Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқшау сөздер, оның түрлері

17 ақпан 2012, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздер, оның түрлері
Мақсаты: 1. Оқшау сөздердің негізгі белгілеріне қарап түсінік беру, түрлерін ажырату, тыныс белгісіне тоқталу, сөйлем ішінде орналасу орнын анықтау, оқушының өзіне талдату жолымен өздігінен қорытынды шығарту, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізу, тақырыпты саналы меңгерту; 2. ауызша, жазбаша сөйлеуде қолдана білуге ұштау; 3. ой - өрісін, сөз байлығын дамыту.

Көрнекілік: кесте, топтастыру кестесі, интерактивті тақта.
Әдісі: талдау, жинақтау, ой дамыту жұмыс түрі
Пәнаралық байланыс: геометрия, әдебиет
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Жаңа сабақ
Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға сабақтың мақсатымен таныстырып өтемін. Оқушыларға сұрақ:
- «Оқшау» сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?
Егер оқушы сөз тіркесі, сөйлем, сөйлем мүшелерінен толық түсінігі болса, онда оқшау сөздің негізгі белгілерін тез игереді. Сабақты «Оқшау сөздер» сызба кестесімен түсіндіруді бастаймын.

Оқушыларға 5,7 – сыныпта қаратпа сөз бен одағай сөз туралы толық түсінік берілген. Сондықтан мысалдар айтқызып оқушылардың өздеріне талдатамын.
Қыстырма сөзге интерактивті тақта арқылы бірнеше мысалдар келтіріп түсінік беремін.

І деңгей. Оқулықпен жұмыс
67 – жаттығуды берілгені бойынша ауызша орындау.
68 – жаттығудан қаратпа сөздерді тауып, тыныс белгісін, орналасу орнын анықтау.

ІІ деңгей.
Уа Жиренше анау қаңбақ қайдан келеді, қайда барады екен?Пай – пай Көрінде өкіргір Қожекем – ай! Қатал едің жарықтық. Сізге бәлкім бұл таныс болмас. Сіздің халық – ақын халық менің ойымша. Жә көрген – білгеніңді тез айт! Біріншіден сөзде тұру керек.
(Оқшау сөздің астын сыз, тыныс белгісін қой,түріне ажырат)

ІІІ деңгей.
Тест жұмысын таратып, белгілі уақыттан кейін жауабын интерактивті тақтамен көрсетіп, тексерту.
1.Оқшау сөздердің негізгі қызметі не?
А) сөйлем мүшесі бола алады
В) сұраққа жауап береді
С) сөйлемге түрлі мағына береді

2. Қыстырма сөз деген не?
А) Тыңдаушының назарын аударады
В) Сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіреді
С) адамның көңіл – күйін білдіреді

3. - Тәйірі, сол да қиын ба? Одағай сөз қайсы?
А) қиын ба
В) сол да
С) тәйірі

4. Менің байқауымша, ол – сабырлы, ілтипатты адам. Сөйлемдегі қыстырма сөздің мағынасы қандай?
А) сенер – сенбестік
В) мойындау
С) ойдың кімнен шыққаны

5. Қаратпа сөз қатысқан сөйлем қайсы?
А) Сөйлей бер, ақ домбырам, күмбірлеген.
В) Бәсе, дұрыс айтасың.
С) Пай, пай, сенің Қызылбалағың құстың патшасы ғой!

6. Одағай сөздің неше түрі бар?
А) 5
В) 4
С) 3

7. Күннің суытатын сыңайы бар, сірә. Сөйлемдегі қыстырма сөздің орын тәртібін тап.
А) басында
В) соңында
С) ортасында

8. Зал ішінен алақайлаған сәбилердің даусы шықты.Одағай сөзден жасалған есімшені тап.
А) зал ішінен
В) алақайлаған
С) сәбилердің даусы

9. – Көзіңнен жақсы жанар көрдім, шырағым Абайжан! Сөз тіркесі бола алмайтын сөздер қайсы?
А) шырағым Абайжан
В) көзіңнен көрдім
С) жақсы жанар

10. Оқшау сөздердің тыныс белгісі қандай?
А) үтір
В) сызықша
С) қос нүкте

ІҮ деңгей
Код арқылы диктант алу. Мәтінді интерактивті тақта арқылы беремін.

1. Сіздіңше, теміржолға тіке тартқан дұрыс па? 2. – Бетіңнен тайма, қызым! 3. Дау жоқ, келісімді орындау керек. 4. Өрт болмағай еді, ойпырмай - ай! 5. – Мектепке қарауылшы керек деп едіңіз, аға, сол рас па? 6. – Шырағым, байқағайсың, құлап қалма. 7. Пәлі! Ақын ғой мынауың! – деді Қоржынбай. 8. Ал, Бәке, бұған не дейсіз?
(Әр сөйлемнен оқшау сөзді тауып, координат системасынан Х осіндегі орналасқан сөйлемдер арқылы У осіндегі оқшау сөздермен қиылысын нүкте арқылы белгілеп алып, әр нүкте арасын кесіндімен қосу керек.

Бекіту. (Ой дамыту жұмысы)
Кім әрі тапқыр, әрі ойлы, әрі жылдам?
1.Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузына түсті мұртың.
(қаратпа сөз)
2.Өзгелер басын изейді,
Әрине, - деп мақұлдап.
( қыстырма сөз)
3.Араздығы сөз болса,
«Бәрекелді! Батыр!» - деп,
Мақтап – мақтап қоздырар.
(одағай, қаратпа)
4.Өзгеге, көңілім, тоярсың
Өлеңді қайтіп қоярсың?
( қаратпа )
5. - Бұрынғыдан мұнысы қиын болды,
Ойбай, уәзір, ақыл тап, қайттік? – деді.
(одағай, қаратпа)
6. – Е, шырағым, жасым сексенге келгенде, біреудің қанын жүктеп не қылайын?
( Мадан ханның шешесінің сөзі, одағай, қаратпа )
7. – Апырмай – ай , менің наубайдың баласы екенімді қайдан білдің?
( Мадан ханның сөзі, одағай)
8. – Сөйлестім, тақсыр! Өзімді сөгіп салды, - деп жауап берді.
( Жиреншенің сөзі, қаратпа )
9. Махамбеттің қандай өлеңі қаратпа сөзбен басталады?
( «Қызғыш құс» )
10. Ы. Алтынсариннің қай өлеңінде қаратпа сөз бар?
( «Кел, балалар, оқылық!»)
Бағалау.
Үйге. Оқыған шығармаларының ішінен оқшау сөздерге бірнеше сөйлем жазып
келу.
24 365
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқшау сөздер
Оқшау сөздер
Оқшау сөздің түрлері қаратпа, қыстырма, одағай сөздер туралы жан - жақты мағлұмат беру, жай сөйлемдерге оқшау сөздерді қосып қолдана білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру;
Оқшау сөздер, оның түрлері
Оқшау сөздер, оның түрлері
Оқшау сөздердің негізгі белгілеріне қарап түсінік беру, түрлерін ажырату, тыныс белгісіне тоқталу, сөйлем ішінде орналасу орнын анықтау, оқушының өзіне талдату жолымен өздігінен қорытынды шығарту, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізу, тақырыпты
Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер
Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер
Оқшау сөздер, олардың түрлерін түсіндіре отырып, қаратпа және қыстырма сөздерді сөйлемнен ажыратуға үйрету; Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге
Оқшау сөздер
Оқшау сөздер
Оқушылардың сөйлем ішінен оқшау сөз түрлерін тауып, ажырата білуге үйрету;
Оқшау сөздер
Оқшау сөздер
Оқушыларды сөйлем ішінен оқшау сөз түрлерін тауып, ажырата білуге үйрету; Теориялық білімді практика жүзінде баяндауға дағдыландыру.
Оқшау сөздерді қайталау
Оқшау сөздерді қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Шаховское селосы, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Рияпова Толқын Алпысбайқызы Бұл сабақ 8-сыныпта оқшау сөздерді толық талдап шығуға арналаған. Оқшау сөздерді сөйлем ішінде оңай тауып алуға, қандай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×