Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз құтты болсын!

20 қаңтар 2013, Жексенбі
Мұсалимова Гүлнар Рақымқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні
Астана қаласындағы
Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі

Сабақтың тақырыбы: Көңілді Тапқырлар Клубы «Наурыз құтты болсын!»

Мақсаты:
• Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
• Оқушыларды ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
• Оқушылардың ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Шараның жүру барысы:
I жүргізу. Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
Білім іздеп, инемен қудық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді.
Би билеп, ән де бүгін шырқалар дегендей,
Қош келіпсіздер бүгінгі ойынымызға!
II жүргізу. Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен қазақ даласына жаңа жыл келеді. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады.
III жүргізу. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
"Көңілді тапқырлар сайысын" бастауға рұқсат етіңіздер!
(музыка ойнайды)
I жүргізу. Сонымен ойынға қатысатын сыныптар: 2а сынып «Жалын» тобы.
II жүргізу. 2б сынып –«Ұшқын» тобы.
III жүргізу. 2в сынып –«Ғалым» тобы.
Осы топтарға қол соғып, қошемет көрсетіп қояйық. Ал енді бүгінгі біздің қадірлі қонақтарымыз сайыстың жюри мүшелері:

I жүргізу. Алдымен өтетін ойының сәттерімен таныстырайық, ойын 4 бөлімнен тұрады:
1. Таныстыру
2. Пантомима.
3. Үй жұмысы
4. Мақал – мәтелдер сайысы
5. Капитандар сайысы

II жүргізу. Наше сегодняшнее состязание состоит из 4 х туров:
1. Приветствие
2. Пантомима
3. Конкурс домашнее задание
4. Конкурс на знание пословиц и поговорок.
5. Конкурс капитанов.

III жүргізу. Енді әр топ реттік нөмірін анықтап алуы тиіс. Сондықтан топ басшыларын ортаға шақырамыз, жереби тартып, реттік нөмері анықталды.
I жүргізу. Мы приглашаем капитанов к столику жюри. Капитаны команд тянут жребий для определения порядка выступления команд.
II жүргізу. Команды выступают в следующем порядке:

III жүргізу. Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты.
2__ «___» командасын шақырамыз ортаға!
2а сынып «Жалын»
Ұранымыз: Біз жалынды жастармыз,
Көп білуге құштармыз!
Сәлемдесу
Жақсы іс, асыл қасиетті
Адамдарға сыйлаймыз!
Шәкәрім ата өсиетін
Бойымызға жинаймыз!
Жарысуға екі топпен
Әрқашан біз дайынбыз!

Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Күнде оқып сабақты
Мұғалімді қуанта аламыз.
2б “Ұшқын”
Ұранымыз: Білім қуған жандармыз,
Ұшқыннан от боп жанамыз.
Сәлемдесу
Біз бақытты ұланбыз
Самғап ұшар қыранбыз.
Бес нәрседен қашық болсақ,
Азаматпыз, балаңбыз,
Бес нәрсеге асық болсақ
Сан биікке шығармыз!

Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Орыс, қазақ, ағылшын
Сабақтарынан білім аламыз

2в “Ғалым”
Ұранымыз: Білім алмай ғылым жоқ,
Шығамыз біз ғалым боп.
Сәлемдесу
«Үміт етке достарым
Сіздерге бердім батамды»
Деген ата сөздерін
Есімізде сақтаймыз.
Білімді боп. Ер жетіп
Үмітін біз ақтаймыз!

Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Ата ананы қуантып
Үнемі бестік аламыз.
III жүргізу. Сөз жюриге беріледі. Слово предоставляется жюри.
II жүргізу Екін сайыс пантомима көрсету. Команды без слов должны показать то слово, что будет у них в конверте.
Пока жюри подводит итоги 2 конкурсов, команды готовятся к следующему конкурсу – домашнее задание.
Сөз жюриге беріледі. Слово предоставляется жюри.
I жүргізу. Келесі тур үй жұмысы. Командалар қазақ халықтың ұлттық салт дәстүрлерді көрсетеді.
2 а сынып«Жалын» командасы «Тұсау кесу» салт көрсетеді.
2 б«Ұшқын» командасы «Бесікке салу» салт көрсетеді.
2 в «Ғалым» командасы «Атқа мінгізу» салт көрсетеді.
I жүргізу. Тұсау кесу (ритуал резания пут). Этот обычай связан с первыми самостоятельными шагами ребенка и исполнения ему года со дня рождения. В этот день проводилась специально посвященная этому событию традиционная игра, исполнялись песни в сопровождении домбры. Самая старшая из гостей женщина, обычно бабушка, а иногда и сама мама, обвязывала шерстяными нитями ноги ребенку, а затем в присутствии всех родственников перерезала эти путы, что символизировало путь малыша к самостоятельности. Взяв ребенка за руку, его как бы вводили в новый мир, в котором ждет много интересного и загадочного. Этот ритуал сопровождался исполнением песни «Тұсау кесу жыры». Присутствующие на празднике гости давали малышу напутствия и пожелания.

II жүргізу: Бесікке салу. Рождение ребенка является большим семейным праздником. К нему готовятся заранее и ждут его с нетерпением. Неделю спустя после рождения ребенка в казахских семьях обычно устраивали праздник колыбели – бесік той, на который приглашали соседей. Они приносят подарки ребенку и матери. В этот же день объявляется имя ребенка. Право выбора имени представляется обычно старшим членам семьи (дедушке, бабушке) или мулле, а в некоторых случаях почетному гостю – құтты қонақ.
2 в сынып.
I жүргізу: Ашамайға мінгізу (атқа мінгізу). Торжественный обряд, который проводится, когда ребенку исполняется 4 6 лет. В доме собираются гости, накрывается праздничный дастархан. Родственники адресуют ребенку добрые пожелания. После дастархана аулчане расходятся по домам.
II жүргізу: Предварительно сплетается специально предназначенная для ребенка камча, которая символизирует «становление гражданина». Из дерева изго тавливается седло. Родители садят ребенка на спокойную обученую лошадь. Старший в роду человек произносит слова благословения.
Апа.
Ал ақ тілек, ақ тілек,
Атқа тоқым сал білек,
Атқа да жақсы шаба біл,
Жасыңнан малды баға біл,
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл,
Атқа міндің, ақ жол болсын.
Аминь.
I жүргізу: Кто нибудь из взрослых родственников ведет под узцы лошадь по аулу, аулчане встречают ребенка возле своих домов и одаривают ребенка кто чем может. Женщины проводят обряд «Шашу».
II жүргізу: Значимость праздника колыбели заключалась в том, что в этот день вырабатывались определенные моральные установки, давались мощные положительные эмоции. Данный обряд формировал в детях не только ловкость, выносливость силу и сноровку, но и помогал маленькому мальчику осознать себя мужчиной.
III жүргізу. Мақал – мәтелдер сайысы. Конкурс пословиц и поговорок. Команды по порядку называют по одной пословице. В данном конкурсе командам могут помогать болельщики.
I жүргізу: Әр нәрсенің бастауы
Жетекке тиісті.
Оның әрбір істері
Өз ісінің жемісі.
II жүргізу: Онда неге тұрамыз
Қолға алайын сол істі.
Әр жеткеннің өз ісі
Білімділігіне тиісті.

III жүргізу. Последний конкурс «Конкурс капитанов»
I жүргізу
Ұлы күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!
III жүргізу
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
Бәрі: Жарқыраған жыл нұрды,
Жаса, Наурыз дәстүрлі!
II жүргізу: Біздің мерекеміз осымен аяқталды!
Бәрі: Қош – сау болыңыз!
_____________________

Қосымша материал:
1 көрініс «Сүйін » (оқушылар киіздің үстінде жүн түтіп, шәлі тоқып, құрақ жасап, ою салып отырады.)
- Сүйін, сүйін , сүйін ! Болатбек ағаның әйелі босаныпты! Ұл туыпты! Сүйін !
- О, бәрекелді?! Жақсы болған екен! Бауы берік болсын!
Үй иесі:
- Әй, шырағым, жақсылық айтып келгеніңе, бізді қуантқаныңа рахмет. Қазақ баласы жақсылық хабарды жерге тастамайды, жақсылықтың сүйіншісі болмай ма? Міне, айналайын, сүйіншің.
Қазақтарға 7 деген сан қасиетті сан. 7 күн өткеннен кейін бала біраз ширағаннан кейін, босанған адам денсаулығы жақсы болғаннан кейін баланы бесікке салады.
2 көрініс «Бесікке салу»
(Үй иелері тойға дайындалып, қонақтарды күтуде, қонақтар келеді)
- Сәлеметсіздер ме! Тойларың құтты болсын!
- Төрлетіңіз, шайға келіңіздер!
Айым.
- Ал, халайық, қазақ халқымыздың ата дәстүрі, ата бабамыздан келе жатқан дәстүр бесікке салу, балаға ат қою. Осы баланы бесікке салу жолын ауылымыздың құрметті де сыйлы әжесі – Зияда әжейге берейік.
- Айналайын, Айым, сыйына рахмет!
1. Таңдап әкеп тал терек,
Бесік идім сәнді, ереп.
Құс мамығы көрпешең,
Жұмсақ пе екен, бал бөбек?
Әлди, әлди, әлди – ай!
(жөргек киізін салу).
2. Әлди әлди алайын
Жаялығын жаяйын.
Түбегіңді жай қойып,
Шүмегіңді байқайын.
Әлди, әлди, әлди – ай!
(түбек, шүмек салу)
Баланы бесікке бөлейді.

1. Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем,
Қасындамын әрқашан
Ұйықтай қойшы, жан бөпем.
2. Ән салайын өзіңе
Құлақ салшы сөзіме.
Ер жетерсің әлдиім.
Көріне ел көзіне.
3. Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем,
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін.
3 көрініс «Балаға ат қою»
- Ал, ендігі балаға ат қою жолын, ат қоюдың құрметін ауылымыздың құрметті атасы Алмас атаға ұсынайық.
Алмас: Көп адам аттары, есімі – біздің халқымызда дүниенің төрт бұрышындағы халықтар мен аралас құралас, мәдени байланыста болғанымызды айтады екен. Сондықтан мен осы балаға парсы тілінен келген «Бақтияр» деген есімді қойғым келеді.
- Жақсы ат, Бақтияр болсын! Бақтияр – жолы болғыш, бақытты деген ұғымды білдіреді екен! Осы азамат, бақытты, жолы болғыш болсын демекпін!
- Бақтияр болсын!
- Сенің атың Бақтияр! Сенің атың Бақтияр! Сенің атың Бақтияр!
1. Алдын үлкен кісінің,
Кесіп өткен көлденең.
Әдеппенен кі нің
Жөніменен қол берем.
2. Ақыл сөзі санамда,
Жүрем әділ жолменен.
Үлкенднрден содан да,
Алып жүрмін көп алғыс.
Айым: Ал, құрметті ел таныған, елдің құрметіне бөленген Зияда әжей мен Алмас ақсақал. «орамал тон болмайды, жол болады» деген қазақ халқымыз. (сый ұсынады)
- Рахмет, жастарың ұзақ болсын!
- Қане, құрметті халайық, тойды жалғастырайық, дастарқанға отырыңыздар.
Оқушы: Бүгін отырыста біздің қуанышымызды бөлісіп, қуанышымызға ортақ болып, бірге күліп, ойнағандарыңызға рахмет. Мына аз ғана тойбастарды бөліп алыңыздар.
Оқушы: Құрметті қонақтар! Осымен «Өскенімді ел көрсін – игерем халық мұрасын!» атты «Бесікке салу» рәсімін осымен аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар.

Мақал мәтелдер:
1. Көктемеде жерге түскен бір дән,
Күздемеде мың дән болады.
2. Көктемнің бір күні
Қыстың мың күнін асырар.
3. Жаңбыр жауса, жер тоқ,
Егін ексе, ел тоқ.
Бұлақ ақса, көл тоқ,
Еңбек етсе, ер тоқ.
4. Ең тәтті де тіл,
Ең ащы да тіл.
Ең жұмсақ та тіл,
Ең қатты да тіл.
5. Тіл жетпейтін түкпір жоқ.
Тұлпар қайыра алмағанды тіл қайырады.
6. Қызыл тіл – жанның мияты,
Абырой – ердің қуаты.
7. Тілменен түйілген тіспенен ше лмес.
8. Білімдіге – дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
9. Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.
10. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
11. Оқысаң, озарсың,
Оқымасаң, тозарсың
12. Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
13. “Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл.”
14. Ер – елінде, гүл – жерінде.
5 309
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Наурыз келді алақай, Жер көгереді балақай!
Наурыз келді алақай, Жер көгереді балақай!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Жыл басы - Наурыз
Жыл басы - Наурыз
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа - жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы
Қош келдің – Наурыз!
Қош келдің – Наурыз!
Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілекті төгейін Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын
Қош келдің Наурызым!
Қош келдің Наурызым!
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі Қошимова Айгүл Сарсенбайқызы
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×