тәрбиелеу. Әңгімеге сүйене отырып, айт мерекесі жайында түсініктерін молайту.
Бейімбет Майлин (1894 - 1938)
Бейімбет Майлин (1894 - 1938)
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Хан күйеуі», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр
Бейімбет Майлин «Күлпаш»
Бейімбет Майлин «Күлпаш»
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі»
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі»
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Арыстанғалиева Анар Алтыбайқызы
Бейімбет Майлин
Бейімбет Майлин
Бейімбет Майлин (1894-1938жж) Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.