Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев "Қансонарда бүркітші шығады аңға"

20 қаңтар 2013, Жексенбі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев « Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Ұлы Абай атамыздың қалдырған асыл мұраны әр тәрбиеленушінің ой – санасына жеткізу, өлеңнің мағынасын терең меңгерту. Халқымыздың саясатшылық өнері туралы мағлұмат беру.
2. Тәрбиелік: Балаларға эстетикалық әрі экологиялық тәрбие беру. Құсбегілік өнеріне баулу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу, тыңдау мәдениетін, мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, баяндау, лекция, пікір алысу, тест, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, буктемелер, кеспе қағаздары, мақал - мәтелдер жазылған плакаттар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.
2. «Тарланым» өлеңін жаттау, талдау.
3. Метафора туралы түсінік.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
А. Құнанбаев « Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Абай ата қазағымның тірегі,
Халқымыздың соғып тұрған жүрегі.
Төгетұғын сәулесі мен шуағын,
Маңдайдағы жарқыраған күн еді.
Өтіп кеттің өмірден, қалды үнің,
Сен өлгенмен, мәңгі өлмес бар өлеңің,
Ұғындырған осынау жас қадірін,
Ұрпағыңа қалдырған өсиетің,
Танытқандай қазақтың қасиетін.
«Поэзия мен өнердің патшасы» деп
Ұрпағың тұр алдында бас иетін. – демекші қазақтың бас ақыны, асқан поэтикалық қуаттың иесі, халықтың мақтанышы Абай Құнанбайұлы туралы әңгіме болмақ. Абай – туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын. Абай қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан, қазақтың рухын жоғары көтерген дана қолбасшымыз болғандығы баршамызға мәлім. Сондықтан, Абайды ұлттық жазба әдебиетіміздің атасы деп танып білуіміз керек.

Сұрақ-жауап.
Мұғалім: Ал, балалар, менің сендерге қоятын мынадай сұрақтарым бар. Сұрақтарға ізденіп, жауап беруге тырысыңдар.
1) Абай аталарың қай жылы, қашан, қай жерде туды?
Жауабы: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге келген.
2) Ескіше туған жылы қалай аталады?
Жауабы: Туған жылы – жылан.
3) Абайдың шын аты кім?
Жауабы: Абайдың шын аты – Ибраһим.

4) Абайдың әкесінің, шешесінің, әжесінің аттарын атап бере отырып, жеті атасын айтып бере аласыңдар ма?
Жауабы: Әкесі Құнанбай, шешесі Ұлжан, әжесі Зере, руы тобықты. Абайдың жеті атасы: Айтек, Олжай, Айдос, Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай, Абай.

5) Абай қайда оқып, білім алды?
Жауабы: Абай он жасынан қырда мұсылманша оқыған, он үш жасында Семей қаласыдағы мұсылман медресесінде оқыған. Медреседе жүргізілетін дін сабағын оңай меңгеріп, көп кітап оқып, өз бетінше ізденген. Орыс тілін жақсы меңгерген. Жастайынан ел бастауға араласқан Абай қазақтың білгілері, шешендері, ақындары, жыршылармен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениетінен ерте сусындайды. Өзі де билер секілді шешен сөйлеуге үйренді. Жас күнінде оқи алмағанын арман етіп кейінгі ұрпаққа:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп өсиет қалдырды.

6) Абайдың қанша қара сөздері бар?
Жауабы: 45 қара сөздері бар.
7 ) «Абай жолы» роман – эпопеясын кім жазған?
Жауабы: «Абай жолы «романын жазған Мұхтар Әуезов.
Өлеңнің тақырыбы, өлеңі 1897 жылы ақынның жазғанын, көшіп - қонып жүрген ата - бабамыздың сүйікті кәсібінің бірі – тазы жүгіртіп, қыран құс салу екендігі, әрі аң-құстарды бей-берекет ауламағандығы туралы атап өтемін.

Электрондық оқулықты тыңдату
Абай (1845 - 1904)
Қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбаев туған әдебиетіне жаңа, өрлеу дәуірін әкелді. Ол ақын, дастаншы, аудармашы, сазгер, ғұлама - ойшыл, гуманист, ағартушы болды. Абай қазақтың көркем жазба әдебиетінің негізін салды, әдеби тілін құлпыртып, оны небір айшықты, бейнелі сөздермен байытты. Ақын тек қазақ емес, әлем әдебиетінің биігіндегі жеке дара тұлға болды. Абай поэзиясы – имандылық, терең адамгершілік, ойшылдыққа баулитын поэзия.

Ол «Адамды, Алланы, әділетті сүй» деп артына өсиет қалдырды. «Әкеңнің баласы емес, Адамның баласы бол», «Біріңді қазақ бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген қасиетті нақылдары қай заман, қай қоғамда, қай адамзатқа болмасын ортақ тағылым іспеттес.

Абай – өз заманының ірі тұлғасы Құнанбай Өскенбайұлының отбасында дүниеге келеді. Ертегішіл әжесі Зере мен байсалды, дана мінезді Ұлжанның тәрбиесін көреді. Семейдегі «Ахмет – Риза» медресесінде білім алады. Орыс тілін өз бетімен меңгеріп, сол арқылы әлем әдебиеті, өнері, ғылымы, пәлсапасына аяқ басады. Алған білімі, үлгі - өнегесін өз халқына тарата бастайды.
Абай – халықшыл, сыншыл, шыншыл ақын болды. Қазақ әдебиетіне сыншыл реализм бағытын алып келді.
Абай өзі араласып жүрген ортасын өзгертіп, түзеткісі келеді. елге пәле әкелуші емес, қоғамына пайдалы еңбек етерлік адамдар шығарғысы келеді... Жас буынды мәдениетке жеткізуді ойлайды. Соларды өзіне қосуға тырысады...
... Осының бәрін қауымына, замандастарына жеткізіп, мәлім етерлік құрал – ақындық, өлең болады.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ - барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, –

дейді Абай...
Қансонарда бүркітші шығады аңға
(Қысқартылып алынды)
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда.
Бүркітші тау басында, қағушы ойда.
Іздің бетін түзетіп аңдағанда,
Томағасын тартқанда бір қырымнан,
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
Төмен ұшсам, түлкі өрлеп құтылар деп,
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға.
Көре тұра қалады қашқан түлкі
Құтылмасын білген соң, құр қашқанға.
Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,
Ол да талас қылады шыбын жанға.
Қызық көрер көңілді болса аңшылар,
Шабар жерін қарамас жығылғанға.
Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі
О дағы осал жау емес, қыран паңға.
Сегіз найза қолында көз аудармай,
Батыр да аял қылмайды ертең таңға.
Қанат, құйрық суылдап, ысқырады,
Жарқ - жұрқ етіп екеуі айқасады,
Жеке батыр шыққандай қан майданға.
Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы,
Адам үшін батысып, қызыл қанға.
Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға...
Құсы да, иесі де қоразданар,
Алпыс екі айлалы түлкі алғанда.
«Үйірімен үш тоғыз» деп жымыңдап,
Жасы үлкені жанына байланғанда.
Таудан жиде тергендей ала берсең,
Бір жасайсың құмарың әр қанғанда.
Көкіректе жамандық еш ниет жоқ,
Аң болады кеңесің құс салғанда...
Ұқпассың үстірт қарап бұлғақтасаң,
Суретін көре алмассың, көп бақпасаң,
Көлеңкесі түседі көкейіңе
Әр сөзін бір ойланып, салмақтасаң...

Сөздікпен жұмыс.
1. Қансонар - жаңа жауған қардағы із.
2. Ғанибет - қызық, тамаша, көңіл көтеру.
3. Аңдағанда - түлкінің ізіне түсушілердің жүрісі.
4. Томаға - бүркіттің бас қабы.
5. Қырымнан - алыстан деген мағынада « Қақпан құрған - жамбастап алар.
Тазы жүгірткен – діңкәсі қатып алар, Бүркіт салған - қызыққа батып алар» осылайша оқып шығып мақалдың мағынасын ашамын. Саятшылық туралы мағлұмат беремін. Бүркіттің жасына тоқталамын. Бүркітті қалай бағып - қағу керектігі жөнінде түсінік беремін « Томаға», «Құя», түсінік беру.
Бүркіттің жасына қарай бөлінуі:
1. балапан
2. қантүбіт
3. тірнек
4. тастүлек
5. мұзбалақ
6. көктүбіт
7. қана
8. жаңа
9. майтүбіт
10. барқын
11. баршын
12. шөгел
13. кәрі бүркіт
Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға...
- Бұл қандай тәсіл?
Бұл шендестіру тәсілі кереғар екі затты немесе құбылысты қатар қоя отырып, келесі бір заттың, ұғымның, құбылыстың сипатын аңғартатын айшықтаудың бір түрі.

Өлеңді құрылысына қарай талдау.

Қан/со/нар/да // бүр/кіт/ші // шы/ға/ды аң/ға //
12 буынды қара өлең ұйқасы.
Өлең тармақтардан тұрады. 4 тармақ бір шумақ деп аталады. Тармақ - бунақтардан тұрады. Бунақты - буын құрайды. Әр тармақтың аяғындағы буындар үндестігінен ұйқас шығады.

Философ ақын композитор

жазушы классик
Абай кім?
аудармашы

Сазгер Дана
ұстаз қазақ жазба
қарасөз шебері. әдебиетінің негізін
қалаушы

Абай аудармаларын өз алдына бір тақырып бір сабақ етіп алсақ болады. Мысалы: Лермонтовтың 27 өлеңін аударыпты.
Абай – сазгер
- Балалар, Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?
- «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай»
Сабақтың insert стратегиясы бойынша бекіту. Осы тақырып бойынша не білетін еді, нені үйренді, білді, не жөнінде білгісі келеді.

Білемін Білдім
(мен үшін жаңа ақпарат) Білгім келеді.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Н. Назарбаевтың сөзімен бекіту « Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»- деген еді.
Ал Мұхтар Әуезов « Мен Абай тереңімен шөміштеп қана іштім» десе,
« Даналықты іздесең», Абайды оқы ерінбе деген сөз және бар. Демек білім кәрімен сусындағың келсе Абайды оқы, жас ұрпақ!
Біз тізерлеп жүріп күн кешкен халықпыз, әркімге жәутеңдеп бас иген де халықпыз. Енді біз тікемізден тік тұрдық, біздің тіземіз бүгілмеу үшін біз білімді болуымыз керек. Көк аспанда қыран құсына қалықтауымыз керек.

V. Үй тапсырмасын беру:
1. Оқулықтан 27 - 29 - беттерді оқу.
2. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің 3 шумағын жаттап келу.
3. Сөздіктерді жаттау.

VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
42 248
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Ата - бабамыздың сүйікті кәсібінің бірі – тазы жүгіртіп, қыран құс салу екендігі, әрі аң - құстарды бей - берекет ауламағандығы туралы айтады.
Абай Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
Абай Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
Ән мен күй жайындағы өлеңді оқи отырып, әннің, күйдің құдіреттілігін түсіндіру; Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге баулу арқылы поэзия, саз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру;
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Сабақтың ұраны: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе»
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сейтқасымова Т.
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абдуллина Баршагул Семгалиевна
Сәбит Мұқанов”Лашын” (Өмір мектебі романынан үзінді)
Сәбит Мұқанов”Лашын” (Өмір мектебі романынан үзінді)
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Қарақұм орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мекеева Гулназ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×