Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жансүгіров «Көкшетау», «Құлагер» поэмасы

20 қаңтар 2013, Жексенбі
Мұсалимова Гүлнар Рақымқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні
Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі


Сабақтың тақырыбы: Жансүгіров «Көкшетау» («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. І. Жансүгіровтың әдебиетші, көсемсөз шебері, ақындығын таныту.
2. Дамытушылық. Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденіп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу.
3. Тәрбиелік. Қазақстанымыздың сулы жерлерінің табиғатымен мақтаныш етіп, оны құрметтеп, бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Жансүгіров портреті, нақыл сөздер, суреттер, сабаққа қажетті плакат сызбалары.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсіл: СТО стратегиялары: ой қозғау, топтау, венн диаграммасы, 5 жолды өлең т. б.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау: Сәкен Сейфуллиннің «Дала» өлеңін жатқа айту.

Оқушыларды 3 топқа бөлу:
I топ - «Білгірлер»
II топ - «Алғырлар»
III топ - «Жүйріктер»

III. Жаңа сабақ.
1. Мұғалім сөзі – «Көкшетау» өлеңін оқып, мазмұнын меңгереміз. Бұл өлеңнің авторы – І. Жансүгіров. Осы ақын жөнінде білетіндерің бар ма?
2. Әр топтың оқушылары өз түсініктерін айтады.
3. Ой қозғау мақсатында оқушылар ақын жөнінде өз білетіндерін қағазға түсіреді, ол үшін уақыт беріледі.
4. Оқушылар жазғандарын оқиды, жинақтау пікірді топ басшысы айтады.
«Күй» «Күйші»
әке тәрбиесінде өскен «Құлагер» поэмасы
1894 - 1938 ж өлеңдерін туған
жерге арнаған
«Жазғытұрым» «Жазғы шілде»

IV. Мәтінмен жұмыс. «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқу.
Әр топтан бір-бір оқушы мәнерлеп оқиды.

V. Мағынаны ажырату.
Сөздікпен жұмыс.
жомарт - щедрый
Мұра – наследие
маржан - коралл
Секілді – подобный
меруерт - жемчуг
Ағын су – проточная вода
қияз құз - скала
Малта мас – галька
жер жанныты – райский уголок

VI. Пікірталас 3 топ бір - біріне сұрау қою арқылы мысал мазмұнын, одан шығатын қорытындыны меңгереді.
1. Өлеңде не туралы жазылған?
2. Ақын суреттеп отырған таудың аты қандай?
3. Ақын тауды кімге теңейді?
4. Көкшетау туралы не білесіңдер?
5. Таудың биіктігі туралы өлеңнің қай жолдарынан көрінеді?
VII. Өлеңнен теңеу, эпитеттерді табу.
Көк орман, көркем тоғай, сұлудың көзіндей көл, малта тас, меруерт тас, жақпар сарай, бура тастар, сұлу кең дала, жомарт тау, момақан тау, шипа тау.

VIII. Республикамыздағы өздері білетін таулар туралы әңгімелеу.
Көкшетау табиғаты Баянауыл табиғаты

IX. Венн диаграммасы
X. 5 жолды өлең.
1 топ: 1. Көкшетау 2 топ: 1. Баянауыл 3 топ: 1. Тарбағатай

Қорытынды:
1. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
2. Нелер естеріңде қалатын болды?
3. Көкшетаудың табиғаты қандай екен?
4. Біз табиғатымызды не істеуіміз керек?
5. Табиғат, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?

Үйге: «Көкшетау» өлеңінен үзінді жаттау.
Бағалау. Бағалау парақшасы бойынша топ басшысының бағасын жариялау.
14 517
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ілияс Жансүгіров «Көкшетау»
Ілияс Жансүгіров «Көкшетау»
І. Жансүгіровтың әдебиетші, көсемсөз шебері, ақындығын таныту. Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, іздемпаздыққа баулу. Қазақстанымыздың сұлу жерлерінің табиғатымен мақтаныш етіп, оны құрметтеп, бағалауға
Ілияс Жансүгіров. Көкшетау («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Ілияс Жансүгіров. Көкшетау («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Павлодар қаласының №26 ЖОМ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Макатова Гүлғайша Зияденқызы
І. Жансүгіров  «Көкшетау»
І. Жансүгіров «Көкшетау»
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы, «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш сынып және музыка пәні мұғалімі Қайыңбаева Гүлжан Сақажанқызы
Жамбыл Жабаев
Жамбыл Жабаев
Атырау қаласы, № 6 орта мектептің қазақ тіл әдебиет пәні мұғалімі Әбуова Орынша Сақтағанқызы
Көкшетау
Көкшетау
Жанабаева Динара Қабланқызы М. Ломоносов атындағы орта мектеп КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы
І. Жансүгіров "Бөлек бөлеу"
І. Жансүгіров "Бөлек бөлеу"
Қызылорда облысы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ниязымбетов Ғани Қарабатырұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×