Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Қазақтың ұлттық киімдер» тақырыбын бекіту сабағы

20 қаңтар 2013, Жексенбі
Мұсалимова Гүлнар Рақымқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні
Астана қаласындағы халықаралық үздіксіз білім беру колледжі


Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдер» тақырыбын бекіту сабағы.

Сабақтың мақсаттары:
1. Әрбір оқушыны өз бетінше алған білімін бекітуге үйрету.
2. Ойлау қабілетін дамыту, салыстыра білу, негізгіні ажыра алу дағдыларын дамыту, сөз байлығын дамыту.
3. Жерін қадірлей білуге, салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіру.
Пәнаралық байланыс: тарих, эстетика
Көрнекіліктер: суреттер, суретті кітаптар, ұлттық киімдердің, зергерлік бұйымдардың суреті, плакаттар, асықтар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
• Амандасу
• Сабақ мақсатымен танысу
• Сабақтың тақырыбын анықтау: (Оқушыларға ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар көрсетіледі)
- Балалар, мына көрмеге қараңдар, көңіл аударыңдар.
- Көрмеде не бар, кім айтады? (Оқушылар жауап қайтарады)
- Енді осының бәрін бір сөзбен қалай айтамыз?
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
Сабақ не туралы болатынын өздері болжайды, өздері айтады.

II. Қызығушылықты ояту.
- Міне, балалар, мына жерде сендерге таныс және таныс емес сөздер жатыр. Осы сөздер арқылы мына кестені толтырайық.

Мағынаны ажырату.
Білемін. Білгім келеді. Білдім.
Сәукеле, сырға, көйлек, білезік, моншақ, алқа, тақия, сақина, бөрік, жүзік, шапан, шолпы, жаулық, мәсі т. б.
Әр сөзді талқылап, түсінік беру, эстетикалық тұрғыдан тәрбие беру.
Сәукеле
Шолпы?
Жаулық
а) Сөздерді қайталау, дұрыс дыбыстауға үйрету;
ә) сурет бойынша сипаттау.
Ұлттық киімдер

III. Топтастыру стратегиясы.
- Балалар, бағанадан айтылған заттарды екі топқа бөлейік.
Ұлттық киімдер:
Үкілі бөрік
Сәукеле
Тақия
Қамзол
Мәсі
Көйлек
Шапан
Әшекейлер:
Білезік
Сақина
Шолпы
Сырға
Жүзік
Алқа
IV. Тапсырмалар. Әр топ жеке жұмыс жасайды.
1 - топ. Диалог құру.
2 - топ. «Ұлттық киім» тақырыбына әңгіме құрау.
3 - топ. Сөзжұмбақ жасау. Тақта алдында жұмыс.
V. Топпен ақылға салу.
Топтастыру.
Қалындық
Ер адам
Әже
VI. Сабақты қорыту.
Рефлексия. Тест арқылы сабақты бекіту.
1. Бас киім:
А) шұлық
Ә) шапан
Б) бөрік
2. Аяқ киім:
А) етік
Ә) тақия
Б) қолғап
3. Зергерлік бұйым құлаққа тағады
А) сақина
Ә) сырға
Б) білезік
4. Зергерлік бұйым білегіне тағады:
А) моншақ
Ә) білезік
Б) шолпы
5. Ұлттық киім
А) қалындық
Ә) сәукеле
Б) алқа
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма.
12 591
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Киім және киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы №1 Жалпы орта білім беретін мектепте Мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Абилдиева Гульшат Желдешовна
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Н. Г. Чернышевский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағұлова Бибінұр Бекенқызы
Он саусақ
Он саусақ
Әркімге керек қол өнер Он саусаққа он өнер Түгел болар дүниең Біліп алсаң оны егер.
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шамуратова Куралай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×