Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нәтиже сабақ. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

10 ақпан 2013, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды бөлім. Нәтиже сабақ. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Модуль бойынша алған білімдерін қорытындылап, пысықтау, білім сапасын анықтау. Сауатты жазу, сұрақтарға дұрыс жауап бере білуді үйрету
Дамытушылық: Алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, тазалыққа, ұқыптылыққа баулу. Қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Өтілген материалдарды пысықтау, бекіту.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу. 2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін сұрау.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау. 4. Тіл дамыту сәтін өткізу.
ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру, жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. 2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау. 3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау. 4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
ІІІ. Сабақты қалыптастыру:
Нәтиже сабақ.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

1 – тапсырма Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
І нұсқа

1. Сөйлемді аяқта.
Ана тілін ұмыту –
а) тарихын білу
ә) тарихын ұмыту
б) тарихын меңгеру
2. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы екінші рет қашан қабылданды?
а) 1989 жылы 22 қыркүйекте
ә) 1995 жылы 30 тамызда
б) 1997 жылы 11 - шілдеде
3. Орфографиялық сөздікте не көрсетіледі?
а) сөздердің дұрыс жазылуы
ә) сөздердің дұрыс оқылуы
б) сөздердің мағынасы
4. Берілген мақал – мәтелдер қай тақырыпқа жатады?
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Ел іші - алтын бесік.
а) Өнер - білім
ә) Отан
б) Еңбек
5. Шешендік сөздер неге байланысты туған?
а) тойларға
ә) жиындарға
б) дауларға
6. Айтыс қалай айтылады?
а) қолма – қол суырып салып
ә) жаттап
б) оқылып
7. ҚР рәміздерін көрсет.
а) теңге, Астана, Ата заң
ә) ту, елтаңба, әнұран
б) шаңырақ, қыран құс
8. Мақал – мәтелді толықтыр
... сүю отбасынан басталады.
а) Отанды
ә) Халықты
б) Елді
9. Негізгі етістікті көрсет.
а) баста
ә) сана
б) бар
10. Туда не бейнелеген?
а) күн, қыран құс, ою
ә) шаңырақ, тұлпарлар
б) аспан, жұлдыз
11. Елтаңбада не бейнеленген?
а) шаңырақ
ә) күн
б) аспан
12. 1 – мамыр қандай күн?
а) Республика күні
ә) Бірлік күні
б) Жеңіс күні
13. «Қой аузынан шөп алмас» тұрақты тіркестің мағынасын тап.
а) лезде
ә) жақын
б) жуас
14. Күрделі етістікті көрсет.
а) бара жатыр
ә) тұр
б) бастады
15. Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов қай рәміздің авторлары?
а) ту
ә) әнұран
б) елтаңба
2 – тапсырма. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деген тақырыпқа эссе жазыңдар.
3 – тапсырма. Әжесі деген сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.
Нәтиже сабақ.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

ІІ нұсқа

1 – тапсырма Тест сұрақтарына жауап беріңдер
1. Мақалды аяқта.
Өнер алды –
а) жасыл тіл
ә) ақ тіл
б) қызыл тіл
2. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы бірінші рет қашан қабылданды?
а) 1989 жылы 22 қыркүйекте
ә) 1995 жылы 30 тамызда
б) 1997 жылы 11 - шілдеде
3. Орфоэпиялық сөздікте не көрсетіледі?
а) сөздердің дұрыс жазылуы
ә) сөздердің дұрыс оқылуы
б) сөздердің мағынасы
4. Берілген мақал – мәтелдер қай тақырыпқа жатады?
Батыр туса - ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Ерлік білекте емес, жүректе.
а) Өнер - білім
ә) Отан
б) Батырлық
5. Дауларға байланысты не туған?
а) шешендік сөздер
ә) айтыс
б) мақал – мәтел
6. Айтыс қай жерлерде айтылады?
а) мәжілісте
ә) жиналыста
б) жиын - тойларда
7. Ту, елтаңба, әнұран
а) мемлекеттік тіл
ә) мемлекеттік рәміздер
б) мемлекеттік валюта
8. Мақал – мәтелді толықтыр
Отанды сүю... басталады.
а) отбасынан
ә) мектептен
б) балабақшадан
9. Туынды етістікті көрсет.
а) кел
ә) сана
б) бар
10. Тудың авторы кім?
а) Ш. Қалдаяқов
ә) Ж. Мәлібеков
б) Ш. Ниязбеков
11. Елтаңбада не бейнеленген?
а) жұлдыз
ә) күн
б) аспан
12. 9 – мамыр қандай күн?
а) Республика күні
ә) Бірлік күні
б) Жеңіс күні
13. «Жұмған аузын ашпау» тұрақты тіркестің мағынасын тап.
а) үндемеу
ә) жақын
б) жуас
14. Дара етістікті көрсет.
а) бара жатыр
ә) тұр
б) жазып отыр
15. Қыран құс қай рәмізде бейнеленген?
а) ту
ә) әнұран
б) елтаңба
2 – тапсырма «Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі» деген тақырыпқа эссе жазыңдар.
3 - тапсырма
Меңгеру сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.


КІЛТІ
І НҰСҚА
1 Ә, 2 Б, 3 А, 4 Ә, 5 Б, 6 А, 7 Ә, 8 А, 9 Б, 10 А, 11 А, 12 Ә, 13 Б, 14 А, 15 Ә
ІІ НҰСҚА
1 Б, 2 А, 3 Ә, 4 Б, 5 А, 6 Б, 7 Ә, 8 А, 9 Ә, 10 Б, 11 А, 12 Б, 13 А, 14 Ә, 15 А
34 008
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Оқышы дана Абайды. С. Тойлыбаев
Оқышы дана Абайды. С. Тойлыбаев
азақтың ұлы ақыны, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы – Абай Құнанбаев, оның өмірі, шығармашылығы, атап айтқанда өлеңдеріне, поэмаларына, қара сөздеріне, оның көркем жазбаларына талдау жасай
Ұзындық және оның өлшем бірліктері
Ұзындық және оның өлшем бірліктері
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгіт ауылы, Төлеңгіт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тюлекова Раушан Андрейқызы
Нәтиже сабақ. ІІ модуль (10-сынып)
Нәтиже сабақ. ІІ модуль (10-сынып)
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сембаева Асель Сериковна
Қалаға саяхат (5 сынып)
Қалаға саяхат (5 сынып)
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сембаева Асель Сериковна
Жабайы аңдар (6 сынып)
Жабайы аңдар (6 сынып)
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сембаева Асель Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×