Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Расул Ғамзатов

30 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Расул Ғамзатов «Ана тілі»
1. Білімділіктің мақсаты: Ақын өмірінен мәлімет бере отырып, поэзиясының өміршеңдігін таныту; өлеңнің тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін ашу;
2. Дамытушылық: Жырлаған тақырыптарында үндесетін ерекшелігі бар қасиетін таныту, екі ақынның асқақ тұлғалары мен бай шығармашылықтарына қызығушылықтары мен сүйіспеншілігін ояту;
оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру;
3. Тәрбиелілік:Оқушыларды туған жерді, ана тілін сүюге деген сүйіспеншіліктерін өлең арқылы дәлелдей отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, баяндау, талдау салыстыру, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Көрнекілігі: Расул Ғамзатовтың суреті, шығармалары, компьютер.

I.Ұйымдастыру кезеңі. а)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә)Оқушы зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару.
«Өнер алды-қызыл тіл, »
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай, талмай үйрен біл,
Асылын сөздің өрнекте – дей отырып, сөз асылын, тіл тазалығын сезінетін кезекті әдебиет сабағын бастаймыз.
I.Қызығушылығын ояту.(ой қозғау)
Осы кезде класқа қонақ бала кіреді.
1.-Сәлеметсіздер ме? «Көрген жерде ауыл бар», - деп ауылдарыңа келіп қондық.
2. «Алыстан сәлем берді, әдепті елдің баласы»- дегендей өзің қандай әдепті бала едің? «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» демекші төрге шығыңыз, қонақ болыңыз.
«Өнер алды- қызыл тіл» деп сөзді қадірлеген өнегелі сөзді жаттап, сөзді серік еткен халықпыз ғой, мына отырған балаларға даналы ойдан нәр алатын «тіл туралы» ғибраттық сөз айта отырсаңыз.

1.-Әлбетте, дұрыс айтасың. Аталы сөзді ұғынып, жадыңда тоқып зерделей алу да – үлкен өнер ғой. Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды оймен, алғыр сөзбен сөйлей білу де адамның ең жоғары қасиеті болмақ.Сөзден құдіретті, сөзден өткір қару жоқ.Ұлы ақын Абай атамызда: «Өткірдің жүзі кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас» деп, өз ана тіліне таңырқап, сүйсініп, тағзым еткені белгілі.
Тілден құдіретті күш жоқ. Осы отырған балалар ішінде де жүйрік тілді ақында, көсем тілді шешен де , отырған болар.Мына өрендерге:
Ұсақ болма, ірі бол
Кім де болсаң әйтеуір,
Азаматтың бірі бол!- дегім келеді.
Міне балалар, зерделі сөзге құлақ сала тыңдасақ нақыл сөзден нені аңғардық.
Болжаңыз.
Сабаққа не қатысы бар?
Дәлелдеңіз (2 минут)

II.Мағынаны ашу.
Бір халықтың мақтанышына айналған азаматтың әр тұлғасынан үлгі-өнеге алар асыл қасиеттер көбірек табылған сайын, сол елдің мерейі өсе беретінен тарих талай рет дәлелдеді.Ердің күні елімен болса, елдің рухы-ерден.

Оқушылардың назарын Расул Ғамзатов ағамыздың өмірінен мазмұн беретін тірек сызбаға назар аударайық.
1923 жыл аралығында өмір сүрген
Дағыстанның халық ақыны
1643 жылы тұңғыш жинағы шығарылды.
1963ж Лениндік сыйлық берілді.

«Ана тілі» өлеңін мәнерлеп оқыттыру. Мәтінмен жұмыс.
«Түртіп алу стратегиясы» Өзіне таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеу.
Ассамблея -
Аварша -
Талдау:
Өлеңнің жалпы мазмұны не жайында?
Ақынның айтпақ ойы, ұсынар идеясы не? Тіл туралы кітаппен жұмыс. Сүйіспеншілікті үзіндіден тап.
III.«Ақыл рухына бас иеміз» Үйден Расул Ғамзатов туралы зерттеп, деректер жинап келу тапсырылған. Кәне, портфельдерді ашайық. Дағыстан елі туралы не білеміз?
5-6 минут.
Әр топқа тапсырма.
а) өлеңнен ақынның қандай бейнелі сөздерін байқадыңдар? I. Топ
ә) композициялық құрылысына талдау жасау. II топ

IV. Ұқсату және даралау.
Расул Ғамзатовтың шығармасындағы оймен үндес қай ақынды айта аламыз? М.Жұмабаев, Ә.Тәжібаев
Дағыстан ақыны суреттеген өз елінің ерекшелігі, әдет - әуенінде бізді елмен ұқсастыру бар ма? Екі ел ақындарының дариядай дана ойының түйіні неде?
Енді сендер екі ел ақындарын әңгімелеп болсақ, өзің қандай ой айтар едің?
Ой тегізейік: Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте (3 минут)
Бекіту. Ана тілі өлеңі арқылы жас ұрпаққа не айтқысы келді?Біз бүгінгі шығармадан қандай тәрбие алдық?

ТӘРБИЕ
Елін, жерін сүю
Намысшылдыққа
Имандылық
Ана тілін құрметтеу
Ана тілін мақтан тұту.

Бағалау.
Қорытындылау. «Менің Дағыстаным» шығармасынан үзінді оқылады.Экраннан көрсетіледі.
«Ана тілім! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім-сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері тірлігімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі. Ернім күбірлейді.Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді.Мен болаттың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем.Осының бәрі менің тілімде бар» - деп дағыстан ақыны тілін, елін тебірене сөз етеді.

Ақтөбе облысы,
Қобда ауданы, Бегалы ауылы,
Бегалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Избасова Салтанат Абатқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
56 223
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Р. Ғамзатов «Ана тілі» өлеңіндегі тіл мен ұлт тағдыры
Р. Ғамзатов «Ана тілі» өлеңіндегі тіл мен ұлт тағдыры
Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік - қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.
Абай Құнанбайұлы «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
Абай Құнанбайұлы «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
Абай өмірінен қысқаша мәлімет алады, «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін мәнерлеп оқиды мазмұнын түсінеді
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №3 Алға қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сисекенова Бибигуль Уразовна
Жамбыл шығармаларының негізгі тақырыбы
Жамбыл шығармаларының негізгі тақырыбы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Синонимдер
Синонимдер
Жангелдин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Индира Қонысбекқызы Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Синонимдер Сабақтың мақсаты: Білімділік - мәндес сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып анықтамасын оқушылардың өздері
Зейнолла Шүкіров шығармаларын сыныптан тыс оқыту
Зейнолла Шүкіров шығармаларын сыныптан тыс оқыту
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылы №94 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Альмаханова Патима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×