Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен сабақ жоспарлары

01 мам 2020, Жұма
Қазақ тілі
№ 1. Тақырыбы: Сөйлем және сөз
Мақсаты: Сөйлем және сөз туралы 1 - кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау. Сөздік қорларын дамыту Еліміздің рәміздерін қастерлеуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер.
Әдісі: Сұрақ - жауап, іздену
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық
ІІ. Мақсат қою кезеңі: өткенді еске түсіру, дыбыс және әріп, сөз және сөйлем
ІІІ. Оқулықпен жұмыс: Жаттығу, суреттермен жұмыс, оқу талдау.
Сөздік жұмыс жүргізу.
1 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап алу
. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Ата заңы қашан қабылданды?
2 - жаттығу. Қазақстан Республикасының Конституциясы - Ата Заңы қашан қабылданды? ( жатқа жаттап айту).
Жазбаша жұмыс: 3 - жаттығу. Өздігінен көшіріп, әр сөйлем неше сөзден тұратынын анықтап, қандай тыныс белгісі қойылғанын анықтау.
ІҮ. Бекіту.
а) 4 - жаттығу (ауызша) сөйлемді оқып, салыстыру.
ә) Сөз туралы не білеміз?
Суретке қарап сөйлем құрау.
Сөз бен сөйлемнің айырмашылығы.
б) Ойын «Кім тапқыр»
Ү. Үйге тапсырма: 6 - жаттығу
№ 2 Тақырыбы: Дыбыс және әріп (5 - 9 жаттығулар)
Мақсаты: Өткенді қайталай отырып, алған білімдерін еске түсіру, жаттығулар орындау, Танымдық қабілеттерін дамыту. Сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар
Әдісі: сұрақ - жауап, өзіндік
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 6 - жаттығу (суретке қарап әңгіме құру) неше сөйлем, қандай тыныс белгісі қойылғанын анықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ: Дыбыс, әріп дегеніміз не? Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар?( анықтап, дәлелдеу)
ІҮ. Оқулықпен жұмыс: 7 - жаттығу. Өлеңді жатқа көшіріп жазу./күз, түз / сөздерінің мағынасын түсіндіру.
8 - жаттығу.(әріптерді қою, сөйлем құру).
«Қарындаш, таяқша, өзекше» сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Ү. Қорыту. Дыбыс нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыстарды ата? Дауысты
дыбыс нешеге бөлінеді?
ҮІ. Үйге тапсырма: 9 - жаттығу. Бағалау
№ 3 Тақырыбы: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 10 - 14 жаттығу.
Мақсаты: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды еске түсіру, алфавит туралы қайталау. Ой - өрісін, сауатын қайталау. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру, өздік жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, алфавит
Сабақтың барысы: І.
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 9 – жаттығу.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Көркем жазу. Әә Әә Әә Әтеш.
Оқулықпен жұмыс: 1) (ауызша) 10 - жаттығу. Оқып, дауысты дыбыстарды табу, жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажырату.
Жазбаша жұмыс:
11 – жаттығу, мақалды жатқа жазу, Жуан дауыстылардың астын - бір, жіңішке дауыстылардың астын – екі рет сыз.
12 - жаттығу, суретке қарап сөйлем құрау.
( тиісті әріптерді қою, дыбыстық талдау жасау)
13 - жаттығуды сурет бойынша әңгіме құру, талдау, үйде өздігінен жазуға даярлау
ҮІІІ Үйге тапсырма: 13 жаттығу. Бағалау
№ 4. Тақырыбы: Буын және тасымал. 14 - 18 жаттығулар
Мақсаты: 1 - сыныпта өткен буын және тасымал туралы алған білімдерін қайталау, пысықтау Сауатты көркем жазуға баулу. Білімділікке тәрбиелеу.
Типі: қайталау.
Көрнекігілі: суреттер, кеспе қағаздар
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өзіндік,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Буын және тасымал
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 13 - жаттығу
ІІІ. Білімді тексеру: 1. Көркем жазу. Бб Бб Бб Балық, балық. 2. Балапан, от, жұмыс, доп сөздерін буынға бөлу.
2). 14 - жаттығу. Алфавит ретімен буынға бөліп жазу. Дауысты дыбысқа аяқталған буындардың астын сызу.
. Ши - е, бүл - дір - ген, өр - мек - ші, бүр - кіт, е - мен, ға - рыш, доп, хат, шар, ит, ән - ші, ки - ік, тас, үй, ұя. (Буынға бөлінбейтін сөздерді анықау, неліктен бөлінбейтінін дәлелдеу)
15 - жаттығу (өздік жұмыс. Жатқа жазу, бір буынды сөздерді табу. Көп буынды сөздерді буынға бөлу.)
ІҮ. Бекіту: Жаттығулар орындау. 1) ойын «кім жылдам?» (көп сөздер ойлап, оны тасымалдап жарысу).
2). 16 - жаттығу. Ауызша ребусты шешу, тасымалдау.
Ү. Үйге тапсырма: 16 - жаттығу «Тауық» туралы білетініңді жаз.
Бағалау
12 057
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнделікті сабақ жоспары (қазақ тілі 4 сынып)
Күнделікті сабақ жоспары (қазақ тілі 4 сынып)
Қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспарлары (Қазақ тілі 4 класс).
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың дара және күрделі түрлері туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен дара және күрделі сөйлем мүшелерін табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Калиева Есенгуль
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
№ 65 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Салтанат Карыбаевна
Сөйлем
Сөйлем
Сапарова Қаламқас Қадірқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Сөйлем
Сөйлем
Байқоңыр қаласы, А. Құнанбаев атындағы №5 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Асатуллаева Кунзипа Кудайбергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×